Кафедра «Химиялық технология және экология» 6В05201 «Экология» есеп


 Шығыс Қазақстан жануарлар дүниесін қорғау



Pdf көрінісі
бет8/10
Дата28.11.2022
өлшемі0,82 Mb.
#53145
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 
2.5 Шығыс Қазақстан жануарлар дүниесін қорғау 
 
Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың 
табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия 
айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан 
астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар. 
Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке 
топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде 
зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың 
әркайсысының өз орны бар. 
Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар 
әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының 
өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады. 
Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 
мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (1978, 
1991,1996) жарық көрді. 


18 
2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы 
жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2, ұлулардың — 6, шаянтектестердің —
1,өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір 
бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 
2006жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған 
Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар 
тіркелген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет