Катон-Верстка-01. indd


АЛТЫБАЙ – ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним. М: Кісі атына  байланысты қойылған атау[118].  АЛТЫБАЙ



Pdf көрінісі
бет38/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

АЛТЫБАЙ – ж.а. Өрел а.о. Антропотопоним. М: Кісі атына 
байланысты қойылған атау[118]. 
АЛТЫБАЙ – қыстау, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Алтыбай 
тауының жанында орналасқан[119].
АЛТЫБАЙ – тау, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Биік таулардың 
бірі. Тақырланып келген тау[119].
АЛТЫБАҚАН – шың, Белқарағай а.о. Ел жайлауына көшіп келген 
кезде алтыбақан құратын жер. М.: Жаз жайлауына көшіп келгенде, сол 
жерге алтыбақан құрған[147].
АЛТЫБАС  ж.а., Новохайрузовка а.о. Жергілікті халық қазақ-
жоңғар соғысы кезінде қарсы жақтың алты адамының басын кесіп, 
көпір алдына іліп қойған оқиғаға байланысты қойылған атау дейді. 
М: Көпірден өткенде қайырылған жол бар, Алтыбас сол жерде[144].
АЛТЫҒАЙ – қыстау, Өрел а.о. Антропотопоним. М.: Өректің бергі 
жағындағы қыстақ. Желді мекен[100].
АЛТЫҚЫЗ – ж.а., Аққайнар а.о. Алты қыздың боранды күні 
адасып, қайғылы жағдайға душар болуына қатысты қойылған атау. 
М.1: Алты қыз адасып кеткен, сол жерде қайтыс болған дейді [120]. 
М.2: Шығысы Қоңқайға, оңтүстігі Алтықыз таушасына тірелетін 
далашықтың әп-әдемі төскейіне соқаның түрені тиіп, біраз жылдан 
бері сұлы егіп келе жатқан. [23,20б.]. М.3: Көрмеген жердің ой-
шұңқыры көп деген сөз бар. Мен Алтықызды да, Қарасаз-Жетікезеңді 
де, Төрқуыс пен Иректің арғы басталар басын да бұрынды-соң 
көрмеген едім[18,139 б.]. 
АЛТЫНАЙ – тау, Солоновка а.о. Антропотопоним. М.: Ескі атауы 
белгісіз [123].
АЛТЫНБЕЛ – ауыл, Алтынбел а.о. Алтын металына қатысты 
қойылған атау[139]. М.1: Нағашымның өмірінің көбі, барлық еңбек 
жолы жарты ғасыр (50 жылдан астам) бойы «Ново-Березовка» 
қазіргі «Алтынбел» ауылында өтті. Біраз жыл бұрын Жиынбол аға 
«Алтынбел» деген атты өзі ұсынып, аудан басшылары қолдап, тұрған 


65
ауылына осындай әдемі, маңызды ат бұйырды[89,44б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет