Катон-Верстка-01. indd


ГОРЫ – қыстау, Маланарым а.о. Таудың арасында қыстау  болғандықтан қойылған атау [123]. ГРЯЗНУШКА –



Pdf көрінісі
бет74/305
Дата08.11.2022
өлшемі2,93 Mb.
#48337
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   305
Байланысты:
Катон-Верстка-336 стр.

ГОРЫ – қыстау, Маланарым а.о. Таудың арасында қыстау 
болғандықтан қойылған атау [123].
ГРЯЗНУШКА – өзен, Солдатова а.о. Көл суының таза емес, лай, 
батпақ болуымен байланысты қойылған атау. Орыс тілі сөзі арқылы 
жасалған. М.: Нарынға қосылады. Батпақ, лай су болғандықтан солай 
атап кеткен, өзеннің ұзындығы 7-8 шақырым ағады[128].
ГУСИННЫЙ – қыстау, Новохайрузовка а.о. Қаз өсіретін ферма 
атауы орыс тілінде берілген. М.: Қаз өсірген ферма [144].
ДАЛЫҚТАЙ – тау, Аққайнар а.о. Анропотопоним. Атаудың 
мағынасын әлі де нақтылауды қажет етеді. Көл бойындағы тау кісі 
есімімен байланысты аталған. М.: Далықтай көлінің бойындағы тау 
[152].
 ДАЛЫҚТАЙ КӨЛІ – көл, Аққайнар а.о. Антропотопоним. М.: 
Дөңгелек, балығы жоқ, әдемі көл. Дәлектей деген жігіт үйректі атып, 
көлдің ар жақ бетінен алып келемін деп сол көлге батып кеткен. Сол 
себепті солай атаған [152].
ДАЛЫНТАЙ – өзен, жайлау, Аққайнар а.о. Далынтай атауы моңғол 
тіліндегі тал «жазық дала» + -ын «ілік септігінің жалғауы»+ тай «ат 
суытатын бекет» , яғни талын тай «ат суытатын бекетті бар құла дүз» 
мағынасын беруі ықтималы. Себебі «Моңғол тілінің үлкен түсіндірме 
сөздігінде» тай I сөзінің «Морин өртөөний буудаллах газар «ат суытатын 


98
жер»:
тайны гэр (өртөөний буудаллах гэр «жол бойындағы үй, бекет», 
тайны газар шиг- сөзбе - сөз: ат суытатын жер сияқты (орон байр, 
гэр байшин хог новш, хүний хөлд дарагдан эмх цэгцгүй байх - аяқ алып 
жүргісіз, қоқысқа толы жер) мағыналары тіркеледі [174].
Кісі есімімен байланысты атау. М.1.Өңкиген таулар, шүңкиген 
шыңдардың етегімен сар желіп, «Далынтай» деген далаға жеттік. 
Желмен желкілдеген бұл да бір жазиралы жалпақ жайлау [6,71б.]. 
М.2. Алтысиырдан кейінгі өзен[152].
ДАРБЫ – шың, Катонқарағай а.о. 1-н. «Дарбы» сөзі қазіргі түркі 
тілдерінде, соның ішінде, түрік тілінде «шайқас, қақтығыс» деген 
мағына береді. Шың атауының қалыптасуына тарихта орын алған 
белгілі бір шайқас, қақтығыс негіз болуы мүмкін. 2-н. Бүркіттің ұя 
салуына байланысты қойылған атау. Дарбы – сөзінің түбірі дар/ тар 
сәйкестігі болуы мүмкін. Себебі, бүркіттің ұя салатын жері тар болып 
келетінінен болса керек. М.1. Ұшар басын аппақ қар көмкерген сонау 
Дарбы шыңының оң жағын ала жаңа ай туыпты [11,186 б.]. М.: 
Бүркіттің ұя салатын жері, тарлау жер [163]; [107].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   305




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет