«ФИЛОСОФИЯ» курсы бойынша глоссарий Абстракциялау – дерексіз ойлау әдісі, зерттеу объектісінің белгілі бір қырын ойша бөліп алып, зерттеуге бөгетжасайтының бәрін ойша лақтырып тастап қарастыру.
Абсурд – сандырақ, танту; А.Камю бойынша жеке тұлға мен әлеуметтік тұтастық арасындағы жалғыз мүмкін қарым-қатынас түрі.
Агни – Үнді мифологиясындағы от құдайы.
Агностицизм – дүниені танып-білуге болмайды деп санайтын көзқарас.
Ақиқат – философияның негізгі категорияларының бірі, білімнің шындыққа сәйкестігі.
Аксиология – құндылықтар туралы ілім.
Антропология – адам туралы ілім.
Антропоморфизм – адам қасиетін табиғатқа телу.
Антропоцентризм – дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.