Каучук және резеңке өндірісі. Силиконды резинаның медицинада қолданылуы


Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Антибиотиктердің жіктелуі. Алынуы



бет2/3
Дата28.04.2023
өлшемі20,06 Kb.
#87994
1   2   3
Байланысты:
Документ (2)

Антибиотиктер туралы жалпы мәліметтер. Антибиотиктердің жіктелуі. Алынуы.
Антибиотиктер туралы ғылымның негізін қалап, алғаш көгерткіш саңырауқұлақтан пенициллин алған (1929) ағылшын ғалымы А.Флеминг болды. Антибиотиктер (гр. autі — қарсы және гр. bіos — тіршілік) — микроорганизмдердің өсуін, көбеюін тежейтін немесе тоқтататын микробтар, өсімдіктер мен жануарлар клеткасынан алынатын органикалық зат; микроағзалармен жоғары өсімдіктермен және жануарлармен микроағзаларды және ісік жасушаларының дамуын басатын және жоятын заттар. Антибиотиктер микробтар мен кейбір қатерлі ісікке әсер етіп, олардың дамуын тежейді немесе жойып жібереді. Антибиотиктердің пайда болуы микробтар дүниесінде кездесетін бір-біріне қарама-қарсылық әрекетіне негізделген. 
Антибиотиктердің жіктелуі. Шығу тегі бойынша: антибиотиктердің жіктелуі: табиғи ( өсімдіктер мен жануарлар тіндерінен пайда болады); жартылай синтетикалық ( табиғи молекула модификациясы арқылы алады); cинтетикалық (жасанды түрде өндіріледі). Әсер ету бағыты бойынша антибиотиктердің жіктелуі: антибактериальды (ішек және нейрохирургиялық инфекция, тыныс және зәр шығару жолдарының инфекциялары кезінде, эндокардит, менингит); саңырауқұлаққа қарсы (тері инфекциялары, ауыз және жұтқыншақинфекциялары, микоз); ісікке қарсы ( онкологиялық аурулар мен қатесіз ісіктер үшін қолданылады). 
Антибиотиктерді алу жолын үшке бөлуге болады: Мүктерден антибиотик-гликозидтер алуға негізделген микробиологиялық синтез. Бұл инъекцияға арналған стерильді ұнтақ немесе ампула түрінде шығарылатын тұрақсыз қосылыстар; Табиғи антибиотиктерді химиялық модификациялау - микробиологиялық және химиялық синтездің үйлесі. Бұл синтез негізінде жартылай синтетикалық антибиотиктер (пенициллин, цефалоспорин, тетрациклин) алынады. Органикалық қосылыстардан структурасы күрделі емес ситетикалық антибиотиктер алу - химиялық синтез. Бұл синтез өнімдері - левомицетин және оның туындылары.
Амин қышқылдарының өндірісі. Амин қышқылдарының жіктелуі және олардың негізгі қасиеттері.
Аминқышқылы – бір немесе бірнеше амин тобынан NH2 тұратын карбонды қышқылдар, олар табиғатта кең таралған. Олар табиғи ақуыздардың құрылымдық элементі болып табылады.
Амин қышқылдарының жіктелуі: Амин қышқылдары құрылысы бойынша үш топқа бөлінеді: 1. Ациклді; 2. Карбоциклді; 3. Гетероциклді. Ациклді амин қышқылдары карбоксил – СООН және амин −NH2 топтарының санына қарай бөлінеді: 1. Моноаминкарбон қышқылдары: аланин – барлық ақуыздар құрамына кіреді. 2. Моноаминдикарбон қышқылдары: аспарагин қышқылы – аминянтар қышқылы, ақуыз гидролизі нәтижесінде түзіледі. 3. Диаминмонокарбон қышқылдары: – лизин, кейбір балық уылдырығының құрамында кездеседі, күшті негіз, ауыстырылмайтын амин қышқылдарына жатады. 
Амин қышқылдарының қасиеттері. Физикалық қасиеттері: Аминқышқылдары – суда жақсы еритін түссіз кристаллды заттар, жоғары температурада балқып, ыдырайды. Спиртте нашар ериді және эфирде тіпті ерімейді.Көпшілік α – аминқышқылдарының дәмі тәтті болады. АҚ химиялық қасиеттері: АҚ негіздермен және тұздармен әрекеттеседі.АҚ спирттермен әрекеттесіп, күрделі эфирлер түзеді. АҚ өзара молекулаішілік реакцияға түсіп пептидер түзеді(аланин мен глициннің әрекетесуі). 
Аминқышқылдары медициналық тәжірибеде дәрі ретінде кеңінен қолданылады. Аминқышқылдары қатты сарқылу үшін тағайындалады, ауыр операциялардан кейін олар науқастарды тамақтандыру үшін қолданылады.Аспарт қышқылы жүрек бұлшықетінің оттегі шығынын арттыруға көмектеседі. Кардиологияда панангин қолданылады-құрамында калий аспартаты және магний аспартаты бар препарат. Панангин аритмияның әртүрлі формаларын, сондай-ақ жүректің ишемиялық ауруын емдеу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет