Каучук және резеңке Оқытушы: Милисова Н. Б



бет3/5
Дата15.12.2023
өлшемі3,8 Mb.
#138851
1   2   3   4   5
Байланысты:
лекция-13

Қолдану аясы

Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады.Резеңке баспа машиналарының біліктерін, баспа валлдарын және т.б. жасауда таптырмайтын құрал. Резеңке шаруашылығының жарты көлеміне жуығын автокөліктің шиналары, резеңкелік шаруашылығын шығарудың көптеген бөлігін резеңкеден жасалған аяқ-киім және басқа да халыққа қажет бұйымдар (медициналық бұйымдар, ойыншықтар, спорт киім жарақтары) құрайды.

Машина жасауда қолданатын резеңке бұйымдарды тоғыз топқа бөледі: нығыздағыштар, дірілді және шуды бәсеңдеткіштер, соққыға қарсылар, күштік, сырғанау тіреулері, иілгіш компенсациялық прокладкалар, ауада тұрақтылар, фрикциондық және қорғаушы.


1839 жылы американдық өнертапқыш Чарльз Гудьир күкіртпен шикі каучукты араластырып, содан кейін қыздыру арқылы резеңке икемділігін температуралық тұрақтандыру тәсілін тапты. Бұл әдіс вулканизация деп аталды, бұл алғашқы өндірістік полимерлеу процесі болуы мүмкін. Вулканизация нәтижесінде алынған өнім резеңке деп аталды.
Вулкандау үрдісі кезінде каучуктың сызықтық құрылымды макромолекуласы, вулкандаушы қоспаның (күкірт жəне органикалық асқын тотығы) қатысуымен, өзара көлденең байланыстармен байланысып кеңістіктік құрылым түзеді:
Вулканизация процесі
  • Резина бұйымдарын дайындаудың ең соңғы сатысы вулкандау болып табылады. Вулкандау кезінде бұйымның формасы бекиді.
  • Вулканизатордың мөлшеріне байланысты жұмсақ жəне қатты эбонит резина алуға болады. Вулкандағаннан кейін шикі резинадан жасалған бұйым өзінің пластикалық қасиетін толық жойып, иілгіш солқылдақ, мықты жəне химиялық реагенттерге тұрақты болады.
  • Вулкандау үрдісі 125-180 температурада арнаулы аппаратта (қыздыратын қазан, пресс, автоклав пресс) 0,3-0,5 МПа қысымда, қаныққан бу атмосферасында, ыстық ауада жəне т.б. жағдайда жүреді.

Синтетикалық каучуктер табиғи каучукке қажетті балама болып табылаады. Жалпы, оларды екі үлкен топқа бөлуге болады: жалпы және арнайы міндет атқаратын каучуктер.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет