Кафедра: Филология,журналистика және туризм


-дәріс. Алғашқы қазақ баспасөзінде орын тепкен термин сөздер



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата29.01.2017
өлшемі354,56 Kb.
#2971
1   2   3

10-дәріс. Алғашқы қазақ баспасөзінде орын тепкен термин сөздер. 

   ХХ ғасырдың бас кезі қазақ елі үшін рухани оянуға жетелеген сәт еді.Осы кезеңде 

болған алуан түрлі әлеуметтік, саяси өзгерістер қоғамдық өмірге де көптеген жаңалық 


әкелді. Халықтың сана сезімі оянып, арта түсумен байланысты баспа ісі де ілгері де 

дамыды. Ол процесс қазақтың баспасөз тарихынан анық анғарылады. Төңкеріске дейінгі 

аз уақыттың ішінде  көптеген газет – журналдар жарық көрді. ХІХ ғасырда 30 жылдай 

мерзім ішінде шығып келген газеттермен салыстырғанда, бұл мерзім ішінде жарық көрген 

газет – журналдар саны жағынан болсын, сапасы жағынан болсын, өз беттерінде көтерген 

мәселелердің шеңбері мен тереңдігі жағынан болсын көш ілгері еді. 



Әдебиеттер . 

Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997. 

Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998. 

Жұбанов Қ Қазақ тілі бойынша  зерттеулер.А,1966 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

 

11-дәріс. Терминжасам жолдары мен тәсілдері .  

  Семантикалық немесе лексика - семантикалық тәсіл. Яғни жалпы әдеби тіл құрамындағы 

байырғы сөздерді, диалектизмдерді терминдік мәнде қолдану, немесе бір саладан екінші 

салаға термин көшіру, нақты айтсақ, терминдендіру. Бұлар кейде сөздердің мағынасын 

кеңейту арқылы да, тарылту арқылы да жасала береді. 

  Морфология  тәсіл. Мұның екеуін екеуін екі бөлек тәсіл етіп қарастыруға да болады. 

Өйткені бұл екеуі де  терминжасам құралдары осылайша бөліп қарауға татиды. Мысалы, 

морфологиялық тәсілдің терминжасамға қатыстырылатын басты құралы – қосымшалар. 

Олар: -ма, -ме,- шы,-ші,-лық, -лік, -кер, -гер, -ым, -ім, -ыс, -іс т.б.  

  Синтаксистік тәсіл. Сөздерді біріктіру, тіркестіру амалдары арқылы жасалатын бұл тәсіл 

қазақтың байырғы сөздеріне ғана емес, кірме сөздер мен кірме терминдер (ист, изм) де 

енеді. 


  Калькалау тәсілі. Терминжасам процесінде айрықша рөлі бар бұл тәсіл арқылы тілімізде 

неше алуан жаңа қолданыс, мағыналық топтар, сөз жарату дағдысы пайда болды. 



Әдебиеттер

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

Байтұрсынов А Тіл тағлымы.А,1992 

Аханов К Тіл білімі негіздері.А.1973 

Кеңесбаев І. Қазақ тіл білімі туралы зерттеулері. А,1987 

Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың  өзекті мәселелері.а,1998. 

 

12-дәріс.Айқап журналындағы  терминдік мәндегі қолданыстар

   «Айқап» журналы қазақтың жаба әдеби тілін, он жақсы дәстүрлерін әрі қарай дамытуда, 

жалпыхалықтық тілі кейбір стильдік тармақтарын қалыптастыруда, он терминологиялық 

лексикасын жасауда орасан зор қызмет атқарды. Публицтика тіліне тән көптеген термин 

сөздер мен терминдердің, грамматикалық единицалардың тұрақталуына осы кезеңдегі 

баспасөз тілінің әсері зор болды. «Айқап» журналының беттерінде жаңа сөз жасаудың 

көптеген тәсілі пайдаланылып отырады. Соның бірі -  ежелден қолданылып келе жатқан 

сөздерді жаңа мағынада,иә үстеме мағына, мағыналық реңк қосып жұмсау. Бұлардың 



қолдарын қойдырған соң, өзлары жазу білген (грамотный) үшадам қол қойуы тиіс. Бұл үш 

адамды гуалар (свидетели) деп атайды. 

  «Айқап» тілінде сөз жасау процесінде осындай байырғы қосымшалармен бірге араб, иран 

тілдерінен ауысқан формаларды қолдану да жиі кездесіп отырады. 



Әдебиеттер . 

Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997. 

Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998. 


Жұбанов Қ. Қазақ тілі бойынша  зерттеулер.А,1966 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 



 

13-дәріс. Жазу және терминологиялық  лексиканың жүйеленуі. 

Араб алфавитіне негізделген жазу және терминжасау мәселесі. 

Латын алфавитіне негізделген жазу және терминжасау мәселесі 

Орыс графикасына негізделген қазіргі жазу және  термин реттеу мәселесі.  

  Терминдік жүйе синтаксистік жазуы жолға қойылған, орфографиялық нормалары 

қалыптасқан тілдердің өскелең дәуіріне тән құбылыс. Шынында, жазуы жасалмаған тілдің 

терминологиялық жүйесі жетілмейді. Қай тілдің тарихын алсаңыз да осыны 

дәлелдейді.Өзіндік қалыптасу, даму кезеңдерімен ерекшеленетін қазақ тілінің тарихынан 

да біз осындай процесті аңғарамыз.Ендеше, терминология мәселесін түбегейлі 

қарастырмас бұрын, әуелі қазақ жазуының қалыптасу тарихын барлап алған жөн. 

  Қоғам өмірінде жазудың алатын орны ерекше екен. Әлеумет тіршілігіндегі барлық өрлеу, 

өсу, ілгерлеу,сайып келгенде, жазу өнерімен ұштасып жатады. Ал жазуы жоқ ел -  жарығы 

жоқ үй тәрізді. Қараңғылықтың қасіретін сан ғасыр тартқан талай ұлт, талай ел жайы 

тарихтан мәлім.Қазақ халқында бұрын қара таныған хан көтеріп, кие тұтып, 

қастерлеген.Осының өзінен халықтың сауаттылықты ауадай аңсап күткенін көреміз. Ал 

сауаттылық өлшемі – жазу. Жазу – тіл дамуының және тілді пайдалнушы адамдар 

қауымының саналы әрекетінің нәтижесі. Тілдің заңдылықтары менерекшеліктері жазу 

арқылы таңбаланады. Ендеше, тіл болмаған жерде, жазу болмайды.  



Әдебиеттер

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

 

14-дәріс. Терминжасамдағы аударманың орны 

Аударма ғылымы және оның қалыптасуы. 

Аударманың түрлері мен тәсілдері  

   Әлемде  әр алуан тіл, әр алуан ұлт өмір сүріп отырған бүгінгі жағдайда аударма 

мәселесінің қажетті іске айналуы заңды. 

   Аударма болғанда, адамзат қауымының алдымен назарға ілгені -  халықтың рухани жан 

дүниесінің нәрленуіне айрықша әсері бар көркем дүниелер. Оны аударудың жолдары, 

принциптері, амал, тәсілдері әрдайым әңгімеге объект болып отырған. Кезеңіне, дәуіріне 

лайықты өрбіген пікір таласы – аударма ғылымы дейтін саланы қалыптастыра бастады. 

   Аударма пайда болғалы ол жайында ғылыми ой – пікірдің де қанаттаса өрби түскені 

мәлім. Қай халықтың тарихын қарасаңыз да аударма жайында жинақталған тәжірибе, 

тұрақтанған пайым – түсінік бар. Аударма практикасымен шұғылданған жұрт, оның ішкі 

сырына үңіліп, өзіне лайықты заңдылықтарын да ашып беруге тырысқан. Сондай жоба – 

жүйе бірден бірге ұласып, аударма проблемасының ереже – қағидасы жасалды. Ол осылай 

ғылыми пәнге айналды. 



Әдебиеттер . 

Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997. 

Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998. 

Жұбанов Ққазақ тілі бойынша  зерттеулер.А,1966 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 



Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

 

15-дәріс. Лексиканың терминденуі 



Аймақтық лексиканың терминденуі . Жалпы қолданыстағы  сөздердің терминденуі 

Термин  –  ғылыми  ұғымға  айқын  анықтама  беретін  оның  мағыналық  шегін  дәл 

көрсететін сөздер. Әр ғылымға аса қажетті басты ұғымдарды негізгі ұғымдар жүйесін дәл 

анықтап беретін сөздерді қалыптасқан терминдерді орнымен қолданудың үлкен танымдық 

мәні  бар.  Әдетте  тілдегі  қандай  сөз  болсын  көп  мағыналық  болып  келеді  де,  оның 

мағыналық шегі айқын болмай, жанамалы болады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін 

сөздің мағынасы тұрақты, айқын болуы қажет. Сондықтан термин сөздің мағыналық тегін 

дәл белгілеп, сөздің сол нақты бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалу керек. 

    Терминдер белгілі бір кәсіппен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да, сол 

саланың  мамандарының  арасында  ғана  қолданылады.  Алайда  терминдер  сол  өзі  пайда 

болған  салада  тұрақтанып,  өзгерместей  қатып  қалатын  категория  емес.  Тіл  дамуына 

байланысты қасиет оған да тән. Бір ғылым саласының әжетіне жараған термин екінші бір 

ғылым  саласының  да  мұқтажын  өтеуі  мүмкін.  Тіпті  керек  десеңіз,  бір  кезде  шектеулі 

шеңберде  ғана  болған  терминдердің  жалпы  әдеби  тіл  сөздігінің  құрамынан  орын  алып 

жататын  да  кезі  жоқ  емес.  Бірақ  ол  қай  ғылымның  саласында  да  тек  терминдік  сапада 

жұмсалуы  тиіс.  Ең  негізгі  шарт  осы.  Терминнің  негізгі  ерекшелігі  –  ол  белгілі  ғылым 

саласындағы  қалыптасқан  нақтылы  ұғымды  өзінің  шегінен  әрі-  бері  асырмай  дәл 

танытады.  Әдетте,  сөз  әр  орайда  әр  қилы  мағына  берер  болса  терминде  тұрақты  бір 

мағыналық  басым  болады.  Мұның  өзі  айтылған  ойды  дәлелдеп  жеткізу  үшін  аса  қажет.  

Терминдер  толық  мәнінде  сапалы  болуы  үшін  ол,  мағынасы  мейлінше  нақты,  айқын 

болуы  шарт  және  ғылыми  терминология  құрылымындағы  басқа  ұғымдармен  тығыз 

байланысты,  қолдануға  ыңғайлы  болуы  керек.  Терминдер  белгілі  бір  ғылыми  пәннің 

аясында қалыптасып нақты мағына алған, сол пәннің өзіне тән ұғымын білдіретін сөздер. 

Сонымен бірге, қомақты, күрделі ғылыми ұғымдар да немесе жекелеген атау сөздерде де 

терминге жатқызылады. 

Әдебиеттер . 

Айтбаев Ө . Қазақ сөзі.А,1997. 

Ә.Қайдар. Қазақ тілінің өзекті мәселелері.А,1998. 

Жұбанов Ққазақ тілі бойынша  зерттеулер.А,1966 

Қайдаров Ә.Т. Қазақ терминологиясына жаңаша көзқарас.А.1993 

Айтбаев Ө.Қазақ терминологиясының даму мен қалыптасуы.А.1988 

Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері.А.2000 

 

 



Эмтиханға дайындалуға арналған сұрақтар 

 

1.Терминологиялық лексиканы зерттеуде және оның қоғам үшін мәнін, маңызын 

анықтаудағы шетел және қазақ тілші ғалымдардың пікірлері. 

2.ХХ ғасырдың 1910-1930 жылдар аралығы. 

3.Орыс және орыс тілі арқылы енген интерноционалдық терминдерге мысал келтіріңіз. 

4.Терминологияның  зерттелу тарихы мен терминжасамның тарихи даму кезеңдері. 

5.ХХ ғасырдың 1930-1950 жылдар аралығы. 

6.Орыс және орыс тілі арқылы енген интерноционалдық терминдерге мысал келтіріңіз. 

7.Терминжасамның қазіргі кездегі өзекті мәселеле. 

8.Тарихи даму кезеңдері. 

9.Алғашқы газет, журналдардағы термин сөздерге мысал келтіріңіз.. Тіл біліміндегі 

лингвистикалық терминологияның алатын орны. 

10.ХХ ғасырдың 1980-2000 жылдар аралығы. 

11.Н. Қаратышқановтың «Пән сөздері» терминологиялық сөздігінен мысал келтіріңіз. 



12.Қазақ лингвистикалық терминологиясын қалыптастыру тұлғалар. 

13.Термин сөздердің жасалу жолындағы айырмашылықтар. 

14.Семантикалық тәсіл арқыл1. Х. Досмұхамедұлының ғылыми терминология мәселесіне 

қатысты ой-пікірлері. 

15.Семантикалық тәсіл арқылы жасалған лингвистикалық терминдер. 

16.Калькалау тәсілі арқылы жасалған терминдерге мысал келтіріңіз. 

17.Терминологияның қазақ тілінің сөз байлығымен байланысы. 

18. Қазіргіғылыми- техникалық прогресс нәтижелерінің, әсіресе информациялық 

технологияның дәуірлеп тұрған заманда жаңа терминдердің жүйеленуі, саралануы, бірізге 

түсуі. 


19.Көнерген сөздердің терминденуіне мысал келтіріңіз 

20.«Терминдену» термині туралы түсінік. 

21.Қоғамдық ғылымдар, оның ішінде филология, педагогика, психология тәрізді 

ғылымдарға қатысты терминдердің қалыптасу тарихы. 

22.А. Байтұсынұлының тіл біліміне енгізген  терминдерінен мысал келтіріңіз. 

23.Қазақ тілі лексикасының терминдену ерекшеліктері мен өзгешеліктері. 

24.Араб-парсыдан енген терминдік атаулар. 

25.Халықаралық жағдай (международное положение), ғылыми-зерттеу жұмысы(научно-

исследовательская работа),халықтық бақылау тобы(группа народного контроля) 

келтірілген мысалдар терминдердің қай түріне жатады. 

26.А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» атты еңбегіне енгізген терминдер. 

27.Синтаксистік тәсіл арқылы жасалған терминдер. 

28.Қазақ Автономиялы Республикасы Халық Комиссарлар Кеңесінің  

нешінші қаулысымен, қай жылы Мемлекеттік терминология комиссиясы құрылды, 

тұңғыш төрағасы кім? 

29.Орыс және орыс тілі арқылы енген интерноционалдық терминдер. 

30.Термин қызметіндегі термин сөздер. 

31.Мағыналық калька қатарына мысал келтіңіз. 



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет