Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит, Эпикур және ежелгі рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармалдрында кейін 59 материалисте бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қальштасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (шамамен б.д.д. V ғ.) болды. Ол өлем бөлінбейтін үсақ бөлшектерден, «атомдардан» түрады және олар бос кеңістікте алқұйын қозғалыста болады да, бірбірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді қүрайдьг. «Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ өрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шьщына жетіп, жоғалып жатады деген пікір айтгарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік зандарды сақтау керектігін уағыздады.
Ежелгі Греция философиясының биік шындарының бірі-ұлы ғұлама Аристотель болды. Ол «философияның өз алдына басқа ғыльімдардың мәселелерін философия тұрғысынан қараған алғашқы ойшыл-философ. Аристотель Франция жағалауындағы Стигир қаласында дүниеге келді. 17 жасында Платоннан дәріс алған, ал 41 жасында Ұлы Александрдың (Македонский) тәрбиешісі болған. Ол Афиныда ликей, немесе-перипатетиктер мектебі деп аталатын оқу орынын ашты. Аристотель сол кездегі ғылымдардың барлық саласында ат салысьш, көптеген еңбектер жазып қалдырған: «Категориялар», «Аналитика» (I—II томдар),. «Топика», «Физика», «Метафизика», «Этикалық трактаттар», «Саясат», «Риторика», «Поэтика»,' т.б. Аристотель білімінің тарау аумағын қарастыра келіп, екі түрлі философияньщ бар екендігін айтады. «Екінші философия» — физиканың пәні материя мен үздіксіз қозғалыста және өзгерісте болатын сезімдік заттар болса, «бірінші философия» метафизиканың қарастыратын мәселелері — табиғи қүбылыстардан тыс жатқан, өзгермейтін, мәңгі, қозғалмайтын мәнділік. Оны танып-білу табиғатты танып білуден құндырақ, сондықтан философия физиканың алдында түрады да, «бірінші философия» деп аталынады.