Тіндердің, жасушалардың, мүшелердің өлген немесе жойылған бөліктерін қалпына келтіре алу қабілеті регенерация деп аталады. Регенерация тіннің құрылымдық-қызметтік құралуын белгілі бір деңгейде сақтауға бағытталған. Регенерацияның физиологиялық және репаративтік түрлерін ажыратады. Тіндердің қалпына келу қабілеті оның құрамында камбиальдық элементтердің болуына байланысты. Камбиальдық емес тіндер тек жасушаішілік деңгейде ғана қалпына келе алады. Камбиальдық тіндерде жасушалық және жасушаішілік қалпына келу әдістері бірдей өте алады. Белгілі патолог-ғалым Д.С. Саркисов тіндердің қалпына келуінің түріне орай келесі жіктеуді ұсынды