Калиева А. М., Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі



Дата04.01.2023
өлшемі0,76 Mb.
#60340
Байланысты:
Калиева мастер класс

Калиева А.М., Петропавл қ. химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі


НҰСҚАУЛЫҚ БЕРУ НЕМЕСЕ ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМІ КӨМЕГІМЕН ЭССЕ ЖАЗУДЫ ЖЕТІЛДІРУ
ЭССЕ ЖАЗУДЫ ҚАЛАЙ ЖЕТІЛДІРУГЕ БОЛАДЫ?
ЭССЕНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ҚАНДАЙ?
ЭССЕ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?
Ж2. Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, көтерілген мәселе бойынша келісу-келіспеу себептерін айқын көрсетіп жазу («Сен істі сүйсең, іс саған бас иеді» ойымен келісу\келіспеу)
Эссе жазудың алгоритмі:
  • кіріспе бөлімде сүйікті іс, мамандығыңыз туралы басты идеяны анықтап, тақырыптың тезисін жазыңыз;
  • негізгі бөлімде келісу-келіспеу себептерін аргументтер арқылы түсіндіріңіз;
  • қорытынды бөлімде өз көзқарасыңды білдіріп, ой-пікірлеріңізден қорытынды шығарыңыз.

ЖАЛПЫ НҰСҚАУЛЫҚ

  • Шығармамен толық танысып, маңызды эпизод, цитата т.б. түртіп алыңыз.
  • Эссе жоспарын құрыңыз. «Мен кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерде не жазамын?» деген сұраққа жауап беріңіз.
  • Эссе бойынша пікір қалыптастырып, оны тезистік тұжырымда бейнелеуге тырысыңыз. «Мен нені дәлелдегім келеді?» деген сұраққа жауап беріңіз.
  • Қосымша аргументтерді қарастырыңыз. Аргументтерді мысалдармен бекітіп ойды дамытыңыз.

Қазіргі кезде Ұлпанға тән адамгершілік, қайраткерлік, жеке тұлғалық қасиеттерімен көзге түсіп жүрген танымал тұлғалардың бірімен Ұлпан бейнесін салыстырыңыз.

Кіріспе бөлімде әйелдердің қоғамдағы орны туралы ой қозғап, көтерілген мәселені романмен байланыстырып, риторикалық сұрақ қойыңыз (Қарастырылып отырған мәселе не\ немесе мәтін идеясы таныстырылады)

  • .

Қазіргі кезде Ұлпанға тән адамгершілік, қайраткерлік, жеке тұлғалық қасиеттерімен көзге түсіп жүрген танымал тұлғалардың бірімен Ұлпан бейнесін салыстырыңыз.

Негізгі бөлімде роман желісі бойынша Ұлпан бейнесін сипаттап, оның адамгершілік, қайраткерлік, тұлғалық қасиеттерін дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңіз. Бүгінгі күнмен байланыстыра отырып, қазіргі қоғамдағы Ұлпандай тұлғамен салыстыра отыра, өз пікріңізді дәлелді жеткізіңіз (тақырып жан-жақты қарастырылып талданады; мәселе бойынша өзіндік ой – пікірлер жазылады).

Қазіргі кезде Ұлпанға тән адамгершілік, қайраткерлік, жеке тұлғалық қасиеттерімен көзге түсіп жүрген танымал тұлғалардың бірімен Ұлпан бейнесін салыстырыңыз.

Қорытынды бөлімде көтерілген мәселе бойынша ой-пікірлеріңізден қорытынды шығарыңыз (Өзіндік тұжырым перефраз арқылы қайталанып дәлелденеді).

  • .

ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ДЕТАЛЬДІ ЖОСПАРЫН ҚҰРУҒА ҮЙРЕТЕДІ
ТАПСЫРМАНЫ НАҚТЫ, САПАЛЫ ОРЫНДАУҒА КӨМЕКТЕСЕДІ
ЖҰМЫС ЖАСАУДЫҢ РЕТТІЛІГІ МЕН ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРАДЫ
 ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ЖЕТІЛДІРЕДІ
ЖҰМЫС ЖАСАУ АЛГОРИТМІ

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет