1.Білім алушыны ынталандыру және ескертулер Білім алушы – Калменов Салауат Жансерикұлы өтілген педагогикалық практика кезінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Оқушылармен, мұғалімдермен қалай жұмыс жасау керектігін үйренді. Өзіне берілген жұмыстарды ұқыпты етіп жасап, білмегенін үйренуге тырысты. Жұмысына жауапкершілікпен қарайды. Сабақ өткізуге басында қорыққанымен кейіннен барлығын тез үйреніп, қорқынышын жеңе алды. Жақсы педагог болуға ұмтылысы бар.
2.Кәсіптік практика жетекшісінің қорытындысы (ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) Практика кезінде студенттің оқу-тәрбие жұмыстарында байқалған жақсы жақтары көп болды: өзіне сенімді болып, еркін ұстауы, жауапкершілікті сезінуі, сабақты түрлендіріп (жаңа технология элементтерін пайдалана алуы) өткізуі, көрнекіліктері эстетикалық талапқа сай болуы, мұғалімдердің ашық сабақтарына өзара сабаққа қатысулары, ізденімпаздықтары т.б.. Барлық сабақтар жақсы әдістемелік деңгейде пән мұғалімінің қатысуымен өткізілді. Студент жиынтық бағалаудың мазмұнын және ұйымдастыру тәртібін білу мақсатында «Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар» құралындағы бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары үлгілерімен танысып, балл қою кестелерін түсініп, мұғаліммен бірге оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар құрастырды және БЖБ, ТЖБ өткізу және нәтижелерін талдау үдерісіне қатысып, балл қоюға қатысты.
Кәсіптік практика жетекшісінің қолы ________________
(ұйымнан, кәсіпорыннан, мекемеден) Әнуарбекова Г.Д
«___» _________ 2023 ж.
Сабақтың дидактикалық талдауы Сабақтың психологиялық-педагогикалық талдауы 1. 9 «А»
2. Әнуарбекова Б.Д.
3. 24.01.2023 - 25.02.2023
4. 1-ші ауысым; 1.2. сабақ
5. 16-сабақ
6. Мақсаты: оқушылардың ойлау деңгейі мен білімін дамыту, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.
7. Сабақтың түрі: аралас, бекіту
8. Оқыту әдістері, олардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкестігі:
9. Jigsaw әдісін қолданылды. (жазбаша, жеке жаттығулар және топтық жұмыстар орындау)
10. Сауалнама әдістері: топтық, өзіндік жұмыс.
11. Оқыту мотивтері: интеллектуалдық, әлеуметтік мәнді тікелей орындаушы.
12. Мұғалімнің сабақтағы мінез-құлқы:
Алдымен пәндік жетекшіммен алдын ала алдағы өткізілетін сабақтың жоспарын даярладым, сабақ барысына дайындалдым. Алғашқы сабағымды бірінші сабақта 9 “А” сыныбына жүргіздім. Оқушылармен бір-біріне жақсы сөздер айтқызу арқылы танысып, сергіту сәтін жасадым. Сабақты түсіндіруге кіріспес бұрын, оқушылармен сұрақ-жауап арқылы тақырып жайлы кіріспе жасадым, осы арқылы олардың нені біліп, нені білмейтінін анықтадым.
13. Оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыруда мынадай психологиялық-педагогикалық шеберлік таныттым:
- сыныптың сабаққа дайындығын анықтау;
- сабақты түсіндіру барысында оқушылардың психологиялық-эмоционалдық ахуалын бақылап, соған сәйкес әрекет ету;
- сабақ барысындағы тәрбиелік деңгейді бақылау, оны сәтті сақтау;
- оқушылардың жауаптарын зейін қойып тыңдау, қателіктерімен оқыту, дұрыс жауаптарға оң жауап беру;
- сабақты түсінуде немесе басқа да қателіктер туындаған жағдайда оқушыларға қолдау көрсетіп, түсінбегенін қайта түсіндіру;
- олардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында, дауыс тоны мен оқыту методикасын ауыстырып отыру, шағын ойындар ойнату;
14. Мұғалімнің оқушылармен өзара қарым-қатынасы: оқушылардың жеке пікірлерімен санасып, олардан сабақ барысында барынша белсенді болуды, жеке тапсырмаларды орындауды талап еттім.
15. Мұғалімнің сыртқы келбеті - жинақы, классика стильінде.
16. Сабақтың жалпы бағасы 10. Оқушылардың алға қойылған мақсатқа жету, сабақтың тиімділігі мен оны анықтау әдістемесі, оқытудың қолданбалы түрлерінің педагогикалық негізділігі, оқыту әдістерін таңдаудың мақсаттылығы, оқу үрдісіндегі қайшылықтарды жеңу.
17. Мұғалімнің қызметін жетілдіру және оның тәжірибесін қолдану бойынша ұсыныстар:
- Жұмыс тәжірибеңізді көрсететін материалдарды: жоспарлар, конспектілер, дидактикалық материалдар, эссе мәтіндері мен студенттердің тест жұмыстары, олардың сұрақтары, жауаптары, оқушылардың дамуын бақылауларыңызды сақтаңыз және жинақтаңыз. Сонымен қатар, сіздің күмәніңізді, сәтсіздіктеріңізді ескеріңіз. Әдістемелік әдебиеттерді мұқият қадағалаңыз, сізді қызықтыратын мәселелер бойынша библиографиялық тізімдер жүргізіңіз.