Коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорын.
№8 «Ақбота» шипа-жай типті бөбекжай - балабақшасы, Атырау қаласы.
жоғары санатты тәрбиешісі Куанышева Даметкен Бисенқызы.
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс- әрекет: Көркем әдебиет .
Тақырыбы: М. Әлімбаев «Менің ойыншықтарым» - оқу. Мақсаты: Білімділік: Балаларға ойыншықтар туралы түсінік беру, олармен қалай ойнауды көрсету,үйрету.
Дамытушы: Шығарманы мұқият тыңдап жеке сөздерді қайталауға, көркем сөз арқылы ойыншықтардың аттарын дұрыс айтуға жаттықтыру. Балаларға шығарманың мазмұнын түсіндіру барысында сөздік қорларын жаңа сөздермен молайту.
Тәрбиелік: Балаларды шығарманы мұқият тыңдауға тәрбиелеу, ойыншықтарға мейірімділікпен және ұқыпты қарауға талаптануларын арттыру, машинамен қимылдар жасауға үйрету.
Сөздік жұмысы: Ойыншықтар, машина, қуыршақ.
Көрнекіліктері, құралдар : Суреттер, ойыншықтар.
Әдіс-тәсілдер: Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойыншықтармен ойнау.
Әрекет
кезеңдері
Тәрбиешінің іс – әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық
Қозғаушы
Шаттық шеңбер.
Дид. жаттығу « Ойыншықтарды, қуыршақты, құлыншақты машинамен сүйрету». Балалар машинаның артынан жүреді.
Қызықты сәт: Қуыршақ Әсем келеді көп ойыншықтармен.
Балалар шаттық шеңбер жасайды,ойыншықтардың артынан жүреді,қызықтай
ды.
Іздену- ұйымдастырушы
Балалардың назарын ойыншықтарға аудару. Дид.ойын «Қандай ойыншық?» Мақсаты: ойыншықтарды танып, аттарын дұрыс атау, түсін атау, ажырату. Сұрақтар: Қандай ойыншық? Түсі қандай? Сергіту жаттығу. М.Әлімбаев «Менің ойыншықтарым» шығарманы оқу және әңгімелеп беру. -Шығармада қандай ойыншықтар туралы айтылған? - Ойыншықтар не істейді? Сөздік жұмыс: Ұрыншақ, құлыншақ, қуыршақ, ойыншықтар, машина. Қуыршақ Әсем- сөздердің мағынасын түсіндіру, дұрыс айтуға жаттықтыру.
Балалар ойыншықтармен танысады, ойынға қатысып, таныс ойыншықтардың аттарын атайды, түсін ажыратады, қалай ойнайтынын айтады, көрсетеді.
Сергіту жаттығуды орындайды. Балалар қимылдарды орындайды.
Өлең шумағын айтады Шығарманың мазмұнын мұқият тыңдайды, сұрақтарға жауап береді.
Жаңа сөздердің мазмұнын түсінеді,қайталап айтады.
Рефлексивті -
Коррекциялаушы
(түзетуші)
Сұрақтар: Балалар не турады шығарма оқыдым?
Қандай ойыншықтармен таныстыңдар, олармен қалай ойнаймыз. Ойнау әдісі мен ережесін көрсету, ұқыпты, сындырмай ойнауды , жинап қоюы өз орнына балаларға ескертеді.
Ойын орталығында ойыншықтармен ойнау.
Сұрақтарға жауап береді. Ойыншықтармен ойнау әдістерін көрсетеді.
Ойыншықтармен ойнайды.
Күтілетін нәтижелер: Ойыншықтар туралы көркем шығарма білу.
Білу тиіс: Таныс ойыншықтардың танып , аттарын атау.
Түсінігі болу: Қалай ойнауды түсінік болу.
Істей алуы: Сұрақтарға жауап беріп, мазмұнын түсіне алу.