«Тәңір суы» деп те атайтын. М.1: Амал жоқ, көзілдірік киген қасқа бас біреуді қасыма қонжитып алып, елу шақырым жердегі Арасанға зулай жөнелдім. [11,170 б.].
АРҒАМЖЫ – ж.а., Берел а.о. Бұл жерде жердің көлемі таспадан
жасалған арқанға ұқсас болғандықтан аталуы мүмкін. Ұзындығы
9-12 құлаш, жуандығы саусақтай қос таспадан есілген қайыс арқан.
Арғамжыны қашаған ұстауға қолданатын болған[43]; [101].
АРҒҰТ – өзен. Аргу – екі таудың арасында орын алған жерді
сипаттайтын географиялық термин тұрғысында сипатталады. Өзен
тау арасынан немесе бөртектер арасынан ағып жатса, географиялық
ерекшелігіне байланысты қойылуы мүмкін[61,554 б.]. М.: Ақыры саудайы екі досты Мырзахмет бастық қайыра табыстырып, алдарына үйір-үйір жылқыны салып береді де, Арғыт тауының арғы жағына асырып жібереді[8,136б.].
АРҒҰТ – тау, Өрел а.о. Белгілі бір ру мекендеген аймақ мағынасында
не болмаса аралық тау мағынасын беруі мүмкін. Атаудың құрамындағы
«Аргу» сөзі түркі тайпасының ішінде кездесетін ру атауы болуы мүмкін.
«Аргу» сөзіне байланысты М. Қашқари сөздігінде «1. Аргу – ру атауы;
2. Аргу – Тараз бен Баласағұн арасындағы аймақ; 3. Аргу – екі таудың
арасында орын алған жерді сипаттайтын географиялық термин»
тұрғысында сипатталады [61,554 б.]. Атау құрамындағы Арғұ(-т)
көптік мағына қалыптастырушы көптік жалғауы болып табылады[94].
М.1: Мұндай қасіретті естіген елде ес қала ма, түні бойы ұйқы жоқ, сүйекті алып қайтуға төрт ат, төрт жігіт, бір зембіл дайындап, таң атпай Арғытқа аттандырады[8,141б.]. М.2: Арғыттың арғы етегі жылы, жылқыларды тебіндетіп, сол жақта қыстап шығыңдар! - деп тапсырады бастық[8,137 б.].
АРҒЫӘТЕЙ - Алтынбел а.о. Антропотопоним[137].
АРҒЫДӨҢГЕЛЕК – жайлау, Өрел а.о. Дөңгелек нысанынан ары
қарай орналасқан жайлау мағынасында тұр [100].