«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі



жүктеу 0.59 Mb.
Pdf просмотр
бет1/4
Дата31.03.2017
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4

 

«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

 



МАЗМҰНЫ 

1-тарау 


Негізгі ережелер 

2-тарау 



Микрокредит беруге қойылатын жалпы талаптар 

§1 



Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар 

§2 



Микрокредит беру талаптары 

§3 



МҚҰ қабылдайтын қамтамасыз етуге қойылатын талаптар 

3-тарау 



Микрокредит беру тәртібі 

§1 



Микрокредит беру кезеңдері 

§2 



Микрокредит  беруге  өтініш  беру  тәртібі  және  заңды  тұлғалар  үшін  оны 

қарастыру тәртібі  

§3 


Микрокредит  беруге  өтініш  беру  тәртібі  және  жеке  тұлғалар  үшін  оны 

қарастыру тәртібі  

10 

§4 


Микрокредит беруден бас тарту себептері  

12 


§5 

Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі  

13 

§6 


Берiлетiн 

микрокредиттер 

бойынша 

жылдық 


тиiмдi 

сыйақы 


мөлшерлемесiн есептеу ережелері  

14 


§7 

Микрокредит беру 

16 

§8 


Кредиттік құжаттаманы қалыптастыру 

16 


4-тарау 

Мониторинг. Шарт талаптарының орындалуын бақылау  

17 

5-тарау 


Микрокредит берудің қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу тәртібі  

18 


6-тарау 

Мерзімі  өткен  берешектермен  жұмыс  істеу,  Микрокредиттің  жіктелуі 

және ықтимал шығындарды анықтау  

18 


7-тарау 

Микрокредитті өтеу тәртібі, микрокредит беру туралы шартты мерзімінен 

бұрын бұзу және жабу тәртібі  

     19 


§1 

Микрокредитті  өтеу әдістері  

19 

§2 


Микрокредит бойынша төлем жасау тәртібі  

20 


§3 

Берілген микрокредит бойынша сыйақы төлеу тәртібі  

21 

§4 


Микрокредит бойынша жоспардан тыс төлем енгізу тәртібі 

21 


§5 

Микрокредит беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі  

22 

§6 


Микрокредит беру туралы шартты жабу тәртібі  

22 


8-тарау 

Микрокредиттеуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері  

23 

§1 


МҚҰ құқықтары мен міндеттері 

23 


§2 

Арыз берушінің құқықтары мен міндеттері  

25 

9-тарау 


Құпиялылық 

26 


§1 

Дербес мәліметтер 

26 

§2 


Микрокредит беру құпиялылығы  

26 


10-тарау 

Қорытынды ережелер 

27 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  



 



1-тарау. Негізгі ережелер 

 

1.      Осы    Микрокредит    беру  ережелері    (бұдан    әрі  –  Ережелер)  Қазақстан 



Республикасының  Азаматтық  кодексіне,    Қазақстан  Республикасының  «Микроқаржы 

ұйымдары  туралы»  заңына,  Қазақстан  Республикасының  нормативтік-құқықтық 

актілеріне,  сондай-ақ  «Kaz  Credit  Line»  микроқаржы  ұйымы»  (бұдан  әрі  –  МҚҰ) 

жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ішкі құжаттарына сәйкес әзірленген.  

2.      Осы    Ережелер      МҚҰ-ның  микрокредит    беру  операцияларын  жүргізуді 

регламенттеу мақсатында жасалған. 

3.      Осы Ережелер келесі ақпараттарды қамтиды: 

1)

 



Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар; 

2)

 



микрокредит беру талаптары; 

3)

 



МҚҰ қабылдайтын қамтамасыз етулерге қойылатын талаптар; 

4)

 



Микрокредит беруге өтініш беру тәртібі және оны қарастыру тәртібі

5)

 



микрокредит беруден бас тарту негіздері; 

6)

 



Микрокредит беру туралы шартты жасау тәртібі; 

7)

 



берiлетiн  микрокредиттер  бойынша  жылдық  тиiмдi  сыйақы  мөлшерлемесiн 

есептеу ережелері; 

8)

 

кредиттік дерекнаманы қалыптастыру; 



9)

 

микрокредит беру; 



10)

 

   мониторинг; 



11)

 

   микрокредиттеу талаптарына өзгерістер енгізу тәртібі; 



12)

 

   мерзімі өткен берешектермен жұмыс істеу; 



13)

 

   микрокредит  сыныптамасы  және  олар  бойынша  ықтимал  шығындарды 



(провизия) анықтау; 

14)


 

   микрокредитті  өтеу әдістері; 

15)

 

   микрокредит бойынша төлем енгізу тәртібі; 



16)

 

   берілген микрокредиттер бойынша сыйақы төлеу тәртібі; 



17)

 

   Микрокредит  беру туралы шартты мерзімінен бұрын бұзу тәртібі; 



18)

 

   Микрокредит  беру туралы шартты жабу тәртібі



19)

 

   микрокредиттеуге қатысушылардың құқықтары мен міндеттері; 



20)

 

   дербес мәліметтер; 



21)

 

   микрокредит беру құпиялылығы. 



4.

 

Осы  ережелер  ашық  ақпарат  болып  табылады  және  коммерциялық  құпия 



болып  саналмайды.  МҚҰ  клиенттің  талабы  бойынша  осы  Ережелермен  танысу  үшін 

клиентке ұсынуға міндетті. Бекітілген Ережелердің көшірмесі МҚҰ клиенттеріне қарауға 

және танысуға ыңғайлы жерде, сондай-ақ http://www.mfo.kz сайтында орналастырылады. 

5.

 



Осы Ережелерде келесі анықтамалар қолданылады: 

1)

 



сыйақы – Микрокредит  беру туралы шарт талаптарына және белгіленген өтеу 

тәртібіне  сәйкес  негізгі  қарызға 

 

пайыздық көрсеткішпен  белгіленген  берілген 



микрокредит үшін төлемақы; 

2)

 



жылдық  тиiмдi  сыйақы  мөлшерлемесi  –  Қарыз  алушының  шығындарына 

кіретін  сыйақының,  комиссиялық  немесе  басқа  төлемдердің,  қызмет  көрсету  және 

микрокредитті  өтеудің (қайтарудың) есебімен есептелетін, микрокредит  бойынша нақты, 

жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеу төлемі; 

3)

 

Микрокредит  беру  туралы  шарт  (бұдан  әрі  –  Шарт)  –  МҚҰ  Қарыз  алушы 



меншігіне  ақшаны  береді,  ал  Қарыз  алушы  МҚҰ  ұйымына  негізгі  қарыз  сомасын  және 

ақылылық, мерзiмдiлiк,қайтарымдылық және мақсатты қолдану (мақсатты микрокредитті 

ұсынған кезде) шарттары бойынша сыйақыны уақтылы төлеуге міндеттенеді; 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

4)



 

несиелік мәміле – Микрокредит беру туралы шартты, сондай-ақ Қарыз алушы 

МҚҰ-ның  уәкілетті  органы  айқындаған  талаптар  бойынша  Шарт  міндеттемелерінің 

орындалуын қамтамасыз ететін басқа да шарттарды жасауға бағытталған іс-әрекеттер; 

5)

 

Қарыз алушы – МҚҰ ұйымымен  Шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға; 



6)

 

Кепіл  беруші  –  микрокредит  бойынша  міндеттердің  орындалуын  қамтамасыз 



ету  ретiнде  жеке  меншіктілік  құқығы  бойынша  меншікті  мүлігін  ұсынатын  жеке/заңды 

тұлға; 


7)

 

Арыз беруші – МҚҰ-ға Микрокредит беру туралы өтініш берген жеке немесе 



заңды тұлға;  

8)

 



Микрокредит  беру  туралы  өтініш  (бұдан  әрі  -  Өтініш)  /  Кредиттік  өтілім  – 

Микрокредит  және  оны  алудың  қолайлы  шарттарын  беру  туралы  өтінішпен    арыз 

берушінің МҚҰ ұйымына жүгінуі; 

9)

 



Клиент  –  МҚҰ  ұйымына  белгілі  бір  қызмет  алу  үшін  жүгінетін  немесе  МҚҰ 

ұйымының  белгілі бір қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға; 

10)

 

кредиттік тарих – кредиттік тарих субъектісі туралы ақпараттық жиынтық; 



11)

 

кредиттік бюро – кредиттік тарихты қалыптастыруды, кредиттік есептер беруді 



және өзге де қызметтер көрсетуді жүзеге асыратын коммерциялық ұйым; 

12)


 

кредиттік дерекнама - МҚҰ әрбір Қарыз алушыға  қалыптастыратын құжаттар 

мен деректер; 

13)


 

Кредиттік әкімші – МҚҰ қызметкері, оның қызметтік міндеттеріне қарыз беру 

мәмілесінің  белгіленген  талаптар  мен  шешімдерге  сәйкестілігін  тексеру,  кредиттік 

дерекнаманы  қалыптастыру,  берілген  кредиттерге  мониторинг  жасау  және  оларды 

құжаттық  сүйемелдеу  (қалыптастыру,  сақтау  және  /  немесе  толықтыру,  дерекнаманы 

құжаттар сақтау орнына, мұрағатқа тапсыру) кіреді; 

14)

 

кредиттік  пакет  –  кредиттік  өтінімді  қарастыру  үшін  тиісті  уәкілетті  органға 



және/немесе МҚҰ уәкілетті тұлғасына ұсынылатын ақпараттар / құжаттар пакеті; 

15)


 

кредиттік  скоринг  –  сандық  статистикалық  әдістерге  негізделген  Өтініш 

берушінің  /  Қарыз  алушының  кредит  төлеу  қабілеттілігін  (кредиттік  тәуекелін)  бағалау 

жүйесі; 


16)

 

Кредиттік маман – МҚҰ фронт-офис бөлімшесінің қызметкері, оның қызметтік 



міндеттеріне  кеңес  беру,  алдын  ала  сапаны  бағалау,  Өтініш  берушінің  құжаттарын 

қабылдау,  кредиттік  өтінімді  саралау,  микрокредит  беру  бойынша  шешім  қабылдауға 

кредиттік пакетті ұсыну, келісім шарттарды жасау кіреді; 

17)


 

кредит  төлеу  қабілеттілігі–  Қарыз  алушының  болашақта  және  Шартта 

қарастырылған мерзімде кредит төлеу мүмкіндіктерін бағалауға, Кредит беруші алдында 

өзінің қарыздық міндеттері бойынша борышты өтеуге мүмкіндік беретін және кредит беру 

кезінде  Қарыз  алушының  тәуекел  дәрежесін  анықтайтын  сандық  және  сапалық 

көрсеткіштермен берілген кешенді құқықтық және қаржылық сипаттама; 

18)

 

аннуитетті  төлем  әдісі  –  микрокредитті  өтеу  әдісі,  мұнда  осы  әдіс  бойынша 



қарыздықты  өтеу  микрокредит  бүкіл  мерзім  ішінде  бірдей  төлемдермен  (тең 

төлемдермен), оған қоса негізгі қарыз бойынша ұлғаятын төлемдермен және кезең ішінде 

негізгі  қарыздың қалдығына есептелінген сыйақы бойынша кемитін төлемдермен жүзеге 

асырылады; 

19)

 

сараланған төлемдер әдісі – микрокредитті өтеу әдісі, мұнда осы әдіс бойынша 



қарыздықты өтеу негізгі қарыз бойынша төлемдердің бірдей сомаларын және кезең ішінде 

негізгі қарыздың қалдығына есептелген сыйақы сомаларын қосатын кемитін төлемдермен 

жүзеге асырылады;   

20)


 

Шарт  күшінде  болатын  мерзім  соңында  негізгі  борышты  өтеу  әдісі  –  сыйақы 

негізгі борыш қалдығына есептелетін өтеу әдісі, бұл орайда негізгі борыш соңғы өтеуіне 

дейін өзгермейді. Қарыз алушы ай сайын есептелген сыйақыны төлейді. Мерзім соңында 

Қарыз алушы бүкіл негізгі борышты және соңғы ай үшін сыйақыны төлейді; 


«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

21)



 

Қарыз  алушы  қызметінің  маусымдылығына  қарай  негізгі  борышты  өтеу 

бойынша  каникулдар  бар  әдісі  –  белгілі  бір  айларда  Қарыз  алушыға  негізгі  борышты 

төлеуге  каникулдар  берілетін  өтеу  әдісі.  Негізгі  борышты  өтеу  төлем  жүргізілетін  айлар 

санына теңдей бөлінеді; 

22)


 

берілген сомаға пайыздармен белгіленген төлем әдісі – берешекті өтеу берілген 

микрокредит  сомасының  пайызбен  берілген  негізгі  борыш  бойынша  төлемдердің  теңдей 

сомаларын  және  негізгі  борыш  қалдығына  кезең  үшін  есептелген  сыйақы  бойынша 

азаятын төлемдерді қамтитын азаятын төлемдермен жүргізілетін микрокредитті өтеу әдісі; 

23)


 

Шарт  бойынша  төлем  мен  аннуитеттік  төлемдерді  жылжыту  әдісі  –  Қарыз 

алушының  төлемдері  оған  ыңғайлы  болу  үшін  шағын  несие  берілген  күнге  қатысты 

жылжытылатын  өтеу  әдісі.  Осылайша,  алғашқы  (жылжытылған)  төлем,  сондай-ақ  соңғы 

төлем жүргізілген күн мен берілген (алдыңғы төлем) күн арасында 30 күннен (бір айдан) 

артық немесе кем күн болуы мүмкін.  Қалған жүйелі (кезекті) төлемдердің арасы кәдімгі  

аннуитет  сияқты  бір  айды  құрайды.  Төлемдерді  осы  әдіс  бойынша  есептеу  мақсатында 

кесте алдымен, төлемдер жылжытылмай аннуитет әдісімен құрылады да, жүйелі (кезекті) 

төлемдердің  мөлшері  анықталады.  Алғашқы  (жылжытылған)  төлемнің  мөлшері 

есептелген  жүйелі  (кезекті)  төлемді  отызға  бөліп,  алынған  соманы  Шарттың  (немесе 

алдыңғы  төлемнің)  күнінен  бастап,  өтеу  күнінің  жылжытылуы  ескеріле  отырып, 

көрсетілген төлемнің күніне дейінгі күндердің нақты санына көбейту жолымен есептеледі. 

Соңғы  төлемнің  мөлшері  қалған  негізгі  қарыз  бен  соңғы  және  бұған  дейінгі  төлем 

арасындағы кезең үшін есептелген пайыздарды қосу арқылы есептеп шығарылады;  

24)

 

микрокредит  /  қарыз  –  МҚҰ    Қарыз  алушыға  Қазақстан  Республикасының 



ұлттық  валютасымен  және  Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен,  МҚҰ  ішкі 

нормативтік  құжаттарымен  анықталған  мөлшерде  және  ретінде  ақылылық,  мерзiмдiлiк 

және қайтарымдылық шарттарымен ұсынылатын ақша

25)


 

микрокредиттеу  –  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға  және  жеке 

тұлғалардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  бағытталған  микрокредит    беруді 

реттейтін процесс; 

26)

 

мониторинг  –  жеке  микрокредитті  /  микрокредит  портфелінің  жай-күйін 



кезеңдік бақылау, қабылданған тәуекелдерді талдау және болжамдау; 

27)


 

МҚҰ  –  коммерциялық  ұйым  болып  табылатын,  ресми  мәртебесi  әдiлет 

органдарында  мемлекеттiк  тiркелумен  және  есептiк  тiркеуден  өтуiмен  айқындалатын, 

микрокредиттер  беру  жөнiндегi  қызметтi,  сондай-ақ  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасымен  рұқсат  етiлген  қосымша  қызмет  түрлерiн  жүзеге  асыратын  «Kaz  Credit 

Line» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, заңды тұлға; 

28)

 

«Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК»  КЕАҚ  –  «Азаматтарға  арналған  үкімет» 



мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы; 

29)


 

Өтiнiш берушiнің міндеттемелері – кредит беруді жүзеге асыратын МҚҰ және 

басқа  да  ұйымдардың  алдында  өтініш  берушінің  міндеттемелері  бойынша  айлық 

шығындар,  сондай-ақ  болжалды  кредит  (шағын  кредит  бойынша  төлем)  бойынша 

шығындар; 

30)


 

қамтамасыз  ету  –  жиынтық  құны  ұсынылған  микрокредиттің  негізгі  қарыз 

сомасынан кем емес кепiл нысанасы; 

31)


 

негізгі қарыз – Қарыз алушыға Шартқа сәйкес берілетін микрокредит сомасы; 

32)

 

бағалаушы  –жеке  тұлға  немесе  бағалау  жұмысын  жүзеге  асыруға  лицензиясы 



бар  және  міндетті  түрде  бағалаушылар  палатасының  мүшесі  болып  табылатын  заңды 

тұлға; 


33)

 

төлем  қабілеттілігі  –  Өтініш  берушінің  МҚҰ  алдындағы  міндеттемелерін 



мерзімінде немесе толық орындауы үшін экономикалық мүмкіндіктерінің бар болуы; 

34)


 

мерзімінен  бұрын  толық  өтеу  –  Қарыз  алушының  МҚҰ  алдындағы  негізгі 

қарызын,  ол  бойынша  есептелген  сыйақыны,  өсімпұлды  және  айыппұлды  қоса  алғанда, 

қарыздарын толық өтеуі; 



«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

35)



 

проблемалық  қарыз/микрокредит  –  90  (тоқсан)  және  одан  артық  күнге 

кешіктіру есебіне шығарылған берешегі бар қарыз/микрокредит; 

36)


 

провизиялар  (қорлар)  –  белгілі  бір  нақты  қордың  құнының  шығындалу 

мүмкіндігін мойындау, ал шартты міндеттеме жағдайында – МҚҰ өзінің міндеттемелерін 

орындау  мүмкіндігі  немесе  қорлардың  жиынтығы  бойынша  шығындалу  мүмкіндігін 

мойындау; 

37)


 

микрокредит беру бағдарламасы – МҚҰ клиенттерінің біртекті қажеттіліктерін 

экономикалық  түрде  қанағаттандыратын  микрокредит  беру  мәселесін  шешу  үшін 

қалыптасқан қарыздар шартының (мерзім, сыйақы көлемі, мақсаты және т.б.) жиынтығы

38)

 

мерзімі  өткен  қарыз/микрокредит  –  мерзімі  өту  есебіне  шығарылған  берешегі 



бар қарыз/микрокредит; 

39)


 

Тәуекел  менеджері  –  МҚҰ  қызметкері,  оның  қызметтік  міндеттеріне 

микрокредиттер  портфелінің  және  МҚҰ  жеке  микрокредиттерінің  тәуекелдерін  басқару, 

соның ішінде тәуекелдерді талдау және саралау, сапасына мониторинг жасау және оларды 

төмендету бойынша іс-шараларды қалыптастыру кіреді; 

40)


 

қарау мерзімі – кредиттік өтінімді тіркеу сәтінен бастап өтінім бойынша шешім 

қабылдаған күнге дейінгі мерзім; 

41)


 

қамтамасыз ету құны – нарықтық құнынан (әділетті)  оны жүзеге асыру (сату) 

мүмкіндіктерінің есебімен анықталатын ағымдағы сәтте кепілдікті қамтамасыз ету құны; 

42)


 

сауда  ұйымы  –  Қазақстан  Республикасының  азаматтық  заңнамасына  сәйкес 

тауар  сататын  /  немесе  шарт  бойынша  жұмысты  орындайтын  немесе  қызмет  ұсынатын 

жеке немесе заңды тұлға; 

43)

 

МҚҰ  уәкілетті  тұлғасы  –  МҚҰ-ның  бекітілген  басқарушы  және  ішкі 



нормативтік  құжаттарына  сәйкес  және  оған  берілген  уәкілеттілік  шегінде  микрокредит 

беру бойынша шешім қабылдайтын МҚҰ қызметкері; 

44)

 

МҚҰ  уәкілетті  органы  -  МҚҰ-ның  бекітілген  басқарушы  және  ішкі 



нормативтік  құжаттарына  сәйкес  және  оған  берілген  уәкілеттілік  шегінде  микрокредит 

беру бойынша шешім қабылдайтын МҚҰ алқалы органы;  

45)

 

МҚҰ  фронт-офис  бөлімшесі  –  МҚҰ    құрылымдық  бөлімшесі,  оның  негізгі 



функциясы  осы  Ережелерге  сәйкес  клиенттерді  кредит  алуға  тарту  және  олармен  шарт 

жасау болып табылады; 

46)

 

мақсатты  микрокредит  –  жасалған  Шартқа  сәйкес  белгілі  бір  мақсаттарда  он 



Қарыз алушының қолдану талаптарымен берілген микрокредит; 

47)


 

ішінара  мерзімінен  бұрын  өтеу  –  Қарыз  алушы  микрокредит  бойынша  негізгі 

қарызының бір бөлігін ғана және сол кезең ішінде есептелген сыйақыны өтеу. 

 

2-тарау. Микрокредит беруге қойылатын жалпы талаптар 



 

§1. Қарыз алушыларға қойылатын жалпы талаптар 

 

6.     МҚҰ-ның Қарыз алушылары бола алады: 



1)     Заңды тұлғалар: 

-

 



шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері; 

-

 



Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  Қазақстан  Республикасы 

аумағында тіркелген және әрекет ететін; 

-

 

микрокредит алу үшін өтініш жасаған күні қайта ұйымдастыру, тарату немесе 



банкротқа ұшырау процедуралары өткізілмейтін және мүлігіне тыйым салынбаған немесе 

жазаға тартылмаған. 

2)     Жеке тұлғалар: 

-

 



Қазақстан Республикасының резиденттері; 

-

 



тұруға рұқсаты бар шетелдік азаматтар; 

«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

-



 

егер бағдарлама бойынша басқа талаптар қойылмаса, Өтінішті ресімдеу сәтінде 

жасы 21-ден асқан және 68-тен аспаған тұлғалар; 

-

 



тұрақты табыс көзі бар; 

-

 



аталған  табысын  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК»  КЕАҚ   зейнетақы   

жарналарын  тұрақты  аударатынын/  «Азаматтарға  арналған  үкімет»  МК»  КЕАҚ-нан 

зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді  растайтын құжаттары бар; 

-

 



Қазақстан  Республикасының  заңнамасына  сәйкес  әрекет  ету  қабілеттілігі 

шектелмеген. 



 

§2. Микрокредит беру талаптары 

 

7.     МҚҰ     Микрокредитті      ақылылық,     мерзiмдiлiк     және қайтарымдылық 

шарттарымен және мақсатты пайдалану үшін береді (кезінде мақсатты микрокредит беру

)



8.

 

МҚҰ  Микрокредитті    Қазақстан  Республикасының  ұлттық  валютасы  – 



теңгемен береді. 

9.        МҚҰ      беретін          микрокредиттер          бойынша      төмендегі    шекті  талаптар 

қойылады: 

 

                                                                                                           1-кесте 



Талап 

Сипаттама 

1)

 



Микрокредит  берудің 

шекті мерзімі  

Ең қысқа мерзім: 1 (бір) күн 

Ең ұзын мерзім: 5 (бес) жыл 

2)

 

 Микрокредит  берудің 



шекті сомалары 

Ең көп сома: 1 (бір) теңге 

Ең  аз  сома:  бір  Қарыз  алушыға    – 

Республикалық 

бюджет 

туралы 


Қазақстан 

Республикасының  заңымен  тиiстi  қаржы  жылына 

белгiленген  айлық  есептiк  көрсеткiшiнiң  8 000 

(сегіз мың) еселенген мөлшерінде 

3)

 

 Микрокредит 



бойынша 

сыйақы 


мөлшерлемесінің шекті шамасы  

Ең  жоғарғы  мөлшерлеме  -жылдық  56%  (елу  

алты пайыз)  

 

10.   МҚҰ: 



1)

 

бастапқы жарна мөлшерін (бар болған кезде); 



2)

 

комиссия мөлшерін; 



3)

 

Шарт  бойынша  міндеттемелерді  орындамағаны  үшін  айыппұл  мен  өсімпұл 



мөлшерін белгілейді; 

11.


 

Микрокредит  беру  күні  мен  бірінші  жоспарлық  төлем  жасау  күніне  дейінгі  

мерзім  45  (қырық  бес)  күнтізбелік  күннен  аспауы  тиіс.  Соңғы  жоспарлық  төлем  жасау 

күні Шартпен келісілген Микрокредитті толық өтеу күнінен ерте орнатылуы қажет. 

12.

 

Мақсаттық микрокредиттер: 



1)     заңды тұлғалар үшін: 

-

 



айналым қаражаттарын толықтыру үшін; 

-

 



жабдықтар сатып алу үшін; 

-

 



жылжымалы және жылжымайтын мүлікті сатып алу үшін; 

-

 



Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  рұқсат  етілмеген  мақсаттардан 

басқа; 


2)     жеке тұлғалар үшін: 

-

 



халық тұтынатын тауарларды сатып алу үшін; 

-

 



оқыту ақысын төлеу үшін; 

-

 



медициналық қызмет көрсету үшін; 

«Kaz Credit Line» микроқаржы ұйымы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 

Микрокредит беру ережелері 



http://www.mfo.kz  

-



 

туристік саяхаттар үшін; 

-

 

тойларды өткізу үшін; 



-

 

жөндеу жұмыстары мен құрылыс үшін; 



-

 

Қазақстан  Республикасының  заңнамасымен  рұқсат  етілмеген  мақсаттардан 



басқа мақсаттарда ұсынылады. 

13.  Микрокредитті толық өтеуге, сондай-ақ ішінара мерзімінен бұрын өтеуге рұқсат 

етіледі.  Мерзімінен  бұрын  өтеу  Осы  Ережелердің  7-тарауының  §4  көрсетілген  тәртіп 

бойынша жүзеге асырылады. 

 




Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет