Кафедра: Коммуналды гигиена кафедрасы Тақырыбы: «Сумен қамтамасыз ету көздерінің санитарлық күзет аймағы»



бет2/4
Дата10.05.2022
өлшемі1,21 Mb.
#33854
1   2   3   4
СКА-ның ІІ белдеуі су алатын жерде суды микробтармен ластанудан қорғауға арналған. Ластаушылардың ІІ белдеу шекарасынан су алу орнына дейінгі жылжу уақыты (Тм), патогенді микроорганизмдердің өмір сүру қабілеті мен вируленттілігін жоюға кететін уақытқа негізделген болуы қажет. ІІІ-ІV климаттық аудандар үшін ол 400 немесе 200 тәулік, ал I-II аудандар үшін - 400 немесе 100 тәулік болуы керек.

СКА-ның ІІІ белдеуі жер асты суларын тұрақты химиялық ластанудан алдын алуға арналған. Бұл белдеудің шекарасы, белгіленген белдеу аумағынан тыс жерде сулы қабатқа тұрақты химиялық ластаушылар түсетін болса, олар су алатын жерге жетпейтін жағдайларды ескере отырып есептелінеді, ал егер жететін болса есептелген уақыттан кейін жетуі қажет. Ластаушылардың СКА-ның ІІІ белдеуінен су алу орнына дейінгі жылжу уақыты су алу қондырғысының уақытша эксплуатациялық уақытынан артық болуы қажет, яғни 25 жылдан кем болмауы тиіс.

Суды қорғау аймағы

Сулы қабат тұрақты көзден ластанатын болса, тек СКА-ны ұйымдастыру жеткілікті, бірақ аумақтың қарқынды антропогенді ластануы кезінде тек СКА-ны ұйымдастыру жеткіліксіз, сондықтан қосымша шаралар қарастырылады. Солардың бірі суды қорғау аймақтарын ұйымдастыру . Суды қорғау аймағы деп – сулы горизонттың қоректену аймағын қамтитын аумақты айтады. Санитарлық күзету аймағынан айырмашылығы белгілі бір су алу орны ғана емес, сулы қабат толығымен қорғалады.

Санитарлық күзет аймағындағы суды қорғау шаралары





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет