Тәулігіне 5-6 г кем ас тұзын пайдалану. Сұйықтықты тәулігіне 1-1,5 л/тәул. Физикалық жүктемені шектеу, 20-30 мин, аптасына 3-5 рет жүру. Эмоциональді тыныштық жағдайын қалыптастыру керек.
Медикаментозды ем.
Созылмалы жүрек жетіспеушілігінде келесі топ дәрілер ұсынылады:
АПФ ингибиторлары; (беназеприл, эналаприл, хинаприл және т.б)
Диуретиктер; (спиронолактон, фуросемид, гидрохлортиазид, буметанид және т.б)
В- адреноблокаторлар; (метопролол, бисопролол, карведилол және т.б)
Альдестерон антогонистері,
Жүрек гликозидтері;
Ангиотензин II рецепторларының антогонистері; (лозартан, валсартан, кандесартан, ирбесартан)
Перифериялық вазодилятаторлар;
Метаболитикалық әсері бар препараттар;
Жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің ауыр дәрежесінде дәрігерлер хирургиялық араласуды ұсынуы мүмкін. Үш негізгі хирургиялық емдеу тәсілдері:
Дәстүрлік кардиохирургия (қақпақшалар жеткіліксіздігін түзету, жүрек қарыншасын хирургиялық түзету, кардиоынталандырғыштар қою);
Кардиоимпланттарды орнату – адамның денесіне қосымша қан айналым аппараттарын (жүрек қарыншалары) енгізу операциясы, олар жүректің қызметін ішінара қалпына келтіруге көмектеседі.
Жүректің трансплантациясы (алмастыру). Жүректің жеткіліксіздігінде кардиостимуляторлар және дефибрилляторлар қолданылуы мүмкін.
Жүректің қанмен қамтамасыз етілуін жақсартуға бағытталған хирургиялық емдеуге жататындар:
Ангиопластика және стент орнату
Жүректің тамырларын шунтирлеу.
ЭКГ: Гис шоғырының сол немесе оң аяғының болокадасын, қарынша немесе жүрекше гипертрофиясын, патологялық Q тісшесін, аритмияларды анықтауға болады. Қалыпты ЭКГ созылмалы жүрек жетіспеушілігіне күмән тудырады.