«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


§3. МҚҰ ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.03.2017
өлшемі0,59 Mb.
#10644
1   2   3   4
§3. МҚҰ ұйымы қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 

 

14.   МҚҰ микрокредитті қамтамасыз ету ретінде: 



1)

 

жер телімі; 



2)

 

тұрғын үй қорының жылжымайтын мүлік объектілері; 



3)

 

тұрғын  емес  жылжымайтын  мүлік  (өндірістік,  қоймалық,  саудалық,  әкімшілік 



ғимараттар); 

4)

 



құрылғылар; 

5)

 



көлік құралдары; 

6)

 



тауарлар; 

7)

 



кепілдік/кепілгерлік; 

8)

 



Қазақстан  Республикасының  қолданыстағы  заңнамасына  сәйкес  кепіл  ретінде 

алынатын басқа да мүліктер алынады. 

15.    Микрокредиттi  қамтамасыз  ету  ретiнде  алынған  кепiлдегi  мүлiк  төмендегі 

талаптарға сәйкес болуы тиіс: 

1)

 

мүлікке  және  мүліктік  құқыққа  Кепіл  берушінің  құқығын  растайтын 



құжаттардың түпнұсқасының болуы; 

2)

 



қамтамасыз ету ретiнде алынған мүлiкті бағалау құжаттарының болуы; 

3)

 



мүлік және мүліктік құқықтар өтімді болуы тиіс;  

4)

 



мүлік  және  мүліктік  құқықтар  үшінші  тұлғалардың  құқығынан  және  заңды 

әрекеттенуден бос болуы қажет; 

5)

 

Кепіл  берушінің  кепілге  қойылған  мүлікке  қатысты  бюджетке  төленетін 



міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы қажет; 

6)

 



МҚҰ талабы бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кепіл 

беруші/Қарыз алушы мүлікті сақтандырады; 

7)

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  қарастырылған  жағдайларда  кепіл 



ретінде алынатын мүлік құқығы осы мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын 

мемлекеттік органдарда тіркелуі тиіс; 

8)

 

кепілге  алынған  мүліктің    сақталуын  және  оны  күту  (сақтау)  талаптарының 



қамтамасыз етілуін Кепіл беруші жүзеге асырады. 

16.    Қарыз  алушы  мен  Кепіл  беруші  дербес  жеке  және  заңды  тұлғалар болуы 

мүмкін. 

17.


 

Қарыз  алушының  міндеттемелерін  қамтамасыз  ету  үшін  өз  мүлігін  кепілге 

қоюға ниет білдірген Қарыз алушы немесе үшінші тұлға Кепіл беруші болуы мүмкін.  

18.


 

МҚҰ кепілдік құқығы Кепіл туралы шарт негізінде пайда болады және Қарыз 

алушы  міндеттемелерді  бұзған  жағдайда  МҚҰ  ұйымына  кепілге  алынған  мүліктің 

құнынан  өтемақы  алу  құқығын  береді.  МҚҰ  жасаған  Кепіл  туралы  шартта  Қазақстан 

Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті талаптардан басқа кепілге алынған 

мүлік  тараптардың  қайсысында  болатындығына  сілтеме  жасалуы,  оны  пайдалану 

мүмкіндігі,  кепілге  алынған  мүлікке  мониторинг  жүргізу  мерзімділігі,  Қарыз  алушы 

міндеттемелерді  бұзған  жағдайда  Кепіл  алушының  кепілге  алынған  мүлікті  соттан  тыс 

пайдалану құқығы және басқа да талаптар қамтылуы тиіс. 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

19.



 

Қарыз  алушы  мүлік  кепілдігімен  жасалған  Микрокредит  беру  туралы  шарт 

бойынша  міндеттемелерді  орындамаған  жағдайда,  МҚҰ  Қазақстан  Республикасының 

қолданыстағы заңнамасына сәйкес кепілге алынған мүлікті өндіріп алу құқығына ие.  

20.

 

Қамтамасыз  ету  мүлігінің  түріне  байланысты  кепілге  алынған  мүлікті 



мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркеу органдарында 

жүзеге асырылады. 

 

3-тарау. Микрокредит беру тәртібі 

 

§1. Микрокредит беру кезеңдері 

 

21.   Микрокредит  беруді  МҚҰ ұйымы келесі тәртіппен жүзеге асырады: 



1)     Клиентке кеңес беру; 

2)     Клиентті алдын ала дәрежелеу; 

3)     Микрокредит беру туралы өтінішті ресімдеу; 

4)     Өтінішті   қарау   үшін   Арыз  берушінің     қажетті    құжаттарды ұсынуы; 

5)        Арыз        берушінің        кредит      қабілеттілігін      бағалау,    сондай-ақ  кредиттік, 

заңдық және қауіпсіздік тәуекелдерін саралау; 

6)

 

кепілдік қамтамасыз етуді бағалау (бар болса); 



7)

 

уәкілетті  органның  немесе  МҚҰ  уәкілетті  органының  микрокредитті  беру 



туралы шешім қабылдауы; 

8)

 



Микрокредит  беру  туралы  шарт  Төлемдерді  өтеу  кестесі,  Кепіл  туралы  шарт 

(кепілдік  қамтамасыз  ету  бар  болса)  және  басқа  да  құжаттармен  бірге  Қазақстан 

Республикасының  заңнамаларына  және  МҚҰ  ішкі  нормативтік  құжаттарының 

талаптарына сәйкес жасау; 

9)

 

Кепілге  алынған  мүлікке  ауыртпалық  салу  және  егер  Кепіл  туралы  шартта 



қарастырылатын болса, мүлік объектісін тіркеу жері бойынша мәміле жасау; 

10)


 

Микрокредит беру. 

 

§2. Микрокредит беруге өтініш беру тәртібі және заңды тұлғалар үшін оны 

қарастыру тәртібі 

 

22.    Кредиттік      процесс      Клиентке      кеңес    беруден    басталады.    Осы  кезеңде 

Клиентке микрокредит туралы келесі ақпарат беріледі: 

1)     Микрокредитті  беру ережелерінің негізгі қағидалары, соның ішінде: 

-

 

микрокредит беру тәртібі; 



-

 

микрокредит  алуға,  қызмет  көрсетуге  және  өтеуге  (қайтаруға)  байланысты 



төлем жасау тәртібі; 

-

 



Арыз берушінің және МҚҰ құқықтары мен міндеттері; 

-

 



Микрокредит беру құпиясы; 

2)     микрокредит талаптары; 

3)      микрокредит    беру    тәртібі    мен    шарттарына    қатысты    басқа  да  қажетті 

ақпараттар. 

23.    Алдын ала дәрежелеу барысында МҚҰ кредиттік маманы: 

1)    Арыз  беруші  туралы  және  сұралған  Микрокредитті  өтеу  көздері  туралы 

ақпаратты, қарызды алу мақсаты, кепілдер мен қамтамасыз етулер (бар болса) және басқа 

да ақпаратты жинайды; 

2)        Арыз  берушіге  алдын  ала  дәрежелеу  микрокредит  беруге  негіз  болмайтынын, 

Микрокредит алуға берілген өтініш бойынша шешім қорытындысы және Арыз берушінің 

төлем  қабілеттілігі  мен  кредит  қабілеттілігі  жөнінде  ұсынған  ақпараттарды  тексеру 

нәтижесі бойынша қабылданатынын хабарлайды; 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

3)    алынған мәліметтер негізінде алдын ала соманы, Микрокредит мерзімін және ай 



сайынғы төлем мөлшерін анықтайды. 

24.    Алдын    ала    дәрежелеуден    өткен  және    ұсынылған    шарттар  бойынша 

микрокредит алуға келісім берген Арыз беруші оған микрокредит беру мүмкіндігі туралы 

ақпаратты растау үшін МҚҰ ұйымына ұсынуға қажетті құжаттар тізімін алады. 

25.    Арыз беруші Кредиттік маманға келесі құжаттарды тапсырады: 

1)

 



микрокредитті  пайдалану  мақсаты  туралы  ақпараты  бар  Микрокредит  беруге 

өтініш  (мақсаттық  кредит  беру  жағдайында),  микрокредитті  өтеу  және  сыйақы  төлеу 

бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ететін мүлік туралы өтініш; 

2)

 



Арыз беруші – заңды тұлға органының микрокредит алу туралы шешімі; 

3)

 



Арыз берушінің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін кепіл затты 

ұсынуына Кепіл беруші – заңды тұлға органының шешімі; 

4)

 

Арыз берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері; 



5)

 

Арыз беруші өкілінің шартқа қол қоюға  өкілеттігін растайтын құжаттар; 



6)

 

егер  берілген  микрокредит  мүліктік  кепілмен  қамтамасыз  етілген  жағдайда  – 



Кепіл  туралы  шарт,  мүлікке  меншіктік  құқықты  растайтын  құжаттар  көшірмелері,  ал 

мүліктік  кепілді  міндетті  түрде  тіркеу  жағдайда  –  мүліктік  кепілді  тіркеу  фактісін 

растайтын құжаттар; 

7)

 



МҚҰ  ішкі  нормативтік  және  жарғылық  құжаттарына  сәйкес  Микрокредит 

ұсыну  туралы  шешімді  қабылдау  үшін  Арыз  берушінің  басқа  құжаттары  (бухгалтерлік 

теңгерім, пайда және шығын туралы есептеме және т.б.). 

26.  Міндеттемелерін  орындау  кепілмен  немесе  шартпен  қамтамасыз  етілген 

микрокредит бойынша Арыз беруші келесі қосымша құжаттарды ұсынады: 

1)     Кепіл туралы шарт; 

2)        Кепілгер  атынан  немесе  Кепілдік  берушінің  атынан  Кепіл  туралы  шартқа  қол 

қоятын өкілдің уәкілеттігін растайтын құжаттар; 

3)     Кепілгер  немесе  Кепіл  беруші  органының  – заңды  тұлғаның Арыз берушінің 

міндеттемелерін  орындауды  қамтамасыз  ететін  кепілді  немесе  кепілдемені  беру  туралы 

шешімі. 

27.    МҚҰ ішкі нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес Арыз беруші Қарыз 

алушы  бойынша  ақпаратты  Кредиттік  бюродан  (-ға)  алу-ұсыну  туралы  келісімнің 

нысанын, қажет болған жағдайда, қосымша құжаттарды толтырады. 

28.    Арыз  беруші  бойынша  осы  Ережелердің  25-27  тарауларында  көрсетілген 

құжаттардан  тұратын Кредиттік пакет қалыптастырылады. 

29.    Кредиттік пакеттің негізінде төмендегілер дайындалады: 

 

                                                                                                           2-кесте 



№ 

Құжаттар 

МҚҰ қызметкерінің лауазымы 

1)

 



 

Кредиттік сараптау  

Кредиттік маман 

2)

 



 

Қорытынды 

Тәуекел менеджері 

3)

 



 

Заңды қорытынды 

Заңгер 

4)

 



 

Қауіпсіздік 

қызметінің 

қорытындысы 

Қауіпсіздік бойынша маман 

 

30.



 

Кепілдік  қамтамасыз  ету  бар  болған  жағдайда,  тәуелсіз  бағалаушы  кепілдік 

қамтамасыз етуді бағалайды. Қорытынды кепілге алынған мүліктің бағасы туралы есепте 

көрсетіледі және Арыз берушінің құжаттар пакетіне қосылады. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

10 


31.

 

Микрокредит  беру  бойынша  шешімді  уәкілетті  орган  және/немесе  МҚҰ-ның 



уәкілетті органы қабылдайды. 

32.


 

МҚҰ-ның  уәкілетті  органының  құрамы  МҚҰ  Директоры  бұйрығымен 

тағайындалады  және  оның  іс-  әрекеті  МҚҰ  ішкі  құжаттарымен  реттеледі.  Микрокредит 

беру  бойынша  шешім  қабылдауға  уәкілетті  тұлға  МҚҰ  Директоры  бұйрығымен 

тағайындалады. 

33.


 

Уәкілетті орган және/немесе МҚҰ уәкілетті органы өтінім бойынша оң шешім 

қабылдаған кезде Кредиттік маман Арыз берушіге МҚҰ ұйымы  қабылдаған соманы және 

микрокредит мерзімін хабарлайды. Қабылданған сома және микрокредит мерзімі Клиент 

сұрау  салған  сома  мен  мерзімге  сәйкес  келмеуі  мүмкін.  Егер  Арыз  беруші  микрокредит 

беру  шарттарымен  келіссе,  МҚҰ  Қарыз  алушымен  өтеу  кестесі  (осы  Ережелердің  3-

тарауының  §5    көрсетілген  тәртіп  бойынша)  және  Кепіл  туралы  шарт  (кепілдік 

қамтамасыз ету бар болғанда) пен басқа да қажетті құжаттары бар Шартты жасайды. 

34.

 

Қажет болған жағдайда, кепілге алынған мүлікке ауыртпалық салу үшін  Кепіл 



туралы шарт тіркеу органдарында тіркеледі.  

35.


 

Кепілдік  ретінде  ұсынылатын  жылжымалы  және  жылжымайтын  мүлікке 

қойылатын  талаптар  ретінде  МҚҰ  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  және  МҚҰ 

ішкі  нормативтік  құжаттарына  сәйкес  оны  сақтандырудың  қажеттілігін  анықтау  мүмкін. 

Сақтандыру  сомасының  алушысы  (пайда  алушы)  МҚҰ  болып  тағайындалады. 

Сақтандыру  жағдайы  орын  алған  кезде  Сақтандыру  шарты  бойынша  Арыз  берушіде 

кепілдік  затты  сұрау  құқығы  МҚҰ  бас  тартқан  кезінде  пайда  болады.  Егер  сақтандыру 

төлемақысы  кепілдемемен  қамсыздандырылған  міндеттіліктің  сомасынан  артық  болса, 

онда  оны  алудың  сәтінен  бастап  3  (үш)  жұмыс  күні  ішінде  Кепіл  берушіге  айырмасын 

аударуы тиіс. 

36.

 

Өтінім бойынша МҚҰ уәкілетті органының немесе уәкілетті тұлғасының теріс 



шешімі  кезінде  Кредиттік  маман  Өтініш  берушіге  микрокредитті  беруден  бас  тарту 

туралы ақпарат береді. 

 

Өтінімге бас тартқан жағдайда кредиттік буманың құрамына кіретін құжаттар МҚҰ 



1  (бір)  жыл  ішінде  сақталады,  келесі  құжаттарды  қоспағанда:  сақтау  мерзімі  10  (он) 

жылды құрайтын Өтініш берушінің құрылтай құжаттарының көшірмелері, кредит тарихы 

субъектісінің  кредиттік  бюрода  ол  туралы  мәліметтерді  алуға  келісімі  және    кредит 

тарихы  субъектісінің  кредиттік  бюролардың  кредит  тарихы  субъектісі  туралы  есепті 

беруіне келісімі. 

 

§3. Микрокредит беруге өтініш беру тәртібі және жеке тұлғалар үшін оны 



қарастыру тәртібі 

 

37.    Арыз  беруші  МҚҰ  жүгінген  жағдайда  Кредиттік  маман  оған  кеңес береді, 



ол  кезде  Арыз  берушіге  микрокредит  беру  туралы  келесі  ақпарат  беріледі,  дәлірек 

айтқанда: 

1)      Микрокредит   беру   ережелерінің  негізгі   қағидалары  туралы, соның ішінде: 

-        Микрокредит беру тәртібі; 

-        Микрокредит  алумен,  қызмет  көрсету  және  өтеумен  (қайтару)  байланысты 

төлемақы тәртібі; 

-            Арыз    берушінің,   Қарыз   алушының    және МҚҰ құқықтары, міндеттері  және 

жауапкершілігі; 

-       Микрокредит беру құпиялылығы; 

2)     микрокредит беру бағдарламасының шарттары туралы ақпарат; 

Сондай-ақ микрокредит беру тәртібі мен шарттары туралы басқа ақпараттар. 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

11 


38.    Арыз    беруші    микрокредит  алу  үшін  МҚҰ  жүгінген  кезде    әрекет  ету 

қабілеттілігінің  шектелмегендігін,  бақылау,  күту  патронаж  қарауында  болмағанын, 

Микрокредит  беру  туралы  шарттың  мәнін  және  жағдайын  түсінуге  бөгет  жасай  алатын 

сырқаттармен ауырмайтынын растайды. 

39.      Кредиттік    маман    ең    алдымен    алдын    ала    дәрежелеу    жүргізеді,  одан  кейін 

Арыз  беруші  туралы  және  сұралған  микрокредитті  өтеудің  мүмкін  болатын  көздері 

туралы ақпаратты, қарызды алу мақсаты туралы, кепіл және қамсыздандырудың басқа да 

пішіндері  туралы  (бар  болса)  ақпаратты  және  басқа  да  ақпаратты  жинайды.  Алынған 

ақпараттың негізінде Кредиттік маман алдын ала микрокредит сомасын, мерзімін және ай 

сайынғы төлем мөлшерін анықтайды. 

40.    Кредиттік    маман    алдын    ала    дәрежелеу    микрокредитті    міндетті    түрде 

мақұлдауды болжай алмайды, және де Микрокредит беру туралы шешім Арыз берушінің 

төлем  қабілеттілігі  және  несие  қабілеттілігі  туралы  ұсынған  ақпаратты  тексеру  және 

бағалау негізінде қабылданатыны туралы мәлімдейді. 

41.    Арыз    берушіні    алдын    ала  дәрежелеу  бойынша  оң  шешім  қабылданса  және 

Арыз беруші ұсынылған шарттар бойынша микрокредит алуға келісім білдірген жағдайда 

Кредиттік маман келесі құжаттарды сұрайды: 

1)     Арыз берушінің жеке басын куәландыратын құжат; 

2)     Арыз беруші өкілінің Шартқа қол қою өкілеттігін растайтын құжаттар; 

3)        егер  берілген  микрокредит  мүліктік  кепілмен  қамтамасыз  етілген  жағдайда  – 

Кепіл  туралы  шарт,  мүлікке  меншіктік  құқықты  растайтын  құжаттар  көшірмелері,  ал 

мүліктік  кепілді  міндетті  түрде  тіркеу  жағдайда  –  мүліктік  кепілді  тіркеу  фактісін 

растайтын құжаттар; 

4)      МҚҰ      ішкі      нормативтік    және    жарғылық    құжаттарына    сәйкес    және 

несиелендірудің  таңдалған  бағдарламасының  шарттарына  байланысты    Микрокредит 

ұсыну туралы шешімді қабылдау үшін Арыз берушінің басқа құжаттары. 

42.    Арыз    беруші    Кредиттік    маманға    осы    құжаттарды    береді,  өзі  туралы 

ақпаратты  және  өзінің  байланыс  мәліметтерін  хабарлайды.  Бағдарламада  талап  етілсе, 

Арыз беруші онымен байланысқан тұлғалардың байланыс мәліметтерін береді. 

43.     Қажетті        құжаттарды        алғаннан       кейін     Кредиттік     маман  Микрокредит 

ұсыну өтінішіне мәліметтерді электронды түрде енгізеді және басып шығарады. Өтініште 

микрокредит  сомасы  және  мерзімі,  Микрокредит  алудың  мақсаты  (мақсаттық  несиені 

ұсыну кезінде), айлық төлемнің болжамды сомасы  көрсетілуі тиіс. 

44.    Кредиттік  маман  МҚҰ  ішкі  нормативтік  құжаттарының  талаптарына  сәйкес 

Арыз беруші Қарыз алушы бойынша ақпаратты ұйымға/ұйымнан (Кредиттік бюродан (-ға, 

«Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕАҚ) алу-ұсыну туралы келісімнің нысанын, және 

қажет болған жағдайда қосымша құжаттарын басып шығарады. 

45.    Кредиттік  маман  Клиентке  Өтінішті  және  осы  Ережелердің  44-тармағында 

көрсетілген  құжаттар  нысанын  береді.  Арыз  беруші  Өтінішке  бұрыштама  қояды, 

құжаттардың  көрсетілген  нысаналарын  толтырады  және  оларды  Кредиттік  маманға 

қайтарады. 

46.    МҚҰ    Кредиттік    маманы    осы    Ережелердің    41,    44,    45-тармақтарында 

айқындалған  құжаттар  қосымшалары  бар  қарастырылатын  Өтінішке  Кредиттік  пакеті 

қалыптастырады. 

47.      Егер    Арыз    беруші    Кепілдік    қамтамасыз    етуді    ұсынуды  жоспарласа,  онда 

оны бағалау тәуелсіз бағалаушымен жүзеге асырылады.  Кепілге алынған мүлікті бағалау 

туралы есеп Кредиттік пакеттің құрамына кіруі тиіс. 

48.      Арыз  беруші  туралы  мәліметтердің  негізінде  Кредиттік  скоринг  жүйесімен 

оның несие қабілеттілігін бағалау жүзеге асырылады. 

49.      Арыз  берушінің  қаржылық  күйі  туралы  мәліметтердің  негізінде  Кредиттік 

маманмен  оның  төлем  қабілеттілігін  бағалау  жүзеге  асырылады  және  Микрокредит 

максималды мүмкін сомасы есептеледі. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

12 


50.          Талдаудың  нәтижелері  бойынша  қарызды  қайтармаудың  қолайлы  тәуекелді 

өтінімдер және микрокредитлеудің максималды мүмкін соманың шегіндегі өтінімдер ғана 

мақұлданады.  Қарызды  қайтармаудың  қолайлы  тәуекелдің  деңгейі  МҚҰ  өкілетті 

органымен анықталады. 

51.      Кредиттік    скорингтен    өту    кезінде    қабыл    алынбаған  қалған  өтінімдер  және 

Микрокредит максималды мүмкін сомасынан асатын өтінімдер әрекеттілігі МҚҰ жарлық 

және ішкі нормативті құжаттармен регламенттеу уәкілетті органның немесе МҚҰ өкілетті 

органының қосымша қарауына бағытталуы мүмкін. 

52.    Кредиттік  өтінімді  мақұлдау  жағдайында  Несие  маманы  Арыз  берушіге  МҚҰ 

ұйымымен   орнатылған  соманы және  Микрокредит мерзімін мәлімдейді, олар Клиенттің 

сұраған сомасы мен мерзімімен сәйкес келмеуі мүмкін. 

53.    Егер    арыз    беруші    микрокредитлендіру    шарттарымен    келіссе,  МҚҰ  Қарыз 

алушымен  өтеу  кестесі  (осы  Ережелердің  3-тарауының  §5  көрсетілген  тәртібінде)  және 

Кепіл  туралы  шарт  (Кепілдік  қамтамасыз  ету  бар  болғанда)  және  басқа  да  қажетті 

құжаттары бар Шартты жасайды. 

54.  Кепілдік    туралы    қол    қойылған    Шарт    қажет    болған  жағдайда  тіркеу 

органдарына кепілге алынған мүлікке ауыртпалық түсіру затына  тіркеледі. 

55.  Кепілдік  ретінде  ұсынылатын  жылжымалы  және  жылжымайтын  мүлікке 

қойылатын талаптар ретінде МҚҰ Қазақстан Республикасының заңнамасымен және МҚҰ 

ішкі  нормативтік  құжаттарна  сәйкес  оны  сақтандырудың  қажеттілігін  анықтау  мүмкін. 

Сақтандыру  сомасының  алушысы  (пайда  алушы)  МҚҰ  болып  тағайындалады. 

Сақтандыру  жағдайы  пайда  болған  кезде  Сақтандыру  шарты  бойынша  Арыз  берушіде 

кепілдеген затты сұрау құқығы МҚҰ бас тартқан кезінде пайда болады. Егер сақтандыру 

төлемақысы  кепілдемемен  қамсыздандырылған  міндеттіліктің  сомасынан  артық  болса, 

онда оны алудың сәтінен 3 (үш) жұмыс күннің ішінде Кепіл берушіге айырмасын аударуы 

тиіс. 


56.  Өтінім  бойынша  МҚҰ  уәкілетті  органының  немесе  уәкілетті  тұлғасының  теріс 

шешімі  кезінде  Кредиттік  маман  Өтініш  берушіге  микрокредитті  беруден  бас  тарту 

туралы ақпарат береді. 

 

Өтінімге бас тартқан жағдайда кредиттік буманың құрамына кіретін құжаттар МҚҰ 



1  (бір)  жыл  ішінде  сақталады,  келесі  құжаттарды  қоспағанда:  сақтау  мерзімі  10  (он) 

жылды  құрайтын  Өтініш  берушінің  жеке  басын  куәландыратын  құжаттың  көшірмелері, 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК»  КЕАҚ  ақпаратты  алуға  келісім,  кредит  тарихы 

субъектісінің  кредиттік  бюрода  ол  туралы  мәліметтерді  алуға  келісімі  және    кредит 

тарихы  субъектісінің  кредиттік  бюролардың  кредит  тарихы  субъектісі  туралы  есепті 

беруіне келісімі. 



 

§4. Микрокредит беруден бас тарту себептері 

 

57.    МҚҰ  келесі  себептердің  бар  болу  жағдайында  Микрокредит  беруден  бас 

тартады:  

1)     Микрокредит беру шарттары орындалмаған; 

2)            Арыз  беруші  осы  Ережелердің  2-тарауының  §1  көрсетілген    талаптарына 

сәйкес келмейді; 

3)     Арыз берушімен қажетті құжаттар ұсынылмаған; 

4)     Арыз берушімен толымсыз немесе күмәнді ақпарат берілген; 

5)      Арыз берушінің беделі және қаржылық күйі туралы жағымсыз ақпарат алынды; 

6)     Арыз берушің жағымсыз Кредиттік тарихының болуы; 

7)    Арыз  берушінің  өтелмеген  сотталғандығының  (жүгіну  күніне  соттық  іс 

қарауының) болуы; 

8)  Қарыз  алушының  төлем  қабілеттігі  микрокредитке  қызмет  көрсету  үшін 

жеткілікті болмаса. 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

13 


58.    Бас   тарту  туралы  шешім  қабылданған  жағдайында  МҚҰ Кредиттік маманы 

осы фактіні өтінімде себеппен бірге белгілейді. 

58.    МҚҰ      Кредиттік      маманы    Микрокредит    беруге    бағытталған  өтінімді 

қарастыру нәтижесін Арыз берушіге міндетті түрде мәлімдейді. 

 

§5. Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі 

 

60.  Шартты  ресімдеу  кезінде  МҚҰ  Қазақстан  Республикасы  заңнамасының 

нормаларымен басшылық етеді. 

61.   Шарт жазбаша түрінде жасалады. 

62.    Кредиттік    бюро  және  Кредиттік  тарихты  қалыптастыру  туралы  Қазақстан 

Республикасының  белгілі  заңнамасының  шарттарында  МҚҰ  мен  Қарыз  алушы 

арасындағы жасалған Шарты бойынша ақпарат Кредиттік бюроға тапсырылады. 

63.    Шартқа келесі кіреді: 

1)

 

МҚҰ  атауы  және  Қарыз  алушы  –  жеке  тұлғаның  аты-жөні,  әкесінің  аты  (бар 



болса) немесе Қарыз алушы – заңды тұлғаның атауы; 

2)

 



ұсынылған Микрокредит сомасы; 

3)

 



комиссиялардың және басқа төлемдердің толық тізімі, сондай-ақ микрокредит 

берумен  және  қызмет  көрсетумен  байланысты  өндіріп  алынуға  тиісті  олардың 

мөлшерлері; 

4)

 



Микрокредитті өтеу мерзімдері; 

5)

 



Микрокредитті  өтеудің  тәсілі  (ақшалай  және  (немесе)  ақшасыз  тәртіпте, 

біржолата немесе бөлек); 

6)

 

осы Ережелердің 7-тарауының §1 анықталған Микрокредитті өтеудің әдісі; 



7)

 

микрокредит бойынша берешекті өндіріп алу кезектілігі; 



8)

 

негізгі  борышты  уақтылы  өтемеу  және  сыйақы  төлеу  үшін  тұрақсыздық 



айыбын (айыппұл, өсімақы) есептеу тәртібі және мөлшері; 

9)

 



Шарттың екі жағымен қол қойылған, өтеу мерзімі мен келесі төлемнің мөлшері 

белгіленген,  Микрокредит  өтеу  сомасы  және  сыйақы  мөлшері  көрсетілген,  және  де 

Шартқа  қол  қойылған  күніне  Микрокредит  жалпы  сомасы  және  сыйақы  мөлшері 

көрсетілген Микрокредитті өтеу кестесі; 

10)

 

Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамсыздандыру (бар болса); 



11)

 

Микрокредит  бойынша    сыйақы  мөлшерлемесінің  мөлшері,  оның    ішінде 



Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен есептелген жылдық сыйақы 

мөлшерлемесінің  және  жылдық  тиімді  сыйақы  мөлшерлемесінің  мөлшері  (Микрокредит 

нақты құны); 

12)


 

Шарт тараптарының құқықтары мен міндеттері; 

13)

 

тараптардың жауаптылығы; 



14)

 

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де шарттар қамтылады. 



64.  Мақсатты  микрокредитті  беру  туралы  Шарттың  міндетті  түрдегі  талабы 

Микрокредит  мақсатын  белгілеу,  сондай-ақ  оны  мақсатты  түрде  пайдалануы  бойынша 

бақылауды жүзеге  асыру тәртібін белгілеу болып табылады. Қарыз  алушы Микрокредит 

мақсатсыз  пайдаланған  кезде  Қарыз  алушы  Микрокредит  мерзімінен  бұрын  қайтаруы 

тиіс,  және  де  Микрокредит  қайтару  күніне  Шарты  бойынша  Микрокредит  пайдаланған 

бөлігінде сыйақы мөлшерін өтеуі тиіс. 

65.      МҚҰ  жылдық  тиімді  сыйақы  мөлшерлемесін  Шартта  белгілейді.  Сыйақының 

жылдық  тиімді  мөлшерлемесі  бір  сөйлемде  сандық  мағынасымен  және  жазба  түрінде 

басылады, және қаріптің бірдей өлшемімен және стилімен ресімделеді. 

66.    Шартқа  Шарттың  екі  тарабы  қол  қойған  Микрокредитті  өтеу  кестесі  қоса 

беріледі, ол Шартта белгіленген Микрокредитті өтеу әдістерінің негізінде, негізгі қарызды 

және сыйақыны өтеудің орнатылған мерзімділікпен құрылады.  



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

14 


67.      Осы    Шартқа    енгізілетін    барлық  өзгерістер  мен  толықтырулар  Шарттың  екі 

тарабы қолы қойылған жазба түрде қосымша келісіммен ресімделеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет