Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы



бет1/3
Дата28.04.2023
өлшемі20,06 Kb.
#87994
  1   2   3
Байланысты:
Документ (2)


27.​Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы.
Каучук — эластикалық, су және электр өткізбеушілік қасиеттерімен сипатталатын табиғи немесе синтетикалық эластомерлер, оларды вулканизациялау арқылы резеңкелер мен эбониттер алуға болады. Каучук деген сөз Бразилияның “као - очу” ағаштың көзі жасы деген сөзінен шыққан. Каучук өсімдіктері Оңтүстік Америка, Африка, Малая сияқты экватордың тропикалық аймақтарында өседі. Каучуктың ең көп беретін биіктігі - 45метр. Каучук — қатты зат. Молекулалық массасы 150000—300000 шамасында. Каучуктың аса маңызды қасиеті — оның майысқақтығы. Каучук суды, газды өткізбейді және электроқшаулағыш. Каучук табиғи, жасанды болып бөлінеді. Табиғи каучук көксағыз, таусағыз сияқты кейбір өсімдіктердің сүтті шырындарында болады. Табиғи каучук Бразилияда өсетін «Гевея» деп аталатын өсімдіктің сүтті шырынынан алады. Жасанды каучук, этил, метил спирті, мұнай, табиғи газ, бутадиен, стирол, изобутилин сияқты органикалық заттарды полимерлеу арқылы алады. Елімізде жасанды каучукты көбінесе дивинилден алынады. Синтетикалық каучук қолдануына байланысты жалпылай міндет атқаратын жəне арнайы міндет атқаратын болып бөлінеді. Жалпылай міндет атқаратындарына: бутадиен (СКБ), бутадиен-стирол каучугі (СКС); арнайы міндет атқаратын каучуктерге – бутадиен-нитриль (СКН), хлопренді (найрит), бутилкаучук, тиоколовый, сиоиконовый (СКТ) жəне т.б. жатады. Резеңке — каучукты вулканизациялау арқылы алынған эластикалық материал. Резеңке – майға, әртүрлі агрессивті орталарға, үйкеліске берік, созылғыш изолятор, тербелісті тұту қабілеті күшті, беріктік шегі жоғары органикалық зат. Сондықтан резеңке басқа материалдармен салыстырғанда құндыматериал болып табылады. Каучукты вулканизациялап (вулкандап), яғни күкірт қосып қыздырып, резеңкеге айналдырады. Ол үшін каучукке күкірт пен толықтырғыштар (күйе мен бор сияқты) қосып, 130—140°С шамасында қыздырады. Резеңкеден шиналар, шлангтер, конвейер ленталары және тұрмыста қолданылатын көптеген заттар алынады. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы: Пайдаланудың кең температуралық диапазоны (- 60C – ден + 150-200C дейін) және жоғары гидролитикалық төзімділік силикон резеңкеден жасалған бұйымдарды ауа әдісімен (180 oC кезінде), 120 – 130C кезінде автоклавтағы өткір бумен зарарсыздандыруға, оларды суда ұзақ уақыт қайнатуға мүмкіндік береді. Силиконды резеңкеден жасалған медициналық бұйымдар: Жүрек қызметінің электростимуляторларына арналған имплантацияланатын сым – электродтар; жасанды жүрек моделі; Алғашқы отандық түтіктер, зондтар, силиконды резеңке дренаждар; Гидроцефалияны емдеуге арналған имплантациялық жүйелер; Көз торының бөлінуіне байланысты склеропластикалық операцияларға арналған, көз хирургиясына арналған силикон импланттары; Ларингиальды маскалар және т. б.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет