256
ТАУАСАР – асу, Белқарағай а.о. Тау (зат есім) және асар (етістік)
сөздерінің бірігуі арқылы жасалған. Топоним тауды асуға болатын жер
деген мағынадан туындайды
. М.: Маңдайша, Төржайлау мен Тауасары
Тұрғандай маған бола аласарып[42,93б.]; [147].
ТАУТЕКЕ СУЫ – өзен, Қатонқарағай а.о. Атау таутеке (зат есім)
және суы (тәуелдік тұлғасындағы зат есім) сөздерінің тіркесуі арқылы
жасалған. Бірінші компонент тауды мекендейтін ешкі тұқымдас жабайы
аң атауын береді. Екінші компонент «су» сөзі өзен мағынасында
қолданылған. Катонқарағай ауданы топонимдерінің ерекшелігі су – өзен,
жұрт – жайлау, қыстау мағынасындағы қолданыстардың болуында. Яғни
маңайын таукелелер мекендейтін өзен мағынасын беретін атау «Таутеке
суы» деген формада қолданыс тапқан.
М.: Бұл жерде таутекелер көп
мекендеген. Осы өзеннен су ішкен. Сол себепті Таутеке суы деп аталып
кеткен [133].
Достарыңызбен бөлісу: