Әсері
|
Парасимпатикалық ж.ж.
|
Симпатикалық ж.ж.
|
Хронотроптық теріс әсер (парасимпатикалық)
Оң хронотроптық – симпатикалық
|
Кезеген жүйкенің әсерінен жүректің автоматия қасиеті төмендейді, яғни жүрек соғуы сирейді. Осы сәтте әрекет потенциалының диастолалық деполяризациясы ұзарады.
|
Бұл жерде керісінше жүректің соғуы жиелейді. Автоматия қасиеті артады.
|
Теріс инотропты әсер (парасимпатикалық)
Оң инотропты әсер - симпатикалық
|
Кезеген жүйкенің әсерінен жүректің жиырылу күші төмендейді, яғнижүрек әлсірейді.
|
Симпатикалық жүйеде жүректің жиырылу күші артады, яғни жүрек жұмыс істеу қабілеті күшейе түседі.
|
Теріс дромотроптық әсер(парасимпатикалық)
Оң дромотроптық әсер - симпатикалық
|
Кезеген жүйке сонымен қатар жүрек етінің қозу өткізу жылдамдығын да төмендетеді, әсіресе жүрекше мен қарынша аралығындағы кідіру кезеңін ұзартады.
|
Бұл жүйе бойынша жүрек етінің қозу өткізу жылдамдығы артады, яғни кезеген жүйкеге ұарама қарсы болып келеді.
|
Теріс тонотроптық әсер
(парасимпатикалық)
Оң тонотроптық әсер - симпатикалық
|
Кезеген жүйке негізінде жүрек етінің ширығуын төмендетеді. Сондықтан дүрек еті қатаймай солғын тартады, ал диастола кезінде қатты босаңсиды. Осыған байланысты кардиограмма диастола кезінде төмен қарай ығысады.
|
Симпатикалық жүйке негізінде жүрек етінің ширығуы артады. Жүрек еті қатайып, еті қанық болады.
|
Батмотроптық теріс әсер (парасимпатикалық)
Оң батмотроптық әсер
Симпатикалық жүйке
|
Жүректің қозу қабілетінің төмендеуі ,бұл кезеген жүйкенің әсерінен болады. Осыған орай жүрек еті қозу табалдырығынан жоғары күшке ғана жауап береді.
|
Бұл жүйке негізінде жүректің қозу қабілетінің артуы, бұл симпатикалық жүйкеге байланысты болып келеді.
|