Казахский национальный



Pdf көрінісі
бет19/45
Дата04.02.2017
өлшемі3,69 Mb.
#3385
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45

 
 
А. Жапарова 
 
АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕР 
 
 
Ағылшын  тілі — Үнді-Еуропалық  тілдер 
жанұясының батыс герман тобына жататын тіл. 
Герман  тобына  ағылшын  тілінен  басқа 
неміс,  норуег,  швед,  нидерланд  т.б.  тілдері 
жатады.  Ағылшын  тілі  ежелгі  тіл  болып 
есептеледі,  ол  қазіргі  Ұлыбритания  аумағын 
ежелде  басып  алған  Англо-Саксондардың  тілі, 
бірақ  жауланған  келттердің  тілдері  əсерін 
тигізген. 
Ағылшын тілі — халықаралық тіл. Əлемдегі 
ең  көп  тараған,  əрі  қытай  тілінен  кейінгі  халық 
саны  бойынша  ең  көп  пайдаланатын  тіл.  
 
 
Ағылшын  тілі  Ұлыбритания,  Америка  Құрама 
Штаттары,  Жаңа  Зеландия,  Аустралия  жəне 
басқа  елдерде  ана  тілі  болып  есептеледі.  Одан 
басқа көптеген мемлекеттерде ресми тілі болып 
саналады. 
Ағылшын тілі — БҰҰ-ның алты тілінің бірі 
болып саналады. 
Ағылшын  тілінің  лексикологиясы  көптеген 
ғылымдармен  байланысты,  мысалы  стилистика- 
мен,  əдетте  белгілі  бір  ситуацияға  қатысты 
лексика  қолдануымызға  тура  келеді.  Өзарабай- 
ланысты  мына  сөздер  мысалында  көре  аламыз: 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
127
grandmother-granny.  Ағылшын  тілі  лексико- 
логиясы тарапынан, бұлар - синоним-сөздер. Ал 
стилистика  бойынша,  бұл  екі  сөз  түрлі 
стильдерде  қолданылуы  керек: grandmother-
ресми  стильде,  ал granny сөзі - ауызекі  сөйлеу 
тілінде  пайдаланғаны  абзал.  Ғылым  ретінде 
лексикологияның өзінің бірнеше топшалары бар 
жəне бұл тек стилистикамен ғана емес, басқа да 
түрлі ғылымдармен тікелей байланысты. Сөздің 
мағынасын  зерттеумен  семасиология  (лексико- 
логияның  топшасы)  айналысса,  сөз  құрамымен 
лексикологиямен бірге морфология шұғылданса, 
фразеология  зерттеу  объектісі  ретінде  тұрақты 
сөз  тіркестерін  қарастырса,  этимология - сөздің 
шығу тарихын зерттейді.  
  Əрбір  сөздің  өзіне  тəн  тұлғасы  бар.  Сол 
тұлға  арқасында  əрбір  сөз  бір  бүтін  единица 
ретінде  қызмет  етеді.  Сөздің  құрамының  əр 
түрлі  болуы  оның  бөлшектеріне  байланысты. 
Сөздер  кейде  түбір  қалпында  жұмсалса,  кейде 
оларға  түрлі  қосымшалар  жалғану  арқылы 
жұмсалады.  
Ағылшын  тілінің  лексикологиясы  шынайы 
өмірге  қатысты  сөздердің  лексикалық  құрам- 
дарын  қарастырады.  Жаңа  сөздер  мен  сөз 
тіркестерінің  (неологизм)  пайда  болуы  жаңа 
реалийлердің  (құбылыстар  мен  заттар)  өмірге 
келуімен  тікелей  байланысты.  Бірақ  кез-келген 
жаңа  сөздің  неологизмге  айналып  кетуі  шарт 
емес.  Жаңа  сөз  неологизмге  айналуы  үшін,  ол 
бірнеше  «дайындық  кезеңдерінен»  өтеді,  содан 
кейін  барып,  ол  не  мүлдем  жойылып  кетеді 
немесе  тілдік  ортада  калыптасып,  халық  ара- 
сына  сіңісіп  кетеді.  Сонымен  қатар,  сөздің 
жойылып кету үрдісі де бар.  
  Тілдің  лексикалық  құрамының  өзгеруі  тек 
неологизм  немесе  архаизмге  (қолданыстан 
шығып  қалған  сөздер)  ғана  байланысты  емес. 
Сөздің  белгілі  бір  ықпалға  түсуі  де  үлкен  роль 
атқарады.  Бұл  үрдістің  бір  себебі  ретінде – сөз 
тіркестердің  қысқартуларын  айта  аламыз: a 
musical (show), a weekly (paper). Сөз  тіркестің 
қалған  компоненттері – жойылған  бөліктің  де 
мағыналарын қамтиды. 
  Қазіргі таңдағы бар құбылыстың өзгеруі де 
–  сөздің  мағынасын  өзгертулер  еңгізбей 
қоймайды.  Бу  двигательдері,  қондырғылары 
пайда  болмас  бұрын to sail етістігі – желкен 
астында  жүруді  білдіретін,  қазіргі  таңдағы 
ғылыми-техникалық  үрдістің  қарқынды  дамуы- 
нан  кейін,  етістік  түпкі  мағынасынан  ауытқып, 
қазір  бұл  сөз  кез-келген  жүзу  қозғалысын,  іс-
əрекетін білдіреді.  
Ағылшын тілі лексикасы, оның сөздік қоры 
күн  санап  толығып,  көбейіп  келеді.  Ағылшын 
тілі лексикологиясы ғылымы тек ғана сөз, сөздік 
құрамды  зерттеп  қана  қоймай,  сөздің  мұқият, 
ұқыпты,  орнымен  қолдануын  қадағалайтын 
бірден бір тіл саласы. Өйткені білуіміздей, сөз – 
үлкен қару, ол – жанына медеу болып, күш-қуат 
сыйлайды. «Сөз  қадірін  білмеген  өз  қадірін 
білмейді»  демекші,  əр  сөз  өз  ыңғайымен  қол- 
данғаны абзал.  
Ағылшын тілі сөздік құрамының оқытылуы 
–  бірнеше  бағыттар  бойынша  қарастырылуы 
мүмкін.  Ағылшын  тілінің  барлық  лексикалық 
сөз  қорын  мына  категориялар  бойынша  бөліп 
көрсетуге болады:  
1.  Сөздің жүйелік құрамы тарапынан 
2.  Стилистика жағынан 
3.  Мағыналарының ұқсастығы тарапынан 
4.  Сөз формасының ұқсастығы жағынан 
Сөздің  құрамдық  классификациясы  тарапы- 
нан сөздер екі топқа бөлінеді: жай сөздер (black 
– черный, lamp – лампа),, олар өз кезегінде жаңа 
сөздер  қалыптасуының  негізі  болып  табылады 
жəне  құрамында  аффикстер  мен  күрделі  сөздер 
бар туынды сөздер (useless – қажетсіз). Күрделі 
сөздер  дегеніміз  құрамында  екі  немесе  одан  да 
көп  негіздері  бар  сөздер (home-made – үйде 
жасалған), бұл олардың сөз тіркестерінен басты 
айырмашылықтарын айқындайды.  
Қазіргі  ағылшын  тілінде  сөздер  мынадай 
топтарға бөлінеді: 
- жай жəне күрделі ;  
- туынды емес (түбір) жəне туынды;  
- толықнегізді жəне аббревиатуралар . 
1)  Жай  сөздер.  Қарапайым,  сөз  тудырмай- 
тын  (жай,  түбір  сөздер)  сөздер – жай  сөздердің 
бір  түрі  болып  табылады – red, leg, ask; Қара- 
пайым  туынды  сөздер - helpless,disorder,outwit; 
қарапайым  толықнегізді  сөздер– back, room, 
take; қарапайым аббревиатуралар – doc, prof, ref. 
Жай  туынды  емес  сөздер  сөздік  ұясының 
орталығы  (яғни,  туыс  сөздер  тобы)  болып 
есептеледі  жəне  жаңа  сөздердің  қалыптасуына 
негіз  болады.  Нөлдік  флекцияға  ие  болған  бұл 
сөздердің  формасы – негіз  бен  түбірге  сай 
келеді.  Құрамды  жəне  күрделі  сөздерге  қара- 
ғанда,  бұл  сөздердің  лексикалық  мағыналары 
əлдеқайда  көп,  сондықтан  да  олар  конверсияға 
оңай  ұшырайды.  Туынды  сөздер  жай  жəне 
күрделі  болып  топтасады.  Құрамында  сөзту- 
дырушы  аффикстер  бар.  Мысалы: aimless, 
spoonful, disbelief (жай  туынды  сөздер); broad 
shouldered, footballer, old - ladyish (күрделі, 
туынды сөздер). 
Туыстық  паронимдер  дегеніміз – тек  суф- 
фикстерімен  өзгешеленетін,  категориалық  бір- 
дей  туысқан  сөздер: economic – экономикамен 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
128
байланысты,  экономикалық (economic crisis); 
economical – ақшаға  мұқият,  үнемді  адам 
(economical woman). 2) Күрделі  сөздер.  Бұл  топ 
құрамына  мыналар  жатады:  күрделі  туынды 
емес  сөздер  (күрделі  түбір  сөздер) - to blacklist 
(қара тізімге енгізу),air sick,home - made; 
Күрделі, туынды сөздер – dark-haired, week-
ender, horse-driven; құрмалас  аббревиатуралар 
(күрделі,  қысқартылған  сөздер) – The USA,V - 
Day,UNESCO. Күрделі сөз дегеніміз – екі немесе 
одан  да  көп  негізден  құралған  сөздер (foreign – 
made, red- haired, to daydream ). Күрделі сөздерді 
сөз  тіркестерімен  шатастырмаған  абзал,  сөз 
тіркестерінің  компоненті – сөз,  ал  күрделі  сөз- 
дердің  компоненттері – негіздер  (морфемалар). 
Егер де орыс тілінде күрделі сөз бен тұрақты сөз 
тіркесінің  арасына  шекара  қою  мүмкіндігі  бар 
болса,  ағылшын  тілінде  ондай  мүмкіндік  жоқ, 
өйткені  ағылшын  тіліндегі  күрделі  сөздер 
сыртқы  пішіні  жағынан  тұрақты  сөз  тіркесте- 
рінен  ерекшеленбейді,  бұған  себеп – сөз  бен 
негіздердің омономиясы (foreign – жəне foreign). 
Бұдан  туындайтын  нəрсе – мұндай  күрделі, 
құрмалас  құрамдарды  дифференциялау  үшін 
арнайы лингвистикалық анализ керек. Ағылшын 
тіліндегі  күрделі  сөздер 1) компрессия  жəне  
2)  түбірге  жалғану  арқылы  жүзеге  асады. 
Құрмалас  сөздер  сөйлем  мен  сөз  тіркестерінің 
компрессиясы арқылы  жасалады: Do it your self 
– on the do-it-your-self principle; Stay slim – a 
stay-slim diet; A performance given out of town – 
an out-of-town performance. Компрессивтер – 
қазіргі  ағылшын  тілінің  өзіндік  ерекшелігі. 
Бұлардың  қызмет  аясы  да  шектеулі.  Бұлардың 
көбісі жаңалық жəне көркем образды нақышына 
келтіру  үшін  жасалған  жеке  авторлық  сөздер 
болып  табылады.  Түбірге  жалғану – түбірге 
қосылу  арқылы  жүзеге  асқан  күрделі  сөздердің 
құралуы.  Түбірге  жалғану  толық  жəне  қысқар- 
тылған негізді болып бөлінеді. Толық негізді сөз 
–  күрделі  құрамалас  сөздер,  ал  қысқартылған 
негізді  сөз  дегеніміз – күрделі  аббревиатурлар 
(күрделі,  қысқартылған  сөздер).  Қазіргі  ағыл- 
шын  тіліндегі  толықнегізді  сөздердің  қалып- 
тасуы – ең бастысы сын  есімдер көмегі арқылы 
іске асырылады: 
World-famous (week-long); Dark-brown (light-
green); Radio-transmitted (flood-affected, nuclear-
powered, Oxford-educated). Сөздер, сөз тіркестері 
морфемалардан басқа ағылшын тілінде тағы бір 
өзіндік, нейтральды туындылар бар. Нейтральды 
туындылар – сөз  немесе  сөз  тіркестері  ретінде 
қабылданатын, сөз немесе түбірге тəн қасиеттері 
жоқ компоненттер, жүйелік бірліктер. Нейтраль- 
ды  туындыларға  мыналар  жатады: 1) екі 
субстантивті  компоненттердің  үйлесімі (space 
vehicle, pain killer) жəне 2) сочетания  с  ком- 
понентом  на – ing компонетті  бар  тіркестер – 
sleeping pills, sewing machine,sound recording . 
Ағылшын  тіліндегі  кейбір  маңызды  терминдер: 
сөз  мағынасы – аталмыш  тілдік  коллективке 
берілген,  белгілі  дыбыстық  формаға  тіркелген, 
арнайы  бір  тілге  тиесілі  мағыналы  құрам. 
Мағына  ауқымы  немесе  өлшемі – бір  типтік 
заттардың өзара байланысы. Мағына мазмұны – 
белгілі бір зат пен оның эмоциональды- бағалау 
қарым-қатынасының 
сипаттамасы 
жəне 
аталмыш  объектінің  басқа  типті  заттармен 
байланысы жайлы білім. Сөздік мағына – белгілі 
бір типтің түрлі объектілерін атау реализациясы. 
Контекстты (комбинаторлы) мағына – бір сөздік 
мағыналы  сөздің  түрліше  қолдану  реализа- 
циясы.  Ұя – бір  түбірлік  негізден  дамыған 
сөздер семьясы. Лексиканың семантикалық диф- 
ференциясы – мағыналарының  ұқсастығы 
жағынан  лексика  классификациясы.  Бұл  кезде 
объекті  жəне  дефинирациялаушы  мағына  еске 
алынады. Сөздік – белгілі бір принцип бойынша 
жинақталған,  сөздердің  мағыналары,  олардың 
қолданылуы,  шығу  тарихы,  оның  басқа  тілдегі 
мағынасынан  мағлұмат  беретін,  сөз  жинағын  
(морфема,  сөз  тіркесі,  идиомалар  жəне  тағы 
басқалары)  қамтитын  кітап.  Синонимдер – 
айтылуы,  жазылуы  бөлек,  бірақ  мағыналары 
жағынан  ұқсас  сөздер.  Мысалы : to end – to 
finish; gulf – bay; car – automobile; polite- 
mannerly, well-mannered, courteous, gracious, nice; 
loyal, allegiant, doglike, hard-core, hardcore, leal, 
liege, true-blue; attractive, bewitching, captivating, 
enchanting, enthralling, entrancing, fascinating, 
charismatic, magnetic, cunning, cute, dinky, 
engaging, piquant, fetching, taking, winning, 
glossy, showy, hypnotic, mesmeric, mesmerizing, 
spellbinding, irresistible, personable, photogenic, 
prepossessing, winsome; tall, in height(predicate), 
leggy, long-legged, long-shanked, tall-growing, 
long, long-stalked, tall-stalked, stately, statuesque, 
tallish.  Антонимдер  дегеніміз – мағыналары 
жағынан  мүлдем  қарама-қарсы  мағыналарды 
білдіретін  сөздер.  Мысалы: clean - dirty, soil, 
begrime, grime, colly, bemire; slow – accelerated, 
alacritous, blistering, hot, red-hot,double-quick, 
express, fast-breaking, fast-paced, fleet, swift, high-
speed, high-velocity, hurrying, scurrying, im- 
mediate, prompt, quick, straightaway, instanta- 
neous, instant(prenominal), meteoric, quick, speedy, 
rapid, rapid, speedy, smart, winged, windy; busy - 
bone-idle, bone-lazy, faineant, indolent, lazy, 
otiose, slothful, work-shy, lackadaisical, leisured, 
unengaged; kind- unkind, cutting, edged, stinging, 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
129
harsh, rough, hurtful, unkindly, unsympathetic; ugly 
– beautiful, beauteous, bonny, bonnie, comely, fair, 
slightly, dishy, exquisite 
fine-looking, good-looking, better-looking, 
handsome, well-favored, well-favoured, glorious, 
resplendent, splendid, splendiferous, gorgeous, 
lovely  
picturesque, pretty, pretty-pretty, pulchritu- 
dinous, ravishing, scenic 
stunning.  Омонимдер  дегеніміз – айтылуы, 
дыбысталуы  бірдей,  бірақ  түрліше  мағына 
беретін  сөздер.  Мысалы: well – үстеу,  жақсы 
деген мағынаны білдірсе, енді бірде тура осы сөз 
–  құдық  деген  нəрсені  түсіндіреді; spring  - 
көктем,  бұлақ  жəне  секіру; button – түйме  жəне 
тетік; present – жəне сыйлық; nail – тырнақ жəне 
шеге; apple – алма  жəне  көз  қарашығы  тағы 
басқалары.  Сыртқы  пішіні  жағынан  омонимдер 
екі  топқа  бөлінеді:  омографы  (графика,  яғни 
жазылуы  жағынан  бірдей), омофоны (фонетика, 
яғни  дыбысталуы  жағынан  бірдей)  сөздер.  
 
 
 
 
 
Омофондар : flour, flower; air, heir (наследник); 
peace, piece; sale, sail; sell, cell;  Омографтар: tear 
(жұлу,  кесу), tear (көз  жасы); bow (лук,  бант), 
bow ( еңкею ). 
Омографы – омофоны: bear (1. аю, 2. шыдау, 
3.  көтеру); fair (1. шыншыл, 2. əдемі, 3. жəр- 
меңке); row (1. қатар, 2. ескекпен жүзу). 
Ағылшын  тілі – 21 ғасырдың  жаhанды  тіл- 
дерінің  бірі,  ағылшын  тілі – сонау  Шекспир, 
Джек Лондон, Марк Твендер қолданған əдебиет 
тілі,  мəдениет  тілі,  қарым-қатынас  единицасы. 
Ағылшын – əлемдік тіл, өзіндік сөздік қоры бар, 
бай, көркем тіл. Мұндай қасиетті де бекзат тілді 
аялап, оның лексикасындағы əрбір сөзге жауап- 
кершілікпен  қарап,  сөздерді  тек  тиесілі  орын- 
дарында қолданғанымыз абзал.  
* * * 
Статья  посвящяна  лексическим  особенностям  своре- 
менного английского языка. 
* * * 
The given article is devoted to the lexical peculiarities of 
modern English language.  
 
 
 
 
А. Е. Жүсіпов 
 
ТҰРАҚТЫ ТІРКЕСТЕРДІҢ ҚАЙШЫЛЫҚ ТУЫНДАТУДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ, 
ГРАММАТИКАЛЫҚ ПРАГМАТИКАЛЫҚ КӨРІНІСІ 
 
 
Жалпы  кез-келген  ғылымда  қарама-қай- 
шылық ұғымы кеңінен сипатталынып, ауқымды 
түрде  түсіндіріледі.  Аталмыш  ұғым  туралы 
ғылыми  бастама  ежелгі  заманда  ғылымдардың 
атасы  философия  ілімінде  өте  күрделі  кате- 
гориялар  қатарынан  орын  алған.  Сөйтіп  ғы- 
лымның  психология,  логика,  лингвистика  сала- 
ларында өзіндік сипатқа ие болды.  
Қарсы  мəнді  фразеологизмдердің  семан- 
тикалық  парадигмаларын  зерттеу  барысында 
қазақ  тіл  біліміндегі  І.  Кеңесбаев,  Ə.  Қайдар,  
Ə.  Болғанбайұлы  мен  Ғ.  Қалиұлы,  Ж.  Мусин,  
Г.  Смағұлова,  С.  Сəтенова,  А.  Жұмабекова,  
А.  Ислам,  С.Е.  Исабеков  жəне  т.б.  ғалым, 
зерттеушілерді атауға болады.  
«Қарама-қарсылық» 
жəне 
«қайшылық» 
ұғымдарының 
мəнін 
ашуда 
философияда 
Аристотель,  Гегель,  И.  Кант,  В.И.  Горбач, 
логикада  Д.П.  Горский,  А.Д.  Гетманова,  пси- 
холингвистикада  Қ.  Жарықбаев,  Ф.Н.  Гоно- 
балин, С.Н. Кахиани, А.А. Брудный, Э.И. Роди- 
чева,  В.А.  Маслованың  зерттеулеріндегі  негізгі 
тұжырымдарды басшылыққа алуға болады. 
 
 
Философиялық  тұрғыда  қарама-қайшылық 
бірін-бірі  жоққа  шығару  қасиеттерін  иеленсе, 
осы  қайшылықтың  екі  шегі  қарама-қарсы 
құбылыстар  болып  табылады  деп  түсіндіріліп 
жүр. 
Салыстыру  нəтижесінде  философиядағы 
“қарама-қарсылықтың  бірлігі  мен  күресі  заңы- 
ның”: (1)ажырамас  бірлікте  болу; (2) əр  қилы 
ғана  емес,  сондай-ақ  біріңғай  қарым-қатынаста 
тұрып  бірін-бірі  жоққа  шығару; (3) бір-біріне 
өту [3:224] сияқты басты белгілері тілдегі қарсы 
мəндес  ұғымдардың  төмендегідей  белгілерімен 
ұштасып жатады: 
Психолингвист  ғалымдар  тəжірибеде  адам- 
ның  ойлауы  негізінде  қалыптасқан  жауаптары 
арқылы  берілген  ұйытқы  сөздің  түрлі  қарама-
қарсы жағын айқындаған.  
Қарама-қайшылыққа  негізделген  фразео- 
логизм жаһандық категориясының сəйкессіздігін 
əлсіз  (жұмсақ)  қайшылыққа  жатқызамыз.  Əлем 
нысанының  жаһандық  категориясының  төрт 
түрін  алып  көрсетуге  болады. (1) өлі  нысандар; 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
130
(2)  жануарлар; (3) ддамдар; (4) абстарктылық 
түсінік. 
Алғашқысына  жататындар:  жынды  ақша – 
бұл  орыстың  «бешеные  деньги»  фразеологизмі- 
нің  аудармасы  екені  дау  туғызбайды.  Жынды 
ақшаның буына мас болған «жаңа қазақтардың» 
телпектері  теріс  айналғанын  тарихтың  өзі 
көрсеткен  жоқ  па?(К).  «Өлі  үй» - бұл  тұрақты 
тіркестің  де  көршілес  елдің  «мертвый  дом» 
тіркесіне  балама  ретінде  алынғанын  айта 
аламыз. Өлі үй емей не, мазардан қай жері артық 
бұл  қу  моланың? (ЖА).  Бұл  жерде  дербестеу 
жəне анимацияға негізделген қайшылықты көріп 
отырмыз.  Араб  тілінде  осыған  ұқсас  тамаша 
тіркес  бар,  δaхіkаti I-'ardu – «жер  күлді»,  яғни 
жер жемісін əкелді деген мағынада жұмсалған. 
Екінші  топтағы  қарама-қайшылық  жануар- 
ларға  қатысты  құрылған.  Қазақ  тілінде  бұл 
топқа  жататын  тұрақты  тіркестер  байқалмады. 
Орыс  тіліндегі  «медведь  на  воеводстве», «заяц 
во хмелю» тіркестерін алуға болады. 
Үшінші  топ,  адамға  қатысты  қайшы- 
лықтар.  Бұл  қайшылық  қимылдау  мен  қимыл- 
дамау  (бейанималдану)  яғни,  заттануға  не- 
гізделген. 
Қимылдау  (анимация) - (біздің  жағдайда, 
жануарға айналу) – құйрығын бұтына қысу, бұл 
тіркес  қорқып  қашу  мағынасында  жұмсалады. 
Ардақтың  зəре-құты  қалмады,  оның  үстіне 
«қорыққанға  қос  көрінері»  бар,  құйрығын 
бұтына қысып қашты дерсің... (А). Күзгі əтеш – 
аузында  уызы  кеппеген,  аузынан  ана  сүті 
кетпеген,  жас  деген  мағынада  жұмсалған. 
Бесіктен  белі  шықпай  жатып,  мынауың  əңгіме 
соғып əкетіп барады ғой, күзгі əтеш неме!...(А). 
Қанаты қырқылды – салы суға кету, демеушісі, 
көмек  күтер  адамы  жоқ,  дегеніне  жете  алмау 
мағынасына  жақын  мəнде  жұмсалатын  тіркес. 
Бала  кезімнен  бірге  өскен  Сəуле  момын,  қой 
аузынан  шөп  алмас,  ал  мен  болсам  керісінше 
шаш  ал  десе  бас  алатын  қыз  едім.  Сөйтіп 
жүргенде  аяқ  астынан  қанатым  қырқылды  емес 
пе? (АБ).  Көзсіз  өгіз,  көзсіз  бұқа  –  топас, 
əумесер  мағынасында  жұмсалады.  Бұл  тіркес 
жергілікті  қолданыстағы  тіркес  болуы  да 
мүмкін.  Мысал  ауызша  əңгіме  кезінен  алынған 
(мұғалімнің  балаларға  ұрысқан  сəтінен  үзінді). 
Көзсіз  өгіздер,  бастарында  бір  грамм  ми  жоқ, 
сабақтан  қашу  деген  өнерді  қайдан  шығар- 
дыңдар  (ауызша  əңгімеден).  Парсы  тілінде  ba 
dom-t xod gerdu sekastan – құйрығымен  грек 
жаңғағын  жару  деген  тіркес  кездеседі,  яғни 
қуанышында  шек  жоқ,  жерден  жеті  қоян 
тапқандай қуану мағынасында жұмсалады. 
Қимылдамау  (заттану):  тас  бауыр – Осы 
қарағыма  өзгелердің  тас  бауыр  қатыбас  мінезін 
бере  көрме  деген  еді  (М.Ə.).  Тас  бүркену – Тас 
бүркеніп жатып алдым (О.Б.). Тас жүрек – Осы 
ұзақ  жолында  Сəрсен  ешкімнің  үйіне  де  қонған 
жоқ. Қонаға келіп түскен үйде таң сібірлегенше 
əңгімемен  отырды  да: - Таң  салқынымен  біраз 
жерге  барып  қалса  қайтар  еді? – деп  жолдас- 
тарына  қарады.  Қасындағы  тас  жүрек  міз 
бақпастан отыра берді. (А.Х.). Тісін қайрау – Біз 
сол  үшін  найманға  кектеніп,  енді  қалай  өш 
аламыз  деп  тісімізді  қайрап  жүргеміз  (М.Ə.). 
Парсы  тілінде  del dadan va olve gereftan – 
жүрегін беріп, бүйрегін алу деген фразеологизм 
бар,  оның  мағынасы – əңгімешінің  ырқына 
көніп,  əңгімеге  елтіп  кету,  аузын  ашып,  көзін 
жұмып  əңгімені  қылп  етпестен  тыңдау.  Жапон 
тіліндегі  мына  тұрақты  тіркесті  де  айта  кетуге 
болады, hidanimae-ni naru – түйреуіш болу, яғни 
жұмысын  өте  нашар  орындау  деген  мағынада 
жұмсалады.  Башқұрт  тілінде  де  осы  типтес 
тіркестер  жиі  кездеседі:  күзле  бүкəн – көзді 
түбір  (ағаштың  түбірі),  топас,  əңгүдік  деген 
мағынаны  береді,  ауыззы  сөйгə  əлеү – ауызын 
шегеге  ілу,  ашығу  деген  мағынаны  береді,  ал 
бешмəгəн  бəрəңгə  –  піспеген  картоп,  басқа  сор 
болу мағынасын беретін фразеологизмдер.  
Абстрактылық түсініктер.  
Дербестену:  уақыт  өлтіру – Əншейінде  у 
тілді Жомарт қазір зығырданы қайнаса да, аузын 
баға  қалған.  Уақыт  өлтіру  үшін  ана-мынаны 
шалып қана отыр(Т.Қ.). Ұяты оянды – Бірі қырт, 
бірі  дарақы,  мақтаншақ,  бірі  ұр  да  жық,  даңғой 
атанғанда,  осындай  көп  жиын  үстінде  масайып 
атақ алатыны бар-тын. Осы жолы ұяты оянды ма 
қалай,  кім  білсін,  елден  ерек  ерте  келіп  отыр- 
ғанына  жұрт  таң  қалысты  (Т.Қ.).  Парсы  тілінде 
sab-ra sobh rasandan – түнді  таңға  жеткізу
яғни,  уақыт  өткізу  деген  мағынадағы  сонымен 
қатар,  margra be cesm-e xod didan – өлімді  өз 
көзімен  көру,  яғни,  өлім  аузында  болу,  ажал 
аузынан  алып  қалу  мағынасындағы  тіркестер 
кездеседі.  
Материалдану: жеңіл жүріс - Əке қаншама 
ағынан жарылдым дегенде де əлде бірдеңелерді 
бүгіп  қалған.  Əрине  ол  Сəуленің  жеңіл  жүрісі 
туралы əңгімені əлдеқашан естіген (Р.Т.). Жаны 
мұрнының  ұшына  келу – Жаны  мұрнының 
ұшына келе үш рет ауырды (Ғ.М.). Жаны көзіне 
көріну – Жаны көзіне көрінген Сайран: - Шекер 
жаным,  Шекертай, - деп  тəуір-ақ  жалынып 
көрді,  бірақ  Шекер  үн  қата  қоймады  (Ə.Ə). 
Жанын жаһаннамға жіберу – Отырған жеріңде 
мойныңды  шілде  бұрап  алайын  ба,  қоян  жүрек  
 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
131
қорқақ? Кəне сақтанып  көрші, жаныңды жаһан- 
намға  жіберейін! – деп  тұра  ұмтылды  (Қ.Ж.). 
Жанын көзіне көрсету – Бақсыбайдың əлгі оқыс 
қолқасы не? Сонда ұл қылам деді ме, құл қылам 
деді  ме  Нұрланымды?...  Бес  байталдың  терін 
бұлдап жанымды көзіме көрсеткен-ау, ə? (С.С.). 
Жанын  қоярға  жер  таппау – Салқын  қораға 
үйренген  Ахметтің  ала  биесі  жанын  қоярға  жер 
таппай  тұр  (Ғ.М.).  Жанын  салу – Мұндай 
адамды  өз  жұмысына  жанын  салады,  жақсы 
көреді  деп  мақтауға  болады,  өмірдің  өзге 
тілектерінде  жұмысы  жоқ  деп  кінəлауға  да 
болады  (Ғ.М.).  Сақалын  сату - Пайдаға  кене- 
лемін  деп  арын  сатып,  сақалын  сатып  жүрген 
ақсақалдарды  қайтерсің.... (ЖА).  Ақымақ 
баладан сақалын сатқан шал жаман (АƏ). Зəресі 
(зəре-құты)  зəр  түбіне  кету – Түні  бойы 
ұйықтай алған жоқпын, зəрем зəр түбінде (Ғ.М.). 
Зəр  (зəре)  иманы  қашу  (қалмау) - Дəу  қызыл 
қасқа  өгіз  өкіріп,  маңдайымен  жер  сүзіп,  айбат 
шегіп  жүр.  Қасқыр  шапты  ма  деп  Саматтың 
зəре-иманы қалмады (Б.Т.). Иманы ұшып кету – 
Бір-біріне  отты  шала  лақтырып,  адамның 
иманын  ұшырды  (І.Ж.).  Үрейі  ұшу - Хаттың 
сөздерінен  үйдегілердің,  əсіресе,  ояз  бен  оның 
əйелінің  үрейі  ұшты  (С.М.).  Башқұрт  тілінде 
күнеленде  киң  тот – жаныңды  аш,  яғни 
тосарсың,  күткенің  сол  ма  деген  мағынадағы, 
ақыл  өлəшкəндə  урынынды  булмаған – ақыл 
үлестіргенде  орнынан  табылмаған,  яғни  аздап 
жетіспейді  деген  мағынадағы  тіркестер  кез- 
деседі.  
Жоғарыда  аталған  жаһандық  категориядан 
басқа  пропозиция  субъектісі  предикатын  білді- 
ретін  жеке  категориялар  бар.  Осы  предикаттың 
(жеке  категорияның)  күтілетін  предикатпен 
сəйкессіздігі,  нəтижесінде  субъектінің  семан- 
тикалық  жəне  прагматикалық  сəйкессіздігінен 
қарама-қайшылық  туындайды.  Оларға  жеке-
жеке тоқталатын болсақ, төмендегідей: 
Сапа мен санның қатынасыАғаш артынан 
орманды көрмей қалу, бір жарым адам, яғни өте 
аз деген мағынада.  
Тұлғаның  екіге  бөлінуі  (екіұштылық) – 
өзінен өзі қашу, мен мен емеспін;  
Неантизация  (яғни  жойылу,  жоғалу) – 
жейденің  жеңіндей,  тулақтай  /өте  аз  деген 
мағынада/. 
Эллипсис:  табаны  жалтырады – Таба- 
нымды  жалтыратайын  деген  ой  сап  ете  түсті 
(ЕҚ).  Табан  тайдыру – Ұлықтан  сайлау  жасай 
алмайтыны  айдан  анық  еді.  Енді  бөгелместен 
табан  тайдырып,  Семейге  қарай  жөнелу 
қажет(М.Ə.).  Табан  таймай – Ерліктің,  ептің 
үлкені  бопсаға  шыдау  екеніне  көзіміз  жетті. 
Жүрек  қобалжымай,  табан  таймай  қасқайып 
тұрып салысуға шыдастық (М.Ə.). 
Мағынасыздықүріп ауызға салғандай – Өзі 
жоқта  кемпірі  өліпті... (Дулат)  қазір  үлкен 
ұлының  қолында.  Үріп  ауызға  салғандай  неме- 
релері  бар.  Ендігі  алданары – солар  [Қ.Ж.]. 
Жұтып  қоярдай – Өзге  жаяу  қалған  балалар 
атты,  тайлы  балалардың  жарысқанын  қызық 
көріп, соңдарынан шуласып жүгіргенде, Нұртай 
жұтып қоярдай уылжыған қызға көзі түсіп біраз 
тұрды  да,  үйге  кіріп  жер  бауырлап  жатып 
алды(Ғ.С.).  Желкесінде  көзі  бар – Мансап  десе, 
ішкен  асын  жерге  қоятын,  біреудің  лауазымы- 
нан  лəззат  алып, шоғына  жылынып  күн  көретін 
осындай  желім  ауыз,  құнарсыз  қулар  қайдан 
пайда  болды  екен?  Онысымен  қоймай  өзінің 
желкесінде  көзі  бар  дерсің,  тегі.... (Қ.Ж.). 
Ешкінің құйрығы көкке, түйенің құйрығы жерге 
жеткенде – Мен өзім қазақ қыздарының мектеп 
бітірген  бойда  оқуға  түсіп,  бір  мамандық  алып 
шыққанын  мақұл  көремін.  Əйтсе  де,  ешкінің 
құйрығы  көкке,  түйенің  құйрығы  жерге  жет- 
кенде көресің деген қауесет сөздер де шаршатып 
бітті(С.Б.). 
Уəжді  жөнсіздік,  қисынсыздық: – көзі 
шарасынан (ұясынан) шығу – Қара  бала қарғып 
тұрды  орнынан,  қызараңдап  үлкен  көзі  шара- 
сынан  шыға  жаздады(Ғ.Мұс.).  Бит  терісінен 
биалай  тоқу – Есен  аға  кешіріңіз,  мен  сіздің 
көзіңізге  көрінуге  бетім  шыдамай  жолықпастан 
кеттім.  Бəрін  кейін  толықтай  жазармын  деп 
ойлайды.  Бит  терісінен  биалай  тоқыған  ағасын 
ренжіткені  есіне  түсіп  өзін  қоярға  жер  таппай 
басы  салбырап  келе  жатыр... (М.И.).  Аяғы 
аяғына  жұқпау,  аяғы-аяғына  тимеу,  аяғы 
жерге  тимеу – Мұнда  келгелі  Еламанның  аяғы 
жерге тимеді (Ə.Н.). Қашпаған қашардың уызын 
ішу - Таняның  жүзінде  иненің  жасуындай  да 
реніш  жоқ.  Үйдің  тарлығы,  тұрмыстың  нашар- 
лығы – сондайдың  бірде-бірі  оның  қаперіне  де 
кірмейді.  Сəкеннің  қашпаған  қашардың  уызын 
ішкен  əңгімесі  есіне  түсіп  сəл  күліп  алды  да, 
тағы  да  тəтті  ойға  шомып  кеткен  (М.И.). 
Уақытынан ерте (жасына жетпей) қартайған 
–  Өзің  жоқта  олардан  көрген  қорлықты,  міне, 
жетпістен  асып,  сексенге  жақындадым,  əлі 
ешкімнен  көргем  жоқ, - деп  зарлайды  кəрі  би 
ұзақ  жүріп  сағындырып  келген  баласына ... – 
Жауырды жаба тоқыдым. Іштей қайнадым. Сені 
көрер  күнге  жеттім,  əйтеуір.  Жасына  жетпей 
қартайғандар  менің  жасыма  келсе  не  халде 
болады екен... (Ғ.С.). Қу бастан қуырдақтық ет 
алады – Бұл  күнде  Жігітектің  бұрынғы 
басшылары – Бөжей  ғана  емес,  Байдалы,  Түсіп 
те  қайтыс  болған.  Енді  ел  сөзіне  ие  болып, 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
132
біркелкі  жас  буын  шығып  еді.  Олар:  Бөжейдің 
балалары Жабай, Əділ. Сонан соң жаңа пері боп 
атанған  табанды,  қырыс  Бейсембі.  Жəне  қу 
бастан  қуындақтық  ет  алады  дейтін,  қансүлік 
Əбділда болатын (М.Ə.). Қырықтың қылауынан 
–  Төргі  үйге  кіріп  шыққан  кемпірдің  күңіреніп 
сөйлегені  естіліп  тұр.  Жасаған-ай,  оң  толғағын 
бере  гөр.  Қырықтың  қылауынан  қалған  қара- 
шығым-ай.  Ақжолтайым  болса  екен! – деп, 
Жəнібектің қасына отыра кетті(Қ.Ж.). 
Башқұрт  тілінде  кездескен  тіркестердің 
ішінен  ауызы  көрəк  менəн  тешкан – ауызы 
күрекпен  тесілген,  яғни  өсекші  мағынасында; 
ауыз  эсендə  бутка  бешерү – аузында  ботқа 
пісірген,  яғни  түсініксіз  сөйлеу,  міңгірлеу  деген 
мағынада, былтыр үлгəн ябалақты быйыл атып 
алу – былтыр өлген жапалақты биыл атып алу, 
яғни  баяғыдан  белгілі  нəрсе  туралы  ой  қозғау 
деген  мағынадағы  фразеологизмдерді  мысалға 
келтіруге  болады.  Парсы  тіліндегі  тіркестің 
мағынасы dast az pa deraztar bargastan – аяқтан 
ұзын  қолымен  оралу,  яғни  аузы  құрғап  қайту, 
аузын  құр  шөппен  сүртіп  қайту  дегенді 
білдіреді.  Араб  тіліндегі  yamζi mukabban εala 
wajihi – бетін  жауып  келе  жату,  яғни  көрмес 
түйені  көрмес,  көз  алдындағыны  көрмей  қалу 
деген мағынадан хабар береді де, saqata s-sama u 
–  аспан  құлады,  яғни  жауын  жауып  өтті  деген 
мағынан үстейді. Жапон тіліндегі heso-o-kamu – 
кіндігін  тістеу,  санын  соғып  қалу,  өкіну 
мағынасында қолданылады.  
Уəжді  сəйкессіздік:  Мар  қасқа – Кришан 
Чандр,  Ходжа  Ахмед  Аббас  сияқты  үнді 
əдебиетінің  мар  қасқалары,  бізге  белгілі  Радж 
Капур,  Болрадж  Сахни  тəрізді  үнді  киносының 
ең  жарық  жұлдыздары  да  кеңес  еліне  келіп 
жүреді  (Т.А.).  Жүрек  жалғау – Əуелі  жақын 
жерден біздің үйден жүрек жалғап алмайсың ба? 
Жұмысқа сосын бірге шығармыз (Қ.Ж.). 
Уəжсіздік  (синхрондық):  синхрондық  уəж- 
сіздік  даусыз  дұрыс  болуы  сирек  кездесетін 
диахрондық уəжділіктің болуын меңзейді. Көбі- 
несе  шынайы  уəж  мейлінше  ұқсас  гипотети- 
калық  уəжбен  ауыстырыла  салуы  да  ықтимал. 
Жапонның  aruba-o uru «май  сату»  деген 
идиомасы  қазақтың  «шошқа  тағалау» – Екі 
күннен  бері  қайда  жүрсің  шақыртқанда  келмей, 
демалыстасың  ғой,  шошқа  тағаладың  ба? (АТ), 
немесе  «екі  қолы  алдына  сыймау»  -  Екі  қолың 
алдыңа сыймай бос отырғанша, өнерге үйренсең 
еттің (Т.А.)., фразеологизмдеріне  ұқсас. Жапон- 
ның осы фразеологизмінің мағына-сын түсіндіру 
үшін  мынадай  мысал  алынған.  Əйелдер  үйді-
үйге  жүріп,  бай  əйелдерге  басқа  жағатын  май 
сатқан.  Бұл  жұмысты  олар  асықпай,  саспай, 
жүрдім-бардым,  əшейін,  жолшыбай  істеген 
деген түсінік беріледі.  
Сойып  қаптап  қойғандай – Сойып  қаптап 
қойғандай  Шыңғысханның  өзінен  айнымайтын 
Жошы  деген  ұлы  бар  еді  (АҚ).  Күн  көру – 
Есеннің ойынша, əкесінің арқасында күн көрген 
Мəлікке  келер  де,  кетер  де  жоқ,  жетер  де  күш 
жоқ  (Е.Н.).  Тақырға  отырғызу,  тақыр  мұзға 
отырғызу – Сен  түгіл  сельпоны  тақырға  отыр- 
ғызып  кеткен  алаяқ  емес  пе  Сатыпалды  [Қ.Ж.]. 
Башқұрт  тілінде  əнə  ашаған  əт  кеүек – ине 
қылғытқан  ит  секілді,  өте  арық  адам  туралы 
айтылатын  тіркес,  тəртіһе  ерек – ашушаң, 
өкпелегіш  деген  мағына  беретін  тіркес.  Парсы 
тіліндегі  фразеологизмдерге  кезек  берсек,  олар 
біршама: аb be ab sodan – су суға айналады, яғни 
қайтыс  болу  дегенді  білдіреді;  аs-I baraye kas-I 
poxtan – біреу  үшін  ботқа  даярлау,  біреуге 
қастандық жасау дегенді білдіреді; qab-e kas-i-ra 
ba cub zadan – ойнау  үшін  асықты  ұрлап  алу
біреудің  көңілінен  шығу  деген  мағынада 
жұмсалады; za –e siyah-e kas-i-ra ba cub zadan - 
біреудің  қарғасын  ағашпен  ұру,  құпия  түрде 
біреуді аңду деген мағынаны білдіреді; kolah de 
sar-e kas-I gozastan – біреудің  басына  малақай 
(бас  киімді)  кигізу),  яғни  алдау,  арбау,  тақырға 
отырғызып  кету  мағынасынан  хабар  бететін 
тұрақты тіркес. Араб тілінде кездесетін тұрақты 
тіркестердің ішішен εaduw azraq – көгілдір жау, 
ең  қатерлі  жауы;  ζajarun qah σaχa – ағаштар 
айқайлады,  яғни  ағаштар  өсті  деген  тіркестерді 
атап  өтуге  тұрарлық.  Жапон  тіліндегі  жоғарыда 
аталған  тіркестен  басқа  екі  фразеологизмді 
келтіре  кетуге  болады,  олар:  abura ga noru – 
семіру, яғни қызығушылық таныту, бір жұмысқа 
құлшына  кірісу  дегенді  білдіреді;  екінші 
тіркестің аудармасы көз қарашығын жеу дегенді 
білдіреді,  omedama-o kuu,  мағынасы - таяқ  жеу, 
ұрыс есту.  
Бейнелі  метафоралық  аллофрония:  жүрегі 
жоқ - Қорықпаймын түсінігі жоқтардан, Жүрегі 
жоқ  адамдардан  қорқамын  (М.Ш.).  Ит  қылу – 
Қойдың  жылдам  баспағанына  зығырданы  қай- 
нап,  Зекен  бəрін  есіне  түсіріп,  қасындағыларды 
ит қылып, боқтық астына алды(Т.А.). Аяғы ауыр 
–  Апыр-ай,  мына  байғұста  ес  қалмапты  ғой. 
Əйелі  Бəтештің  аяғы  ауыр  еді,  ұл  тапқан  ғой 
шамасы деген ой басымнан зымырап өте шықты 
(ҚƏ).  Өкше  көтеру – Бір  күні  апақ-сапақта 
қасында  төрт  адамы  бар  Сарман  келіп  тоқтады. 
Зəрезап  болған  ауыл  тұрғындары  тығылып, 
қашқаны  қашып,  ұйқы-тұйқы  болып  жатқан-
тын.  Өкше  көтеріп  кеткені  қаншама  дерсің 
(Т.А.).  Соңғы  кездегі  ақша  айналымына  қатыс- 
ты,  əсіресе,  көршілес  елдің  «грести  деньги  ло- 

Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011 
 
133
патой»  деген  тіркесінің  баламасы  ретінде 
жұмсалып  жүрген  тіркес  күректеп  ақша  табу.- 
Күректеп  ақша  табу  дəмесі  зор  ағамның  қала 
жаңалап  кеткеніне  міне  аттай  алты  жыл  болып 
қалыпты... (АҮ). Артын жалау – Күн көріс үшін 
бастықтың  артын  жалап  жүргенін  ұмытып 
кеткен,  өзінше  бай  болып  ақшаны  əрлі-берлі 
шашып  жүрген  Сымайылды  жұрт  енді  ауылға 
жолатпайды(Ғ.С.).  
Ирониялық аллофрониякүте тұр – Əрине, 
жерден  жеті  қоян  тапқандайсың  ғой  тегі,  күте 
тұр,  қуырдақтың  көкесін  түйе  сойғанда 
көресің... (АА).  Жақсы  бопты/болыпты – Сөз 
құмар, пəле құмар Байтастар аз ба? Алдап, арбап 
жора-жолдастарын  мұзға  отырғызып  кеткенін 
талай  рет  күлкі  ғып  айтып  жүргенін  естігенбіз. 
Жақсы  бопты  дейміз  де  қоямыз,  баяғы(АА). 
Қуанышын/м/да  шек  жоқ – Оқымай  қалсаң  да, 
бізден  сен  артықсың.  Сенің  тырнағыңа  да 
татымаймыз  деп  қоямыз....  Ал  ол  «байғұстың» 
қуанышында шек жоқ (Т.А.). Жолы болды – Бұл 
жігітті  не  оңға  бастап  жүр  де,  не  сор  түртіп 
құйрығына  қалжуыр  байлайын  деп  жүр.  Айт- 
қандай, көп уақыт өткен де жоқ, ақыры – жолы 
болды – істі болып қамауға алдынды (АА). 
Əсірелеу метафоралық аллофрония: көздері 
жану,  алтын,  күміс,  қорғасын  жауын/жаңбыр, 
Шық  бермес  Шығайбай – Жер  еңбексіз,  ерін- 
шекке  шық  бермес  Шығайбай  тəрізді  (Ө.Т.). 
Сынық  ине,  сыдырым  таспа  бермеу – жақын 
ағайындары  мыңғыраған  бай  бола  тұра,  сынық 
ине, сыдырым таспа бермейді оған (ҚЕ).Бетінен 
қан  шықпас – Өмірімде  ондай  адамды  көрсем, 
көзім  шықсын,  бетінен  ет  кесіп  алсаң  қан 
шықпайды-ау... (А).  Ине  шаншар  жер  жоқ – 
Жаңылған  үйі  тойға  қамдалғалы  біраз  болып  та 
қалды.  Міне,  бүгінгі  жиында  тіпті  ине  шаншар 
жер  жоқ,  абыр-сабыр  адам:  сарысы,  сақалы, 
мұрты  бəрі  осында  (А).  Үш  қайнаса  сорпасы 
қосылмау – Үш  қайнаса  сорпасы  қосылмайтын 
Сəбиттің  өзі  мені  туыс  қылғысы  келіп,  соңғы 
кезде  күні-түні  үйден  шықпайдынды  шы- 
ғарды (Қ.Ж.). 
 
 
 
Болымсыздық  аллофрония:  əйел  логикасы, 
бұл  тіркес  жалпы  тіл  біліміне  ортақ  фразео- 
логизм. «Əйелдің  шашы  ұзын,  ақылы  қысқа» 
десе  де  қазақтың  тілдік  əлемінде  əйел  адамның 
орны  айрықша.  Білімі  мен  біліктілігімен  əр  кез 
тең түсетін, кейде асып та жатады, оған мысалға 
Қарашашты,  батырлар  жарларын  келтіре  кетуге 
болады.  Дегенмен  аллофронияның  аты  айтып 
тұрғандай  бұл - қоғамда  қалыптасып  қалған, 
өмірде кездесетін құбылыс.  
Анықтауыштық аллофрония: тəтті су, жын- 
ды су, кендір мойын бау/галстук/. 
«Қоғам, тіл иесі – халық нақты өмір сырын, 
шынын  тіл  арқылы  біледі.  Ана  тілінің  тағды- 
рына, өткен-кеткеніне, болашағына немқұрайды 
қарамайды.  Халық  жүйесін  тауып  сөйлеуді 
мақұл  көреді. <...> Сөз  мағынасын,  сөйлем 
сазын, қат-қабат еркін, тиянақты сөз тіркестерін, 
мақал-мəтелдерді  халық  сұрыптап,  өз  ой  елегі- 
нен,  өмір  талқысынан  өткізіп  отырады» [2;601]. 
Ой  елегінен  өткізілген,  сұрыпталған  тұрақты 
тіркестер  жаһандық  категория  сəйкессіздігінен 
əлсіз  қайшылық,  субъектінің  семантикалық 
жəне  прагматикалық  сəйкессіздігінен  соны  қа- 
рама-қайшылық  туындатқан.  Бұл  тілімізде  жиі 
сирек  қолданылуына,  өмірлік  маңызына,  жалпы 
халықтық  сипатына  жəне  т.б.  қасиет-теріне 
қарай  анықталып  шешілуі  тиіс  күрделі  мəселе 
екенін атап өтпекпіз.  
__________________ 
1.  Гадамер  Г.-Г.  Актуальность  прекрасного. –М: 
Искусство, 1991. -368с. 
2.  Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. 
– Алматы, 1977. – 712 б. 
3.  Философиялық сөздік //Құрастырғандар Н.Нұрғалиев, 
Ғ.Ақманбетов, Ж.Əбділдин. – Алматы, 1996. – 525 б. 
* * * 
В  статье  раскрывается  суть  фразеологических  про- 
тиворечий,  которая  представляет  собой  языковые  про- 
тиворечия,  где  встречаются  и  вторичные  противоречия, 
связанные с неоднозначностью единиц языка. 
* * * 
The article reveals the essence of phraseological 
enantosemy, which is a linguistic contradiction, where there are 
secondary contradictions associated with the ambiguity of 
language units. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011 
 
134
А. Е. Жүсіпов 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет