Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №1 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: ЖҮрек физиологиясы хаттама құрастыру



бет1/4
Дата28.04.2023
өлшемі111,13 Kb.
#88028
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
11физ


КАРДИОВАСКУЛЯРЛЫ ЖҮЙЕ ФИЗИОЛОГИЯСЫНАН
1 ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТЫҢ ТАПСЫРМАЛАРЫ:
ЖҮРЕК ФИЗИОЛОГИЯСЫ
Хаттама құрастыру:

1 Тапсырма . Жүрек автоматиясы дегеніміз жүрек етінің сырттан тітіркенусіз, оның өзінің ішінде өтетін процестер әсерінен, өздігінен қоза алатын қабілеті. Организмнен бөлініп алынған жүрек, егер оны физиологиялық ерітіндіде ұстаса, ешқандай сыртқы әсердің көмегінсіз яғни өздігінен ырғақты соғуын жалғастыра алады. Осы қасиетті оның автоматиясы деп атайды. Және организмнен алынған жүректі өз тамырына оттегімен қаныққан жылы қанды әдеттегі қысыммен жіберетін болса, тоқтап қалған жүрек қайтадан жиырыла бастайды.Бұл тоқтап қалған жүректің қайта соға бастауы, яғни жүректің автоматиялық қасиеті оның ет тканьдерінің қозуына байланысты болып келеді.




Сызба нұсқасында көрсеткіштерін жазып көрсету.

  1. – синус түйіні. І реттік ырғақ жүргізушісі (60-80 имп/мин).

  2. - атрио-вентрикулярлық түйін. ІІ реттік ырғақ жүргізушісі (30-40 имп/мин).

  3. – Гис шоғыры. 30-40 имп/мин

  4. – Гис шоғырының аяқшалары

  5. – Пуркинье талшықтары (өткізгіш миоциттер) - 20 имп/мин.


.
2 тапсырма. Кестені толтыру «Жүректің жиырылу оралымы. Жүрек оралымында жүректегі қысымның өзгеруі және қақпакшалар жұмысы».



Жүрек оралымның кезендері

Жүректегі қысымның өзгеруі

Жүрек оралымда қақпақшалар жұмысы

1-шиырығуы - 0,08с

Қан қысымы көтеріледі

Айшық қақпақшалар ашылады

Асинхрондық жиырылу - 0,05с

Қарынша куысындағы қысым өзгермейді

Атриовентикулярлық қақапақшалар ашық қалпында қалады

Изометрлік жиырылу - 0,03с

Қарыншадағы қан қысымы көтеріледі

Жүрек қақпақшалары жабық болады

2-қан айдау кезеңі - 0,25с

Қарыншадағы қан кысымы артады

Айшық қақпақшалары ашылады

Тез қан айдау кезеңі - 0,12 с

Қысым одан әрі көтеріледі

Қос жақтаулы қақпақшадан ашылады

3-Қанға толу кезеңі - 0,25с

Қан қысымы артады

Қан жірекшеден лапылдан ағады

Тез толу - 0,8с

Қарыншада кан кысмы жогары болады

Қан қолқа ман өкпелік артраиясына қтуді қамтамасыз етеді

1-Протодистола - 0,04с

Қан қысымы жоғары болып қайтадан төмендейді

Айшық қақпақшалары ашылған күйде қалады

2-Изомерлік босау кезі - 0,08с

Қарынша қуысында қысым азаяды

Қос жактаулы және 3 жақтаулы қақпақшалар ашылып ,қан қарыншаға құйылады

Баяу толу - 0,17с

Қан ағуы баяулай бастайды

Қос жактаулы және 3 жақтаулы қақпақшаларашық күйде қалады

4-Преситола кезеңі - 0,1с

Жүрекшелер жиырылады қарыншаға қосымша қан қысымы құйылады




3тапсырма. Электрокардиограммадағы тісшілердің пайда болу механизмдері.


ЭКГ- жүрек етінің биопотенциалдарын тіркеу әдісі. Біз потенциалды жазып алу барысында оны қолға, аяққа, кеудеге қойылған электродтар арқылы электрокардиограф аспабымен жазып алуға болады. Электрокардиографпен жазып алынған қисық сызық латын алфавитінің соңғы әріптерімен белгіленген бес тістен тұрады. Олар P,Q,R,S,T болады, олардың ушеуі электр осінен жоғары, екеуі төмен қарай бағытталған болады. Негізінде жүрек етінде туған қозу, деполяризацияға тән заряд миокардтың бір жерінен екінші жеріне көшіп біртіндеп барлық ет талшықтарын қамтитын болады. Электрокардиограмма тістері миоциттер деполяризациясы мен реполяризациясына сәйкес келеді. Р тісі екі жүрекше қозған кезде туған ток жиынтығын көрсетеді. Оң және сол жүрекшеде туған токтар қосылып, жинақталмаса ЭКГ да қос Р тісі пайда болады. Q тісі екі қарыншаны бөліп тұрған перденің сол жақтағы орта бөлігінің деполяризацияланған кезінде пайда болады. R тісі қарынша пердесінің төменгі жағына және қарыншалардың ішкі бетінен сыртына қарай сол зарядтың таралуын көрсетеді. S тісі қарыншалардың түп жағындағы ет талшықтарының сол зарядталуынан пайда болады. Сонымен қатар S тісі пайда болған кезде қозу қарыншаны тұтас қамтитын болады. Т тісі қарыншалардың реполяризациясын көрсететін тісі. Q, R, S, T тістері қозудың қарныша еттеріне таралуын, одан әрі оның сөнуін көрсетеді.


1 тапсырма. Кестені толтыру«Жүрек жұмысына ВЖЖ әсері»







Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет