Кафедра:«Техникалық физика және Жылу энергетика» (кафедраның атауы) Мамандық: 5В072300 «Техникалық физика»



бет5/7
Дата06.01.2022
өлшемі450,91 Kb.
#16189
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
СРО 15

Ферромагнетиктер

Ферромагнетиктерге сыртқы магнит өрісі жоқ болса да магниттік қасиетке ие болатын заттар жатады. Диа- және парамагнетиктермен салыстырғанда (бұлар әлсіз магнитті заттар) ферромагнетиктер күшті магниттік заттар болып саналады. Ферромагнетиктердің негізгі өкілі темір (Fe)болып саналады, оларға сонымен бірге кобальт, никель, гадолиний және олардың қоспалары жатады (мысалы, Fe–Nі не Fe–Nі–Al). Соңғыжылдары өндірісте ферромагнитті шала өткізгіштер – ферриттер үлкен роль атқаратын болды.



Ферромагнетиктердің магниттелінуі диа- және парамагнетиктердің магниттелуінен орасан есе (1010-ға дейін) көп.



Ферромагнетиктердің магниттелінуі Н-қа тәуелді (2.4-сурет).Магнит өтімділігі m мен магнит сезімталдығы χ да Н-қа тәуелді.. А.Г.Столетов жұмыстары бойынша Н-тың өсуімен бірге магниттеліну бастапқыда жылдам өседі де, сонан соң баяулайды, шамасы 100 А/м өрісте Н-қа тәуелді болмайтын магниттік қанығуға (jқан) жетеді. Бұл құбылысты магниттік қанығу деп атайды. 2.5-суретте Столетовтың темір үшінχ шамасы өріс кернеулігінің функциясы ретінде келтірілген. Ферромагнетиктердің ерекшелігі болып саналатын, магнит гистерезисі деп аталатын құбылыс бар.



Бастапқыда ферромагнетик қанығуға дейін магниттеледі (1 нүкте, 2.6-сурет), сонан кейін өріс кернеулігінің (Н) азаюы нәтижесінде магнитсізденеді, 1-2 қисығы, 1-0 қисығынан жоғары орналасқан. Н=0 ( =0) болғанда, J нолге тең болмайды, яғни магниттеліну жоғалмайды. Қалдық магниттелінуінің jқалбар болуы тұрақты магниттерді жасауға мүмкіндік береді. Ферромагнетикті магнитсіздендіру үшін магниттеу өрісі бағытына қарама-қарсы бағыттағы өрісті Н пайдалану керек. Бұл кернеулік НСкоэрцитивтік күш деп аталады. Әрі қарай қарама-қарсы бағыттағы өрісті арттырғанда, ферромагнетик қайтадан магниттеледі (3-4 қисығы), 4 нүкте қанығуға сәйкес келеді, мұнда Н=-Нс.. Ферромагнетикті магнитсіздендіруге (4-5-6 қисығы) және қайтадан қанығуға дейін магниттеуге (6-1 қисығы) болады.Сонымен, ферромагнетикке айнымалы магнит өрісі әсер еткенде, магниттеу 1-2-3-4-5-6-1 қисығына сәйкес жүргізіледі.

Бұл қисық - гистерезис тұзағы деп аталады (осындай тұзақ В-Н диаграммасы бойынша да алынады).

Қатаң ферромагнетикке кең тұзақ тән. Егер Нсаз шама болса, ферромагнетик – жұмсақ (гистерезис тұзағы енсіз) деп аталады. Трансформаторлардың өзекшесі жұмсақ ферромагнетиктерден, ал тұрақты магниттер - қатаң ферромагнетиктерден жасалады. Әр ферромагнетик үшін магнит қасиеттерін жоғалтатын температура болады, ол Кюри нүктесі деп аталады. Темір үшін, мәселен, Кюри нүктесі Тс = 7680С, ал никель үшін Тс =3650С.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет