Кафедра мәжілісінде қаралды хаттама №1 «27» тамыз 2021 ж


«ФИЛОСОФИЯ» курсы бойынша глоссарий



бет15/24
Дата14.03.2022
өлшемі79,21 Kb.
#27922
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
filosofiya oak

«ФИЛОСОФИЯ» курсы бойынша глоссарий
Абстракциялау – дерексіз ойлау әдісі, зерттеу объектісінің белгілі бір қырын ойша бөліп алып, зерттеуге бөгетжасайтының бәрін ойша лақтырып тастап қарастыру.

Абсурд – сандырақ, танту; А.Камю бойынша жеке тұлға мен әлеуметтік тұтастық арасындағы жалғыз мүмкін қарым-қатынас түрі.

Агни – Үнді мифологиясындағы от құдайы.

Агностицизм – дүниені танып-білуге болмайды деп санайтын көзқарас.

Ақиқат – философияның негізгі категорияларының бірі, білімнің шындыққа сәйкестігі.

Аксиология – құндылықтар туралы ілім.

Антропология – адам туралы ілім.

Антропоморфизм – адам қасиетін табиғатқа телу.

Антропоцентризм – дүние орталығы адам деп санайтын көзқарас.

Антропосоциогенез – адам қоғамының шығуы.

Антиномия – И.Кант іліміндегі шешілмейтін қайшылықтар.

Априори – И.Кант іліміндегі тәжірибеге дейінгі «таза» білім.

Апостериори – И.Кант іліміндегі тәжірибеден алынатын білім.

Апория – шешімі жоқ, лажсыз жағдай (парадокс), тарихта Зенон (элеат) апориялары деген атпен қалған: «Дихотомия», «Ахилл мен тасбақа», «Жебе» және т.б.

Архетип – К.|Г.Юнг (неофрейдист) іліміндегі ұжымдық бейсаналық ұғымы.

«Асқан адам» - Ф.Ницшенің (иррационалист, «өмір» философиясының өкілі) іліміндегі билікке еркі күшті, осы жолда үлкен жетістіктерге жеткен адам.

Атман – Ежелгі Үнді философиясындағы жеке адам рухы.

Атрибут – бөліп алуға болмайтын, біте-қайнасқан қасиет.

Ахимса – Ежелгі Үнді философиясындағы еш нәрсеге жәбірлік жасамау туралы ілім.

Бақсы – қазақ дүниетанымындағы ерекше қасиеті бар, тылсыммен қатынастағы адам, емші.

Батысшылдар – орыс философиясындағы ХIХ ғ.қалыптасқан бағыт, Ресейдің тарихи даму жолы ретінде Батыс Еуропа жолын таңдағандар.

Брахман – ежелгі Үнді философиясындағы бірегей, әлемдік рух.

Будда – буддизмнің негізін қалаған Сиддхарта Гаутаманың халық берген аты, «оянған», «нұрланған», «сергектенген» деген мағына береді.

Белдеулік уақыт – К.Ясперс философиясындағы ұлы тұлғалардың дүниеге топталып келетін уақыты.

Бейсаналық – З.Фрейд іліміндегі адам болмысын анықтайтын негізгі қасиет.

Болмыс – дүниедегі барлық материалдық, идеалдық заттар мен құбылыстар жиынтығы.

Ведалар – Ежелгі Үнді халқының қасиетті мәтіндер жинағы, веда «дәріс», «білім» деген мағына береді.

Валюнтаризм – дүниенің негізі ерік-жігер деп санайтын көзқарас.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет