Парамагнетизм - егер сыртқы магнит өрісі болмағанда, сыртқы магнит өрісінде орналасқан зат реттелген магниттік түзеліске ие болмаса, заттың осы өрістің бағытымен сәйкес бағытта магниттелу касиеті.
Парамагнетик- парамагнетизм байқалатын зат.Атомдардың р т магнит моменті нольден өзгеше болған жағдайда зат парамагниттік болады екен. Сыртқы магнит өрісі атомдарды В бойымен орналастыруға, ал жылулық қозғалыс оларды барлық бағытта бірдей шашыратып тастауға тырысады. Нәтижесінде өріс бойындағы моменттердіц неғұрлым В көп болса, соғұрлым көп болатын, ал температура артқан сайын мәні азаятын қандай да бір тепе-тендік бағдары орнығады. Кюридің эксперимент жүзінде дәлелдеген заңы бойынша, заттың килограмм-атом парамагниттік қабылдағыштығы мынаған тең: Хкат = у , мұндагы С — Кюри тұрақтысы , ол заттың тегіне байланысты, Т— абсолют температура. Парамагнетизмнің классикалық теориясын .1905 жылы Ланжевен дамытқан. Біз осы теорияның өрістің аса күшті емес, температураның аса төмен емес жағдайымен шектеле тұралық. Формула бойынша, магнит өрісінде атом рт мен В векторларының арасындағы бұрышқа тәуелді болатын W=pmBcosФ потенциял энергияға ие болады. Сондықтан моменттердің белгілі бағыт бойымен тепе-тең бөлінуі Больцман заңына бағынуға тиісті. Бұл заң бойынша атомның магнит моменті В векторының бағытымен ұрын жасайды, ол бұрыш мен d=fd/ft шегінде болады және шамасына пропорционал болады. белгілеуін енгізе отырып ыктималдықты анықтайтын өрнекті түрінде жазуға болады
Достарыңызбен бөлісу: |