Кафедрасы



бет12/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93
Брадилалия ( «bradys» -баяу, «lalio» - сөйлеу тілі) - сөйлеу жылдамдығының қалыптан тыс баяулауы. Ол орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу жылдамдығы баяулағанда сөз босаң, бірқалыпты, созыңқы шығады.
Аталған бұзылыстарда (тахилалия, брадилалия) ішкі де сыртқы да сөйлеу тілінің бұзылуы байқалады. Бұл бұзылыстар әр түрлі деңгейде көрінеді, күрделі жағдайда коммуникативті процесі зақымдалады. Бірақ, баланың ерте жасынан осы бұзылыстарды жою жұмысын қолға алса, олар баланың әрі қарай дамуына және сөйлеу тілінің қалыптасуына жағымсыз жағдай тудырмайды.
Тұтықпасөйлеу мүшелерінің бұлшық еттерінің тырысу салдарынан сөйлеудің ырғақтылығы мен жылдамдылығының бұзылуы. Тұтықпа орталық, органикалық немесе функционалды деп бөлінеді. Сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады.
б) Тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуы (дислалия, ринолалия, дизартрия).
Дислалия – есту қабілеті дұрыс және сөйлеу тілі аппаратының иннервациясы сақталған қалпында сөйлеу тіліндегі дыбыстардың айтылуының бұзылуы. Дислалия сөйлеу тілінің даму кезінде пайда болады. Дыбысты алмастырып, шатастырып, бұзып айтуы байқалады. Анатомиялық ауытқушылықтар болса органикалық , жоқ болса - функционалды деп аталады.
Ринолалия – сөйлеу мүшелерінің анатомиялық ауытқушылықтарының салдарынан дауыс әуезділігі (тембрі) және тіл дыбыстарының айтылуының бұзылуымен сипатталады. Дауыс тембрінде мұрындық ренк пайда болады.
Дизартрия – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Дизартрияда сөйлеу мүшелерінің иннервациясының жеткіліксіздігіне байланысты сөйлеу тіл дыбыстарының айтылуының және просодикасының бұзылуы байқалады.
Дизартрия сал ауыруына шалдыққан балаларда жиі байқалады. Бірақ, нейроинфекцияның немесе басқа да мидың зақымдалуының салдарынан дизартрия бала дамуының кез-келген кезеңінде пайда болуы мүмкін.
Сөйлеу тілі бұзылуының екінші тобына /ішкі (семантикалық) өндеуінің бұзылуы/ алалия және афазия кіреді.
Алалиябаланың ерте жасынан бас ми қабығындағы сөйлеу зоналарының органикалық зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің жетілмеуі немесе мүлдем дамымауы.
Сөйлеу тіліндегі ақаулықтардың ішіндегі алалия ең ауыры болып есептеледі. Алалияға шалдыққан балада сөйлеу тіл құралдарының жүйесі мүлдем қалыптаспайды (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық).
Афазия – бас миының зақымдалуының салдарынан сөйлеу тілінің толық немесе жартылай жойылуы. Афазияға келтіретін себептер: баланың сөйлеу тілі қалыптасқаннан кейін ми қорабының жарақаттануы, нейроинфекциялар, бас мидың ісіктері.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы: дислексия, дисграфия, дизорфография
Дислексия- оқу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дисграфия –жазу процесінің спецификалық жартылай бұзылуы.
Дизорфография - «Қажетті ережелерді білуіне қарамастан, орфографиялық дағдыларды қалыптасып, меңгере алмаудың салдарынан жазуда байқалатын тұрақты, ерекше қателердің түрлерін дизорфография деп атауға болады» (А.Н. Корнев).
«Дизорфография әр түрлі қателермен сипатталатын орфографиялық морфологиялық және дәстүрлі принциптерін менгеру мен пайдаланудың тұрақты және ерекше бұзылуы» (Р.И. Лалаева)
Негізгі қиыншылықтар – балалар керек орфограмманы жаза алмайды және орфографиялық тапсырмаларды орындай алмайды. Сонымен, логопедияда әр түрлі тіл кемістіктердің бірнеше түрін ажыратады. Оның ауызша сөйлеу тілінің бұзылыстары (дисфония (афония), тахилалия, брадилалия, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия (анартрия), алалия, афазия), ал жазбаша сөйлеу тілінің бұзылысы (дислексия (алексия), дисграфия (аграфия) және дизорфография.
Қорытынды: клиникалық–педагогикалық классификация медицина мен логопедияның әрекеттестігіне негізделген. Бұл классификацияда психологиялық – лингвистикалық критерийлер бастапқы роль атқарады. Солардың негізінде негізгі топтар, тіл кемістіктерінің түрлері, формалары ажыратылады. Осы критерийлер тіл кемістіктер жайында толық көрініс береді.
Психологиялық- педагогикалык топтастыру кейіннен сөйлеу тілінің бұзылыстарын клиникалық тұрғыдан қарастырып, талдау нәтижесінде пайда болған. Бұл топтастырудың негізіне сөйлеу тілі жүйесінің құрылым компоненттері (сөйлеу тілінің дыбыстық, лексикалық, грамматикалық жағы), сонымен қатар сөйлеу әрекетінің түрлерінің қатынасы (ауызша және жазбаша түрі) ескерілген.
Осы топтастыру бойынша сөйлеу тілінің бұзылыстары екі топқа бөлінеді:

  1. қарым-қатынас құралының бұзылуы;

  2. қатынас құралының қолдану кезінде бұзылуы.

Бірінші топқа келесі бұзылыстар кіреді:
- фонетикалық бұзылыстар. Балалар кейбір дыбыстарды бұзып айтады немесе мүлдем айтпайды. Бұл баланың сөйлеу тілінің қалыптасуына әсерін тигізбейді, коммуникативті функциялары сақталады;
- сөйлеу тілінің фонетика-фонематикалық жетіспеушілігі (ФФЖ) - фонемді қабылдау және айтуындағы ауытқушылықтарының салдарынан әр түрлі тіл кемістіктері бар балалардың ана тілінде сөйлеу жүйесінің бұзылуы. Ол балаларда есту және ойлау қабілеті сақталған.
ФФЖ кезінде балалардың сөйлеу тіліндегі дыбыс айтудың ерекшеліктері байқалады: дыбыстарды анық айтпауы, дыбыстарды алмастырып айтуы, сыңар дыбыстарды ажырата алмауы, дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстармен алмастыру, дыбыстардың айтылуының тұрақсыздығы. Дыбыстарды талдау, жинақтау процесі қалыптаспаған болады.
- жалпы сөйлеу тілінің дамымауы (ЖСТД) – сөйлеу тілінің күрделі бұзылуы. Бұл кемістікте ақыл ойы және есту қабілеті қалыпты балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерінің қалыптасуының бұзылуы (фонетика, лексика, грамматика). Бұл бұзылыс тұрақтылығымен сипатталады және түзету жұмысында арнайы тәсілдерді қолдануды талап етеді. Аталған кемістік сөйлеу тілінің мүлдем жоқ болуынан толық дамуына дейінгі деңгейде болуы мүмкін, бірақ фонетикалық және лексика-грамматикалық дамымаудың нышаны сақталады.
Р.Е. Левина бойынша ЖСТД үш денгейге бөлінеді.
Бірінші денгейдегі балаларда тілдің мүлдем қалыптаспауы байқалады. Мұндай балаларды мақау деп атайды. Бала былдырлап сөйлейді, жеке дыбыстарға еліктейді, дыбыстық кешендер қолданады. Дыбыстардың айтуы қате, тұрақсыз болады. Сөз түсінігі төмен, сөздерді бірнеше рет қайталанған, таныс ситуацияда түсінеді.
Екінші денгей: баланың сөйлеу мүмкіншіліктерінің өсуінде қолайлы динамика байқалады. Жалпы қолданбалы сөздер пайда болады, бірақ олар бұрмаланып айтылады. Көбінесе балалар зат есім мен етістікті қолданады. Әлі де жест ере жүреді. Көптеген дыбыстарды бұзып айтады (ысқырық, ызың, сонорлы). Бала өзі, жанұясы жайында әнгімелеп бере алады, бірақ сөйлемдерінде аграмматизм байқалады.
Үшінші денгей: Балалар қарым - қатынас құралдарын кеңінен қолдана алады. Сөйлеу тілінде фонетика, лексика, грамматикасында күрделі жетіспеушілік байқалмайды, бірақ кейбір қателер болады.Сөздік қорының кедейлігінен балалар керекті сөзді тауып айтуда қиналады. Айтылуы және мағынасы ұқсас сөздерді шатастырады. Сөзжасам және сөзөзгерту дағдылары қалыптаспаған. Сөйлемнің жай конструкциялары қолданылады. Сөйлеу тілді түсінуі жақсартылған.
Бір денгейден келесі денгейге ауысуы сөйлеу тілінің бұзылуының тереңдігіне, коррекциялық ықпалдың уақытына және мазмұнына байланысты.
Бұзылыстың екінші тобына тұтықпа жатады. Тұтықпа жалпы сөйлеу тілі дамымауымен тіркесіп, байқалуы да мүмкін.
Жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы (дисграфия, дислексия, дизорфография) бұл топтастыру бойынша фонетика-фонематикалық жетіспеушіліктің немесе жалпы сөйлеу тілі дамымауының құрамында қарастырылады.
Сонымен, психологиялық-педагогикалық классификация логопедиялық тәжірибеде ғылыми тұрғыдан негізделген мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың сөйлеу тілі бұзылыстарына және басқа да психикалық функцияларына әсер ететін коррекциялық фронтальды әдістерін кеңінен пайдалануға мүмкіндік ашты. Психологиялық-педагогикалық классификация бойынша ең маңызды мәселе - сөйлеу тілі жүйесінің дәл қай компоненті бұзылған немесе жетілмегенін ескеру болып табылады. Осы қағиданы ұстанып, педагог ауытқудың әр түрінде түзету жұмысының дұрыс және тиімді бағытын анықтай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет