Кафедра мәжілісінде қаралды хаттама №1 «27» тамыз 2021 ж Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі


Детерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп. Деизм



бет14/19
Дата25.11.2023
өлшемі98,49 Kb.
#126392
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
Кафедра мәжілісінде қаралды хаттама №1 «27» тамыз 2021 ж-emirsaba.org

Детерминизм – құбылыстардың себепке тәуелділігі туралы көзқарас, детерминант – себеп.

Деизм – Құдай дүниені жаратады, бірақ қоғам өміріне араласпайды деп санайтын ағартушылық көзқарас.

Дедукция – ойдың жалпыдан жекеге қарай жылжуы.

Дуализм – дүниенің бір-біріне тәуелсіз материалдық, идеалдық қос бастамасы бар екенін мойындайтын көзқарас.

Жэнь – Ежелгі Қытай философиясындағы конфуцийлық бағыттың адамды сүю, құрметтеу дегенді білдіретін ұғымы, текті адамның бес жақсы қасиетінің бірі.

Жерұйық – қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, Қорқытқа қатысты мәнгі өмірі бар жер дегенді білдірсе, Асанқайғыға қатысты географиялық жағдайы өмір сүруге аса қолайлы жер дегенді білдіреді.

Заман – қазақ философиясындағы төл категориялардың бірі, бір кезеңде өмір сүріп отырған қоғмның негізгі тарихи ерекшелігін қамтитын ұғым.

Заң – заттар мен құбылыстар арасындағы тұрақты байланысты білдіретін ұғым.

Идеализм – дүниенің түпнегізі идея деп санайтын көзқарас.

Идол (пұт, елес) – Ф.Бэкон (Жаңа заман фсф., эмпиризмнің негізін қалаушы.) іліміндегі дүниені танып-білуге бөгет жасайтын санадағы қате түсініктер. Бэкон олардың 4 түрін бөліп көрсеткен: тек, үңгір, базар (алаң, нарық), театр.

Инь-Ян – Ежелгі Қытай философиясындағы (даосизміндегі) дүниенің қарама-қарсы бастаулары, инь – қараңғы, енжар, әйелдік бастау, ян – жарық, белсенді, еркектік бастау.

Индукция – ойдың жекеден жалпыға қарай жылжуы.

Иррационализм – дүниені танып-білуге ақылдың шамасы жетпейді деп мойындайтын көзқарас.

Инсан камил – араб мұсылман философиясындағы «жетілген адам».

Карма – Үнді мифологиясындағы адам тағдырының негізі.

Креационизм – дүниенің жаратылғандығы (Құдай жаратқаны) туралы көзқарас.

Қоғамдық болмыс – қоғамның материалдық өмірі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет