жүрек қызметін басұаша бағытқа өзгертіп , жүйкелік қан қысымының түрақтылыығн сақтап тұрады. Жүректен шыққан қан мөлшерінің азаюы артериялардағы жүйелік қан қысымын төмендетеді.
Қолқа маңындағы барорецепторлардың қозуынан туған тамырлық рефлекстер қан тамырлары саңылауын тарылтып, кеңейтетін болады.
Синокаротид алаңы
Жүрек қызметін және артериялардың диаметрін өзгертіп қолқа алаңынан пайда болған тамырлық рефлекс тәрізді қан қысымын әдеттегі деңгейге жеткізеді.
Бұл алаңның қан жүйесінен бөлініп алынуы барысында, көмір қашқылды газға қанықтырылған ерітіндіні алаңнан жіберсе, қантамырлары тарылып ондағы қысым рефлекстік түрде көтеріледі. Яғни, синокаротид алаңында орналасқан баро және хеморецепторлардан вазомоторлық орталыққа бағытталған толқындары оны үздіксіз тонуста ұстап тұратыны айтылған.