Катон-Верстка-01. indd



Pdf көрінісі
бет196/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ПОПЕРЕЧНЫЙ КЛЮЧ – қыстау, Маланарым а.о. «Көлденең 
бұлақ» мағынасын береді. Бұлақтың физикалық ерекшелігіне 
байланысты қойылғанатау [123].
ПОПОВСКИЙ ЖАЙЛАУЫ – жайлау, Катонқарағай а.о. 
антропотопоним, орыс ұлтының дінімен байланысты қалыптасқан 
атау болуы мүмкін. Ғалымдар отаршылдық мазмұндағы атаулардың 
сипатына тоқтала келе, оларды бірнеше топқа бөліп қарастырады, 
соның ішінде осы атауға сай келетін сипаты бойынша топоним атауы 
христиан дінің уағыздайтын діни мейрамдар, әулиелер атауларынан 
т.с.с. қойылған [36,35б.], Х.: Поп қуысы [159].
ПРИМОРСК – ауыл, Новохайрузовка а.о. қоныстандыру саясаты 
салдарынан қалыптасқан топонимдік атаулардың бірі деп қарастырамыз, 
«1891 жылы наурыз айында қазақ жері мемлекеттік меншік деген 
ресми құжат қабылдады. Орталықтан келімсектерді қазақтардан 
тартып алынған жерлерге қоныстандыру саясаты мемлекеттік сипат 
алды, арнайы түрде «Переселенческая конторалар» құрылды. Қазақ 


215
жерінің ең шұрайлы жерлерінде орыс елді мекендері жаңбырдан 
соңғы саңырауқұлақтай қаптай түсті. Енді келімсектер қоныстанған 
жерлердегі байырғы халықтық топонимдерді лақтырып тастап, тұтастай 
отаршылдық рухтағы жер атаулары қойыла бастады. Елді мекен, жер 
атаулары ешқашан жергілікті халықтың еркімен есептеспей, басакөктеп 
отаршылдық топонимдермен алмастырылып жатты. Елді мекен, жер 
атаулары қазақ жерінде бұрын-соңды тарихта болмаған жылдамдықпен 
өзгеріске түсіп қоздауы - топонимиканың саясатпен тікелей байланысты 
жататын құбылыс екенін, яғни саясат қандай мақсатпен жүргізілсе, 
елді мекен, жер атаулары да сол саясат ығына қарай бейімделіп 
өзгеретінін әрі мұның езі бүкіл әлем тарихына да ортақ құбылыс екенін 
керсетеді»[184,400 б.]. М: Орыстардың берген атауы [153].
ПРОНЕХА – ж.а. Таутекелдің орысша атауы [100].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   192   193   194   195   196   197   198   199   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет