Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру Сөйлеу тілі бұзылысының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете-қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу – оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету-педагогикалық әсер ету – балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге, және де, мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық, дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған. Мақсатқа жету білімділік, түзетушілік және дамытушылық міндеттердің қойылуымен негізделеді. Оларды логопед, тәрбиешілер арнайы жеке және топтық сабақтарда шешумен айналысады, балабақшада біркелкі сөйлеу тәртібін (күні бойы балалардың сөйлеу тілін қадағалау) ұйымдастыруда іске асырады.
Түзете оқытуды жоспарлау және мазмұның толтыру бағдарламалармен, әдістемелік материалдармен белгіленеді және балалардың жасын, топ ерекшелігін және сөйлеу тіл кемістігінің белгісін ескеріп құрастырылады.
Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:
тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.
Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға байланысты.