Кафедрасы



бет20/93
Дата29.03.2023
өлшемі1,72 Mb.
#77262
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93
Байланысты:
лог каз

Тіс төңіректік сигматизмде тісаралық сияқты ысқырықтың жойылуымен, сондай-ақ С, Ц, З, дыбыстары Т Д, дыбыстармен алмастырумен сипатталады. /сағат-«тағат», қозы-«қоды»/ (9- сурет).



Тіс төңіректік сигматизмнің /парасигма-тизм/ пайда болу себебі, ауыз қуыстың ішінара немесе толық тұйықталуы. Бұған алғы шарт туғызатын жағдай «терең қабысу» деп аталатын тіс қалпы яғни төменгі күрек тістер мен жоғарғы күрек тістердің айқасуы. Тіс төңіректік сигматизм көбінесе естуі нашарлығына, әсіресе жоғарғы дауыстыларды есту төмендігіне серіктеліп келеді.


Кейде сигматизмнің бұл түрі С, Ц, 3 дыбыстары мен қатар Ш, Щ, Ж, Ч дыбыстарында камтиды.
Ызың сигматизм кезінде С, Ц, 3 дыбыстары азды көпті шу естілетін реңкке ие болады. Анық байқалған түрлерінде бұл кемшілік парасигматизм деп аталады. Бұл сигматизмде С дыбысы Ш дыбысымен Ц дыбысы Ч дыбысымен, 3 дыбысы Ж дыбысымен алмасады. Мысалы, сағат орнына «шағат» цирк орнына «чирк» деп айтылады /10-сурет/.



10-сурет С фонемасының ызың сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі

Бұлай айтылу тіл ұшының күрек тістерден
қашықтау салдарынан ысқырық дыбыстарға қажет
қуыс мөлшерінің едәуір үлкеюі нәтижесінде
пайда болады. Ызың сигматизмнің алғы шарты
тілдің күрек тіспен жақындауына кедергі болатын
тіс-жақ жүйесінің аномалиясы. Тіс төңіректік сигматизмдегі сияқты бұл да нашар еститіндерде жиі болады.

Олар сөйлеу танымның ең жоғарғы дыбыстарын естіп, оның С, Ц, 3 дыбыстарын Ч, Ш, Щ түрінде қабылдайды.





11-сурет С фонемасының бүйірлік сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/



Бүйірлік сигматизм кезінде С орнына шолпылдауға ұқсас шу естіледі, егер тістерді қысып тұрып Л дыбысын қатты сыбырлап айтса осындай шу естілер еді. Оның себебі тілдің ұшымен алдынғы жағы күрек тіспен және альвеоламен жабысады да, тіл бүйірлері азуға жабыспайды, сөйтіп бүйір қуысы пайда болады, сол арқылы дем шуылдап шығады. Кейде бұндай қуыс екі жақты пайда болады. Бүйірлік сигматизмнің алғы шарты бүйірлік ашық қабысу қалпының болуы. Онда тістеу кезінде жоғарғы және төменгі азулар арасында бір немесе екі жақты қуыс болады



Басқа бір алғы шарты ауыз қуысы бүйірлерінің жабылуын қиындататын тіл жіңішкереді /11-сурет/.
Бүйірлік сигматизмде Ц, 3 дыбыстарды С дыбысы сияқты акустикалық қасиетке ие болады.
Бірінші, күшті сыбырлап айтылған тіл сөзіндегідей Т және Л дыбыстарының тіркесіне ұқсайды, ал екіншісі қате айтылған С дыбысынан тек дауыстың қосымша шуымен ерекшеленеді. Қуыстың қай бүйірде пайда болғаны қарапайым екі жолмен анықталады, біріншісі - С дыбысын созып айтқанда ұртты жеңіл шерту арқылы. Егер дыбыс тиылып қалса, қуыстың шерткен жақта болғаны, тиылмаса қуыс екінші жақта болғаны. Екіншісі-резина түтіктің екі ұшында да олива /тесігі бар ұштық/ қойылады. Логопед оның бір ұшын өз құлағына ұстайды да, екіншісін С дыбысын созып айтқан баланың жоғарғы және төменгі тістердің шекарасымен жүргізеді. Сонда қуыстың орны түтіктегі шудың күшеюі арқылы жеңіл анықталады. Кейде бүйірлік артикуляция С, 3, Ц дыбыстарының ғана емес Ш, Ж, Щ, Ч дыбыстардың топтасып, тіпті Т, П, Р дыбыстарын да қамтиды.
Мұрындық сигматизм түрлеріне жалпы тән қасиет С, Ц, 3 дыбыстары айтылуына тән шудан өзгешеленеді, одан кейінгі дауыстылар мұрындық реңкке ие болады. Мұрындық реңк жұмсақ таңдай мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында елеулі қуыс болуы, соның салдарынан шығатын дем мұрын арқылы өтуі нәтижесінде пайда болады.
Жұмсақ таңдайдың бұндай қалпы сөйлеу қимыл процесінің белгілі бәсеңдігі жағдайында көршілес дауыстылардың артикуляциясына да тарайды /12-сурет/.


12-сурет С фонемасының мұрындық сигматизм кезіндегі артикуляциялық кескіні /профилі/

Шудың қасиеті оның пайда болған орнына қарай, яғни шыққан демінің жолындағы ең тар жерге қарай өзгереді. Мәселен С дыбысын айтқанда тіл түбі мен жұтқыншақтың артқы қабырғасы арасында тарылу пайда болса, онда X дыбысына ұқсас дыбыс естіледі. Егер жұмсақ таңдайдың алдыңғы үсті тіл түбіне жабысса, ал арты жұтқыншақ қабырғасына жақындаса қырылдауға ұқсас шу шығады. Ц дыбысына екі жағдайда да С дыбысынан артикуляциялық айырмасы сол органдардың сол орындарда алдын-ала жабысу мен ғана ерекшелінеді.



Шығатын дыбыстың аффрикативтік сипаттамасы осымен анықталады. 3 дыбысының айтылуы С дыбысынан айырмашылығы тек қана дауыс тонының бірігуі мен шудың біраз әлсіреуінде.
С, Ц, 3 дыбыстардың айтылуы қателігін С дыбысынан бастау керек. Жұмыс тәсілдерін таңдау сигматизмнің түрлеріне байланысты.
Еріндік-тістік сигматизм кезінде балаға ең алдымен С дыбысын айтқанда төменгі ерін жоғарғы күрек тіске түйіспеуі, немесе жақындамауы керек екенін көрсету қажет. Егер балаға айна арқылы көзбен бақылау жеткіліксіз болса, онда ерінді жалаңаштаған тіс тізбегіне тигізіп, айырып көрсетіп, қарапайым артикуляциялық гимнастиканы пайдаланған дұрыс. Қажет болғанда төменгі ерінді шпательмен немесе саусақпен төмен тартатын механикалық көмек қолдануға болады.
Баланың механикалық көмексіз-ақ төменгі ерінді тиісті қалыпта ұстауға жаттығуын күтіп отырмай, осы дыбысты буындар мен сөздерді айтқызуға жаттықтыру пайдалы. Жаттығулар прогнатия жағдайында да дұрыс сөйлеуге дағдыландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет