Кафедрасы «Қаржы және есеп» Мамандығы:Қаржы 1-курс



бет7/7
Дата08.04.2023
өлшемі112,49 Kb.
#80475
1   2   3   4   5   6   7
Көңіл күй. Кейіпіне қарап адамды шат, жайдары, жылы жүзді, ақ жарқын, не көңіліне кірбің кірген, ызалы, түсі суық деп ажыратылады. Адамның көңіліне айнала қоршаған дүние әсер етіп отырады. Егер оның қызметі жақсы жүріп жатса, ұжымы ынтымақты болса, отбасы жағдайы жарасымды болса, көңіліде көтеріңкі болады. Көңілге адамның денсаулық жағдайы, нерв жүйелердің ерекшеліктері де әсер етеді. Мысалы: Адамның көптен ойлап жүрген ісі оңға басса немесе бір нәрсеге қолы жетсе (диплом алу, диссертация қорғау т.б) шат-шадыман күйге түседі. Керісінше ол ылғи сәтсіздікке ұшырай берсе, көздеген мақсатына жете алмаса, жанына қояр жер таба алмай қиналады. Мұндайда қабағы қатыңқы, ренішті күйде жүреді. Сондықтанда «көңілсізден күлкі шықпас, адам көңілден азады»-, деген мақалдар тегіннен-тегін айтылмаған. Ерік жігері, күшті рухани өміріміздің мазмұны адамдар, тіпті ауыр жағдайда көңілді жүреді. Оптимстік жарқын болашаққа сену, қиыншылыққа мойымау, ерік-жігері күшті, қажырлы адамның басты қасиеті.
Қорытынды

Ақырында, қорытынды шығарғым келеді: адам ішкі және сыртқы күштердің қысымымен айқын әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл мотивация деген күштер жиынтығы әр адамда бірдей реакция шақырмайды. Сондықтан мотивацияны бір мағыналы сөзбен айту мүмкін емес. Мотивацияны табу қиын емес. Ол үшін тек қандай нәтиже қалайтыныңды білуің керек. Егер елестеткен нәтиже көңіліңді аспандатса, мақсатың айқын. Ал егер, нәтиже көңіліңді көншітпесе, бұл мақсат айқын емес, саған мұның қажеті де жоқ.


Мотивация кез келген жерде қажет. Арықтау үшін, ең әдемі болып жүру үшін, жетістікке жету үшін немесе бизнес бастау үшін, оқуға түсу үшін де мотивация керек. Құлшыныстың бар болуы жеткіліксіз, мотивацияны демеу керек, онымен жұмыс істеу керек. Былайша айтқанда, мотивацияңыз өз әсерін, пайдасын жоғалтып алмау үшін оны «қоректендіру» керек.Былай айтуға болады: Мотивация жоқ болса, нәтиже де жоқ.
Эмоция маңыздылығы жеткіншектерді өз көңіл күйлерін сезіне білуге, айналасындағы жақындарына көтеріңкі көңіл сыйлай білуге, комплимент-мадақтау сөздерді айта білуге және эмоциялық жағдайды жақсартатын жаттығуларды жасай білуге үйрету, оларды тәрбиелеу барысындағы аса бір маңызды элементтің бірі болып саналады. Жеткіншектердің психикалық даму деңгейінің жоғары, денінің сау болуы, стресстік жағдайды болдырмау, кикілжіңді орынды түрде шешу, бұл жерде талқыланатын мәселе болып табылады. Егер адам баласында эмоция көрсете алмаса, іштей қиналатыны анық. Әрбір кез ашық болып эмоцияны көрсету өте маңызды және айрықша орын алады. Әрбір эмоция өз ерекшелігімен ерекшеленеді, ал оны іште емес сыртқа шығару өте маңызды.

Пайдаланылған әдебиттер



  1. Жақыпов С.М. Жалпы психологияға кіріспе. – Алматы, 2013ж.

  2. Жұмасова С.К. Психология.-Астана, 2006ж.

  3. Н. Қ. Тоқсанбаева, Н. М. Садықова, Ә. М. Болтаева. Жалпы психологияға кіріспе.-Алматы, 2007ж.

  4. Егенисова А.Қ. Психология.-Ақтау, 2010ж.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет