Кальциферолдардаң негізгі қызметі организмде кальцийдің алмасуын реттеу болып табылады


НУКЛЕОПРОТЕИДТЕРДІҢ ХИМИЯСЫ МЕН МЕТАБОЛИЗМІ



бет2/2
Дата28.09.2023
өлшемі1,32 Mb.
#111258
1   2
Байланысты:
витамин 10-18 н 1-2

НУКЛЕОПРОТЕИДТЕРДІҢ ХИМИЯСЫ МЕН МЕТАБОЛИЗМІ 
1. Нуклеотид дегеніміз не? Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарынқұрайтын негізгі құрылымдық бірлік. Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады: 

  1. көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚмолекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);

  2. қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі. Бұл екі бөлік бірігіп нуклеозид деп аталатын құрылым түзеді. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. РНҚ-ны да осы негіздер құрайды, тек тиминнің орнына мұнда урацил (У) болады (Т урацилден метилдік топ [–СН3] арқылы ажыратылады).

  3. Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды. 

Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.

2. Нуклеозид дегеніміз не? Нуклеозидтер — азот негізі мен рибозадан (рибонуклеозидтер) немесе дезоксирибозадан(дезоксирибонуклеозидтер) тұратын қосылыстар. Олар пурин немесе пиримидин негіздерінің Ы-гликозидтері. Фосфокиназалардың әсерімен фосфорланып нуклеотидтер құрайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет