Ежелгі Үнді философиясы. Үнді философиясын зерттеуші ғалымдар философия ғылымының бастауы, бүкіл Шығыстың философиялық идеяларының қайнар көзі Үнді елі, ең бастысы - Үнді ойшылдары адамзатты осы күнге дейін толғантып келе жатқан мәселелерді көне заманның өзінде-ақ қоя білді деп есептейді. Ежелгі Үнді қоғамы төрт варнаға бөлінді: брахмандар, кшатрийлер, вай-шьялар және шудралар. «Варна» сөзі «түс, қабық, бояу» дегенді білдіреді және әрбір варнаның өз түсі болды. Варна - тұйық жүйе, адамның варнадағы орны және әрбір варнаның қоғамдағы орны қатаң сақталынды. Брахмандар - ой еңбегімен, кшатрийлер - әскери істермен, вайшьялар - жер өңдеумен, қолөнермен және саудамен, ал шудралар - қара жұмыспен шұғылданды. Атап өтетін бір ерекшелік - варналарға қатаң бөліну қазіргі заманғы Үнді мемлекетінде осы күнге дейін қатаң сақталып отыр. Жайнизм («жина»-жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары «сиддханта» деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. III ғ.). Жайнизм сансарға (жанның.бір денеден екінші денете көшіп жүруі), кармага (өділ жаза заңдылығы) жөне мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты — қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет. Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта жөне қозғалыс жатады. Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц Сидцхарта гаутаманың есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір — қасірет. Адам қандай өлеумепік сатьща тұрса да аурудан, көріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайта шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылудьщ бірден-бір жолы — сансардан (жанның бір денеден бір денете ауысып отыруы) толық азат болу: Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет:
1) өмір — қасірет. Өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айрылу, қажетіңе жете алмау, т.б. — осылардың бөрі — қасірет;
2) қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат;
3) қасіреттің пайда болу себебі — өмірден лөззат алуға деген құштарлық екенін түсініл аталған құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену;
4) құштарлықтан қүтылу жолдарын білу.
Достарыңызбен бөлісу: |