ӨРНЕК ДАЛАСЫ – жазық, Катонқарағай а.о.Жердің географиялық
ерекшелігіне байланысты қойылған атау [146].
ӨРНЕКТІҢ ҚЫСТАҒЫ – қыстақ, Өрел а.о.. Қыстақ атауына
Өрнек гидронимі негіз болған. Мал шаруашылығымен айналысқан
қазақ халқы үшін су көздері орны ерекше болған. Су көздері бар
жерлерге қоныстанған. Негізгі атау су көздеріне беріліп, сол маңайдағы
елдімекендер сол атауға ие болған. Мағыналық қатар сақталып отырған.
М.: Өрнек жерінде орналасқан [119]. М.: Бригадир Тургамбаев из колхоза «Орнек» требовал поберечь лошадей: «Иные лихачи гоняют лошадей с бричками, доверху гружеными гравием, во весь опор. Это, конечно ускоряет дело, но лошадимогут пасть от перенапряжения – они и так уже истощены» [12,80б.].
ӨРТЕНШОҚЫ – шоқы, Катонқарағай ауд. Өртен (зат есім)+шоқы
(зат есім) сөзерінен жасалған. Мұндағы бірінші сыңары өртен монғ.
уртен «қарауыл, пост» деген сөзінен шығады. Өртеншоқы тура
мағынасында «қарауыл шоқы» болады. Ал қазақ тіліндегі өртең сөзінен
де жер-су аттары жасалады. Ол өртеңген жердің орнына өскен ағаш,
шөбі бар жерлерге қойылады[166,158б.]. М2.: Оны іздеп «шалдың» бармаған жері, баспаған тауы қалмаған. Өртеншоқыны да, Ақшоқы мен Тасшоқыны да тегіс адақтап шығыпты[11,150б.].
ӨСКЕЛЕҢ – жота, Аққайнар а.о. Шөбі өсімтал болу себепті
қалыптасқан топонимдік атау. Өскелең сын. 1. Тез өскіш,
өсімтал[54,224б.] М1.: Осы жердің адамдары аюды бір апта бастаған[152]. М.: «Шұбарағашта Өскелең деген жота бар, сол жотаның үстіндегі ең кішкентай қабір – менің ұлымның мүрдесі, бір уыс қана топырақ алып қайттым, сандықтың түбінде сақталған[25,334б.].
М2.: – Сен Өскелеңге тарт, ағайын келе жатыр, қамдансын, - деп Ниязбек атқосшы жігітті шақырып алып тапсырма берді. ... Өскелеңді көргенде мен Дидахметтің «Жер аңсаған саратанын» есіме алдым. Бұл елге түйелі мал бітпеген. ... Өскелеңдегі ағайын ағаштан үй көтеріп үлгермепті. Басында шатыр, бауырында бала-шаға, алдында бір отар қой, екі үйір жылқы [170,50б.]. М3.: Өскелеңнің үстіне шыққанда атақты Мұзтауы қол созым жерде аппақ болып, табиғат-ананың ақ ордасындай кел-кел деді[18,256 б.].
213
ПАЗЫРЫҚ – қорым, Берел а.о. Пазырық обалары, патша обалары
– Таулы Алтай өлкесін ерте темір дәуірінде мекендеген тайпалардың
археологиялық мәдениеті (біздің заманымыздан бұрынғы 6 ғасырдың
ортасы – 3 ғасыр). Осы мәдениеттің айрықша ескерткіштері үлкен
обалардың ғылыми әдебиеттегі шартты атауы [173]. М.: С историей аримаспов связывались также знаменитые курганы долины Пазырык, Туэкта, Башадар (Горного Алтая, Южной Сибири), отдельные раннекочевнические памятники современной Восточно-Казахстанской области (Берельский могильник Катон-Карагайского района)[167,122б.].