Утопия деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Томас Мор утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист рационалисті



Дата13.04.2023
өлшемі15,25 Kb.
#82308
түріУтопия
Байланысты:
Сарыбаева Ақнұр 12 апта философия


Қайта өрлеу дәуіріндегі утопиялық теория: Т.Мор және Т.Кампанелла. Н.Макиавеллидің әлеуметтік-саяси теориясы. 
Қайта өрлеу дәуірі философиясы орта ғасыр теоцентризмімен жаңа дәуірдің ғылыми-философиялық ойларын байланыстыратын түйін болып табылады. 


  • Утопия деген терминді мінсіз қоғамды білдіру үшін тұңғыш рет Томас Мор қолданды. Томас Мор утопиялық социализмнің негізін салушылардың бірі. Қайта өрлеу дәуірінің гуманист – рационалисті. Басты шығармасы – «Золотая книга, столь же полезная, как забавная, о наилучшем устройстве государства и о новом острове Утопии» (1516). Ол тұңғыш рет өндірісті қоғамдастыру идеясын дәйекті түрде дәлелдеп, оны еңбекті ұйымдастырудың коммунистік идеялармен байланыстырды. Бостандыққа негізделген қиядағы Утопия мемлекетінің шаруашылық ұясы – отбасы, қолөнер өндірісіне негізделген. 


  • Томмазо Кампанелла - утопиялық қоғам авторы. Негізгі шығармасы – «Күн қаласы». Барлық оқиғалар фантастикалық Күн қаласында болмақ, қала тұрғындары идеалды қоғам орнатады және олар әлеуметтік әділеттілікті негізге ала отырып, өз өмірлерімен және еңбектерімен рахаттанбақ. 


  • Қайта Өрлеу дәуірінің әлеуметтік философы мемлекеттің теократиялық концепциясының негіздеушісі Никколо Макиавелли болды. Макиавеллидің саясат саласындағы ең басты еңбегі - «Патша» шығармасы мемлекет басындағы адамдардың ел билеуде басшылыққа алуына арналған әртүрлі кеңестер мен ұсыныстар және қағидалар берілген туында болып табылады. Макиавелли елді біріктіру мен билік мақсатына жету үшін барлық амал-айланы қолдануға, яғни қол астындағыларды алдауға, өтірік айтуға, уәдені аяққа басуға, зұлымдыққа баруға адамдарды қырып-жоюға, қатал тәртіп пен күш қолдануға және опасыздық жасауға да болады деп үйретті. 




Макиавеллидің айтуынша, халықты өзін толық бағынышты етудің екі жолы бар. Оның біріншісі - халықтың билеушіге деген сүйіспеншілігі, екіншіден - оның алдында қорқынышта болу. 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет