Металл-элементорганикалық қосылыстар.
ЭЛЕМЕНТ-ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР – құрамында элемент – көміртек байланысы бар органикалық заттар. Э.-о. қ-дың реакциясы және қасиеттері негізінен элемент – көміртек байланысына тәуелді. Э.-о. қ-дың негізгі түрлеріне типтік алкильді (арильді) қосылыстар, ацеленидтер (Cu2C2), металл карбонилдері Nі(CO)4, т.б. жатады. Бір қосылыс құрамында бір-бірімен тікелей немесе көміртек атомдары арқылы байланысқан бір немесе әр түрлі элементтердің бірнеше атомдары (Lі2CH2 дилитийметан, кремний-органикалық қосылыстар) болады. Э.-о. қ-ды алудың тех. маңызды әдістері – металдар амальгамаларының галоген алкилдермен реакциясы, т.б. (тетраэтил қорғасын синтезі). Э.-о. қ-дың тіршілік әрекеті процестерінде маңызы зор. Мыс., фосфор-органик. қосылыстар адам мен жануарларда көмірсулар алмасуына қатысады. Күшәла, сүрме, алтын, қорғасын қосылыстары химиятерапияда, кремний қосылыстары жасанды каучук және жағар май өндірісінде, фосфор қосылыстары инсектицидтер ретінде, алюминий қосылыстары полимерлер синтезінде, магний, литий, мырыш қосылыстары органик. синтезде қолданылады.
Моносахаридтерге жалпы түсінік, химиялық қасиеттері.
Моносахаридтер - қарапайым қанттар, көмірсулардың негізгі тобы. Полиоксиальдегидтер (альдозалар) немесе полиоксикетондар (кетозалар) болып саналады. Углеводтары 3 не одан көп көміртек атомдарынан (триозалар, тетрозалар, пентозалар, гексозалар т. т.) тұрады. Циклдық және ациклдық (пираноздық және апираноздық) түрде кездеседі. Ең көп тараған моносахаридтер — глюкоза, галактоза, фруктоза, ксилоза, арабиноза. М. құрамына карбонилді және гидроксилді топтардан басқа ОН — тобының, орнына — сутек атомы (дезоксисахароза), амин тобы (аминды сахарозалар), меркапт топтар (тиосахарозалар), СООН (уронды сахарозалар) т. б. кіреді. М. олигомен полисахаридтердің және ликопротендтер, гликолипидтердің т. б. аралас биополимерлердің құрамына кіред
Аминдер туралы жалпы түсінік (жіктелуі, номенклатурасы, изомериясы).
Аминдер — молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомы амин тобына (-NH2) алмасқан көмірсутектердің туындылары. Амин тобымен байланысқан радикалдың табиғатына байланысты аминдер алифатты және ароматты болып бөлінеді.Аминдерді аммиактағы сутек атомдарының орнын радикал басқан аммиактың туындылары деп те қарастыруға болады.
Молекуласындағы амин тобының санына байланысты аминдер: моноаминдер, диаминдер және полиаминдер болып бөлінеді.
Халықаралық (ИЮПАК) атау жүйесі бойынша көмірсутектерді нөмірлеп, көмірсутектердің атына амин, диамин немесе триамин деген сөз қосып атайды. Аминдерге көміртек қаңқасының және функционалдық топтың орнына байланысты изомерлену тән.
Достарыңызбен бөлісу: |