Кафедра «Химиялық технология және экология» 6В05201 «Экология» есеп



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата28.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#53145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
2.3 Шығыс Қазақстан жануарлары 
Шығыс Қазақстан облысының жануарлар дүниесі өте бай.
Мұнда табиғатының әр түрлі болуына байланысты таулық жануарлармен бірге 
қарағайлы ормандар, далалар және шөлейт жануарлары көп тараған. Алтай мен 
Сауырдың және Ертіс маңы ормандарында тиін, ақтышқан, кәмшат сияқты қымбат 
елтірілі аңдардың және құстардың кәсіпшілік маңызы бар. Алакөл мен Зайсан 
қазаншұңқырларының су қоймаларында ондатра жақсы жерсіндірілген.
Ертіс пен оның салаларында, Марқакөл, Зайсан және Алакөлде, Ертіс 
бойындағы Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі бөгендерінде балықтың көптеген түрлері, 
оның ішінде стерлядь, таймень, хариус сияқты бағалы балықтар көптеп кездеседі. 
Олардың негізінде балық аулау мен балық өңдеу кәсіпшілігі ұйымдастырылған. 
Шығыс Қазақстан облысындағы Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына
енгізілген жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің 
тізімі: 
Сүтқоректілер 
1. Жоңғар сальпинготусы 7. Тас сусары 
2. Жалман 8. Шұбар күзен 
3. Роборовский атжалманы 9. Түркістан сілеусіні 
4. Сары алақоржын 10. Қазақстан арқары 
5. Қызыл қасқыр 11. Алтай арқары 


16 
6. Сабаншы
Құстар 
Қызғылт бірқазан, жекдуадақ,жұртшы, бұйра бірқазан, тарғақ, ақсұңқар, жалбағай, 
қалбағай, кіші шалшықшы құс, ителгі, қара дегелек, сүйір тұмсықты шалшықшы 
құс,лашын жіне тағы да басқалары. 
БАУЫРЫМЕН ЖОРҒАЛАУШЫЛАР 
1. Шұбар батбат кесіртке 4. Шұбар кесіртке 
2. Зайсан батбат кесірткесі 5. Жолақты әбжылан 
3. Үлкен көз кесіртке 
ҚОС МЕКЕНДІЛЕР 
1.Даната құрбақасы 
БАЛЫҚТАР 
1.Таймен 2. Сылан 
 
2.4 Шығыс Қазақстан өсімдіктер дүниесін қорғау 
 
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. 
Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық 
заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы 
өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі 
мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді 
бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің 
адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза 
ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам 
күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен 
заттарды да өсімдіктерден алады. 
Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи 
дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз 
мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан
мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер 
наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі 
ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе 
жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым 
сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты 
кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", 
"көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа 


17 
өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер
даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан 
болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі 
танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор. 
Жалпы Қазақстан табиғаты өсімдіктерге де бай. Маман ғалымдардың деректері
бойынша елімізде өсімдіктердің 15 мыңдай түрі бар. Оның ішіндебалдырлардың 2 
мыңнан астам, қыналардың 600-ге жуық, мүктектестердің 500-ге жуық, жоғары 
сатыдағы өсімдіктердің 6 мыңнан астам және саңырауқұлақтардың 5 мыңдай түрі 
кездеседі. Қазақстанда өсімдіктердің геологиялық замандардан сақталып келе жатқан 
реликті және дүние жүзінің басқа ешбір аймақтарында өспейтін эндемик түрлері де 
кездеседі. Қазақстанда мұндай эндемик түрлер 730-дан асады. Тек, Қазақстанның 
оңтүстігіндегі Қаратау жотасында ғана осындай 165—170 түрлі эндемик түрлер өседі. 
Өсімдіктердің мұндай реликті және эндемикті түрлерін сақтап қалудың және 
қорғаудың ғылыми маңызы зор. 
Қазақстандағы өсімдіктер әлемінің жалпы түр санының 84,5%- ын шөптесін 
өсімдіктер, 15,3%-ын бұталар мен шала бұталар, ал 1,2%- ын ағаштар құрайды. 
Еліміздің далалы аймағында өсімдіктердің 2000-нан астам түрі өседі, олардың 175-і 
эндемик түрлер. Шөлейтті, шөлді аймақтарда өсімдіктердің — 2500—2800 түрі өседі, 
олардың да 210- 215-і энедемик түрлер. Сондай-ак өлкеміздіңтаулалқаптарында өсетін 
өсімдіктердің 3400—3600 түрінің — 540—570 түрі де эндемик өсімдіктер , оған 400 
өсімдік түрін тіркеу көзделіп отыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет