259
құрамында келіп, топоним жасаушы компонент ретінде де жиі
қолданылатындықтан, «тентек» сөзі бұлақтың қандай екенін сипаттап
тұр. Яғни бұлақ суының тасуы, арнасынан шығып кетуі, қатты ағыспен
ағуы бұлақты тентек деп атап, «Тентекбұлақ» атауының қалыптасуына
негіз болған[103].
ТЕРЕКТІ – ауыл, Алтынбел а.о. Ойконим. Өзен атауы негізінде
қалыптасқан. М:1. «Соғыс алдында, соғыс кезінде Ленин атындағы
колхоздың
Теректі кен басқармасы, алтын қазатын үлкен кен өндірісі
болған»[41,23б.].
М:2. Мен одан: «Ол қандай жұмыс?» деп сұрап
едім, ол: «фабрикадан алынған таза алтынды 35 шақырым жердегі
Теректі селосындағы Нарын кен басқармасының орталық кассасына
апарып тапсырып, қайтқанда Үкіметтің майдангерлер отбасына
тағайындалған жәрдем ақыларын алып, оны тиісті иелеріне
тапсырасың және поштаны әкелесің» деді[40,180б.]; М:3. Бұрындары
алтын өндірілген деп айтылған. Қазір осы іс қайта жандануда деген
сөздер бар[122].
ТЕРЕКТІ –
жайлау, Солоновка а.о. [123].
ТЕРЕКТІ – өзен, Алтынбел а.о. Айналасында терек ағашының
көптеп өсуіне байланысты берілген атау. Терек сөзіне «–ті» сын
есім тудырушы жұрнағының жалғануы арқылы жасалған.
М:1.
Қойшы жайлауынан өз бастауын алады. Өзен бойында қалың терек
өскендіктен, Теректі деп аталған. Теректі 1-Теректі, 2-Теректі,
3-Теректі деп бөлінеді[137].
М:2. Теректі деген Үштөбені басып өтетін
өзен[150].
М:3. Колхоз шаруашылығында жұмыс істеген кезде Алтай
тауының ар жағындағы «Маралиха» өзенінің суын Үштөбе ауылына
дейін, «Ақтүйенің» суын Новоберезовкадан Теректі суына әкеп қосу
арқылы, еңіс мөлшерінің есебінен Теректі суының бойына 6 фрегат
салынып, ешқандай шығынсыз жұмыс істеп тұрды[89,12б
Достарыңызбен бөлісу: