Кардиоваскулярлы жүйе физиологиясынан №2 практикалық сабақТЫҢ тапсырмалары: Қантамырлар физиологиясы хаттама құрастыруТканьде жиналған көптеген метоболиттер
9 сабак Балнур
№ 5 тапсырма . Гемодинамика параметрлерінің кейбір көрсеткіштерін есептеу Жұмысқа қажетті: 1. Пальпация әдісімен ЖЖЖ есептеу. Зерттелушінің эмоционалды реакциясын шеттеу мақсатында, есептеуді бірден емес ,тамырды қысқаннан кейін 30 сек, кейін жүргізеді. 2. Коротков әдісімен қан қысымын анықтау.. Систолалық (СҚ) және диастолалық (ДҚ) кысымның көлемін анықтау. СҚ-бір систола кезінде жүректен шығатын қан көлемі (ЖЖЖ мин. 70 – 75 рет болғанда 65 – 70 мл тең). ДҚ-жүректің артериялардың ішіне артериялардың ішіне қан қысым жасайтыны, яғни жүрек қанның артерияларға белсенді түрде шығарылмауы Савицкий бойынша гемодинамиканы есептеу А. ОДҚ есептеу. ПҚ- пульстық қысымды, және ОДҚ орташа динамикалық қысымды формула бойынша есептейді: . ПҚ=СҚ-ДҚ(мм.с.б.б.) ОДҚ=ПҚ/3+ДҚ (мм.с.б.б.) Сау адамдарда ПҚ 35-тен 55-ке шейінгі мм с.б.б. арасында ауытқиды. Онымен жүректің жиырылғыштық қасиеті байланысты. Орташа динамикалық қысым (ОДҚ) прекапиллярлардағы қанайналымды көрсетеді, бұл өзінше бір қанайналым жүйесінің потенциалы, ол тіндер капиллярына түсетін қан жылдамдығын анықтайды. ОДҚ жасы ұлғайған сайын 85-тен 110-ға шейін мм с.б.б. жоғарлайды. Әдебиеттерде ОДҚ -70 мм с.б.б. төмен болса онда гипотония деп, 110 мм с.б.б. жоғары болса — гипертония деп жазылған. АҚ ең тұрақты көрсеткіші болып, ОДҚ түрлі әсерлерден азғантай ғана өзгереді. Физикалық жүктеме кезінде ОДҚ-ның өзгерісі 5-10 мм с.б.б. жоғарламайды, ал ОҚ бұл жағдайда 15-30 мм с.б.б. жоғарлайды. ОДҚ-ның өзгерісі, 5-10 мм с.б.б. жоғары болса, онда бұл қанайналым жүйесінің бастапқы кезеңінің бұзылысы болып табылады. Нәтижесі: ПҚ=СҚ – ДҚ, қанның соққылық көлемі мен артериялық жүйенің резервтік сыйымдылығының қатынасын көрсетеді (35-40 мм.с.б.). жүктеу/скачать 20,75 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |