Кафедра: қаржы және құқық 5B030100 – «Құқықтану»


– Сұрақ. Қылмыстық процесс функцияларының түсінігі мен



Pdf көрінісі
бет6/55
Дата16.10.2023
өлшемі1,2 Mb.
#116299
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
imashev kylmystyk

 
3 – Сұрақ. Қылмыстық процесс функцияларының түсінігі мен 
маңызы, қатынасы, кепілдігі,нысаны.
Қылмыстық процесс функциялары ретінде, іс жүргізулік әрекеттің 
негізгі түрлері мен бағыттарын түсіну керек, яғни ол іске өз мүдделерін 
қорғаушы басқа тұлғаларды тартатын іс бойынша өндірісті жүргізуші 
құзыретті органдардың іс әрекетінің нәтижесінде жеткен арнайы және 



жекеше мақсаттары мен міндеттеріне байланысты, қылмыстық іс жүргізуде 
саралануы мүмкін. 
Процесс функциясы екі жақты сипатқа ие: бір жағынан ол, қылмыстық 
іс жүргізуге қатынасты тұтастай алғанда, жекешеше түсінік, ал екінші 
жағынан ол бөлек іс жүргізуші институттарға, әрекеттермен шешімдерге 
қатынасты жалпы түсінік болып табылады. 
Қылмыстық қудалау функциясы 
Отандық құқықта қылмыстық қудалау функциясы Конституция 
деңгейінде тұңғыш рет орнықтырылып, оның 83-бабында прокуратура, 
заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шек-те қылмыстық ізге түсуді 
жүзеге асырады деп белгіленген. Заңға сәйкес қылмыстық қудалау (айыптау) 
— "қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, 
сонғысының қылмыс жасаудағы кінәлілігін анықтау мақсатында, сондай-ақ
мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ыкпал ету 
шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптаушы тарап жүзеге 
асыратын іс жүргізу қызметі" деп түсіну қажет (ҚПК 7-бабының 22-тармағы). 
Қылмыстық 
қудалау 
органдары 
— 
"прокурор 
(мемлекеттік 
айыптаушы), тергеуші, анықтау органы, анықтаушы" (ҚПК 7-бабының 23-
тармағы). Сот осы органдар қатарына кірмейді. Прокурор сотқа дейінгі 
кезеңдерде, сондай-ақ сотта қылмыстық ізге түсу функциясын жүзеге 
асырады. 
Қылмыстык іс жүргізу заңыңда қылмыстық ізге түсудін үш нысаны 
көзделген: 
— қылмыстық қудалауды жекеше түрде жүзеге асыру (ҚПК 32-бап); 
— қылмыстық қудалауды жекеше-жариялы түрде жүзеге асыру (ҚПК 32-
бап); 
—қылмыстық жариялы қудалауды түрде жүзеге асыру (ҚПК 32-бабының 6-
бөлігі). 
Нысандарға бөлу жасалған кылмыстың сипаты мен ауырлығының 
белгілеріне негізделген (ҚПК-нің 32-бабының 1-бөлігі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет