Г. Е. Керімова
АЛҒАШҚЫ ҚАЗАҚ ГАЗЕТТЕРІНДЕГІ АРАБ СӨЗДЕРІНІҢ
ФОНЕТИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ИГЕРІЛУІ
Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығаштары
болып есептелетін «Дала уалаятының газеті»
жəне «Түркістан уалаятының газеттерінде»
кездесетін сөздердің көпшілігі араб тілінен
енген кірме сөздер болып табылады. Араб
тілінің дыбыстық жүйесінің басты ерекшелігі -
дауыссыз фонемалардың көптігінде. Сондай-ақ,
көмей арқылы дыбысталатын, эмфатикалық,
тісаралық фонемалардың болуы да араб тіліне
тəн құбылыс.
Қазақ жəне араб тілдерінің дыбыстық
құрылымы əртүрлі болғандықтан, бір тілдегі
дыбыс эквиваленті екінші тілде кездесе
бермейді. Сондықтан, қазақ тіліне енген араб
сөздері тіліміздің фонетикалық жүйесіне бейім-
деліп, алғашқы бейнесі өзгерістерге ұшырап,
тілімізге сіңісіп кеткен. «Əр тілдің өзіне тəн
заңдары бар. Демек, белгілі бір тілдегі
дыбыстың фонемалық қасиеті екінші бір тілде
өзгеше түрде кездесуі мүмкін» [1;220].
«Дала уалаятының газеті» жəне «Түркістан
уалаятының газеттерінде» кездесетін араб
сөздеріне шолу жасағанда, қазақ тілінің
дыбысталу жүйесіне сəйкес келмесе де, аталған
газеттерде
кейбір
сөздерді
араб
тілінің
орфографиясына
лайықтап
жазуға
бағыт
ұстанғандық байқалады.
ب
ба дыбысының п-ға ауысуы
Қазақ тілінде ұяң б дауыссыз дыбысымен
аяқталатын сөздер кездеспейтіндіктен, араб
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
30
тілінен енген сөздердің соңында болатын
шұғыл, ұяң б дыбысы п-ға ауысады. Мысалы,
عيب ‘айб сөзі айыб емес айып;
باﺬﻋ ‘азаб-азап;
باﺬآ кəззаб – кəззаб; بدا ۥадаб - əдеп; ﺐﺋﺎﻏ ғаиб
– ғайып, سبب сабаб – себеп, ﺐﻠﻃ талаб –
талап. Егер ерте барса айып болады [2; 395].
Сонда бағанағы бастықты байлап, көп азап
көрсетіп өлтірді [2; 335]. Мұсылмандардың
қайсысы болса да тентіреген ұры, қарақшы,
кəззəп», - деп айтады [3; 99]. ... мұнан соң
шаршағандай болып үстелге басымды қойып
еңкейіп кетіппін, мұнан кейін ғайыптан біреу
келіп мені көтеріп алып барып алла тағаланың
дидарының алдына қойды [3; 27]. Əлгі
қыздардың сұлулығына қызығып, алуға талап
етісіп, осындай залымдық іске бел байлады [3;
348].
ع
‘айн дыбысының ғ дыбысына өзгеруі
ع ‘айн дыбысы - фарингаль ызың дыбыс.
Ондай дыбыс қазақ тілінде мүлдем кездеспейді.
Ол жұтқыншақ қуысының тарылуы мен тілдің
артқа қарай шегінуі арқылы жасалады.
Дауыссыз ع ‘айн дыбысы өзінен кейін келетін
дауыстыға əсер етіп, оны барынша ашық
дауысты етіп естіртеді. Құрамында осы дыбыс
бар сөз кездескен кезде қазақтар оның орнына өз
фонетикасында бар ұқсас дыбыстарды қолданып
отырған. Сөз басы мен сөз ортасында келетін ع
‘айн дыбысының орнына ғ дыбысы айтылатын
сөздерді мысалға келтірсек:
1. сөз басында: ﺐﺠﻋ ‘ажаб – ғажап; ﻖﺷﺎﻋ
‘ашиқ – ғашық; عزيز ‘азиз – ғазиз; ﺔﺒﻴﻋ ‘айбат
–ғайбат; لدﺎﻋ ‘адил –ғаділ; ﻢﻠﻋ ‘илм- ғылым; ﻮﻔﻋ
‘афу – ғафу; ﺮﻤﻋ ‘умр – ғұмыр; ﺐﺋﺎﺠﻋ ‘аджаиб
– ғажайып; ﻢﻟﺎﻋ ‘алим – ғалым; Ғажап көрінді
бұларға ғұламаның сауалы мұнан да ғажап
көрінді құлының жауабы [4; 182]. Ордасында
тұрған көп қызметкерлер Линді сыртынан
ғайбаттап жүруші еді [4; 315]. «Халифа Ғұсман
рази аллағынаның өз қолымен жазған құранды
бер», - деп сұрайды, бүкіл мұсылмандарға тиісті
ғазиз кітаптары болғаннан кейін [2; 446]. ...
балам 120 жасқа келдім, ел бастап, жұрт билейін
деген ұл екенсің, сөз бастап, би болайын деген
ұл екенсің: алдыңа келсе ғəділдікті аяма –
аймағың кетпес [2; 122].
2. сөз ортасында: ﻢﻠﻌﻣ му‘аллим – мұғалім;
ﺔﻋﺎﻤﺟ джама‘ат – жамағат; ةﺪﻋﺎﻗ қа‘ида –
қағида; ﺔﻋﺎﻨﻗ қана‘ат – қанағат; مﻮﻠﻌﻣ ма‘лум –
мағлұм; ﻰﻨﻌﻣ ма‘на – мағына; ﻢﻴﻈﻌﺗ та‘зим –
тағзым; مﺎﻌﻃ та‘ам – тағам; ﻒﻳﺮﻌﺗ та‘риф –
тағриф; ةﺪﻋو уа‘ада – уағда. ...бұған қарсылық
қылып, татушылықты қаламаған жамағатқа
бас болып жүрген Мəтмұрат диуанбегі мұның
сөзін елемепті [5; 225]. ...һəм əр сөздерді қосу
турасында болса да көңілдегі ойларды келістіріп
бұлжытпай айтуға қазақша келмейді жəне
орыстікінен наһуа қағидалары да басқа [3; 321].
Жетісу облысының уаеннай губернаторына хат
жазып, мағлұм қылыпты [5; 72]. Сонда Наурыз
сол қыздарды білмесе де өтіп бара жатқанда
есім шарифтерін айтып, бəйітпенен тағрип-
тарын мадақтап тұрыпты [2; 459]. Құда
болатұғын кісіге егерде құда болмаққа уағда
болса, қалың малына сөйлессе керек [2; 35].
ع
‘айн дыбысының түрлі өзгерістерге
ұшырауы
Кейбір сөздерде ع ‘айн дыбысы мүлдем
айтылмай, өзінен кейінгі дауыстымен басталған
күйінде қалыптасып кеткен. Мысалы:ﺮﻣ ‘умр –
өмір; ﻢﻠﻋ ‘илм- ілім деген сөздер ғұмыр, ғылым
сөздерінің тағы бір варианттары ретінде аталған
газеттерде жиі қолданылған. Жəне дүниеде
өмірім барынша тұрғаннан, бір түн сұлтанның
қатыны болып алып кеткенім жақсы деп жауап
береді [5; 138]. Ал ع ‘айн дыбысынан
басталатын кейбір сөздердің басында бұл дыбыс
айтылмайды: ﺔﺑﺮﻋ ‘араба – арба, ﺪﻴﻋ ‘ийд – айт,
قﺮﻋ ‘арақ – арақ, ﻞﻘﻋ ‘ақл – ақыл, باﺬﻋ ‘азаб –
азап, ﺐﻴﻋ ‘айб – айып, ﺎﺼﻋ ‘аса – аса, ةدﺎﻋ
‘адат - əдет. Солардың тоғызы бірігіп күніне
тоғыз арба ғана істейді екен [2; 416].
Қайығында отыз шыны арақ бар екен [2; 170].
Кутел деген батыр шарды аспанға шығарған
соң, қалаған жаққа алып жүруге ақыл тауыпты
[5; 41]. Мұсаға əуел бастан аса келген [4; 213].
Осы заңдары Ташкент халқына əдет болғалы 30
жылдан артық дейді [5; 487].
ح
(хə) дыбысының қ дыбысына өзгеруі
Араб тіліндегі ح (хə) дыбысы қатаң, ызың
дауыссызға жатады. Бұл дыбыс ауаның
жұтқыншақтан қысылып өтуі арқылы жасалады.
Жасалу орны бойынша мұндай дыбыстарды
фарингаль дыбыстар деп атайды. Бұл дыбыс
қазақ тілінде кездеспейтіндіктен, оның орнын қ
əрпі басқан. Мысалы, сөз басы, сөз ортасы мен
сөз аяғында аталған дыбыстар кездесетін
сөздерге шолу жасайық: حﺪﻣ мадəх – мадақ, ﺔﺟﺎﺣ
хəджат – қажет, مﻮﺣﺮﻣ мархум – марқұм,
حاﺰﻣ мазах – мазақ, ﺮﺤﺻ сихр – сыйқыр. ... есім
шарифтерін айтып, бəйітпенен тағриптарын
мадақтап тұрыпты [2; 459]. Сүлеймен сұрады
қажет не, жұмысың бар деп [2; 236].
Алтынсарин марқұм солай ойлап еді [2; 152].
Бағанағы мен жөн сұрағандар мені мазақ қылып
өзге үйді көрсеткен екен [3; 178]. Машықтап
сиқыр ғылымын үйреніпті [3; 244].
Сонымен қатар, ح(хə) дыбысынан баста-
латын сөздерде бұл дыбыстың еш өзгеріске
ұшырамай, сол күйінде айтылатынын да
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
31
байқауға болады. Мысалы: ﺔﻘﻴﻘﺣ хақиқатун –
хақиқат, ﺔﻣﺮﺣ хұрматун – хұрмат, ﻢﻜﺣ хукмун –
хүкім, ﺔﻣﻮﻜﺣ хукуматун – хүкімет, т.б. Жаннан
жанға қосылып, шын хақиқат бар болсаң [4;
249]. Хұрмəтлү редакторларға, жаңа жылың
мұбарак барлығына құтлы болсын айтып,
газетіміздің қызып дүрілдеуін тілеп жазып
тұрмын [2; 161]. Онан соң қазы өзінің қылған
хүкімінде айтыпты... [2; 29]. Алайда, сөз
басындағы осы дыбыстың түсіп қалуы да жиі
кездеседі. Мысалы: بﺎﺴﺣ хисаб – есеп; ﻢآﺎﺣ
хаким – əкім; ﻢﻜﺣ хукмун – үкім; ﺔﻣﻮﻜﺣ
хукуматун – үкімет, т.б. Жылқы, түйе, қой һəм
сиырларының санына есеп-хисап жетпейді екен
[2; 512]. Өлтіруге бұйрық болған күнəһар
адамды шарға отырғызып аспанға ұшырып
жіберіңіз, өлсе өліп қалсын деп мақұл көріп,
үкім қылыпты [5; 201]. Соңғы екі сөз тілімізде
бір сөздің екі варианты қызметін атқарып тұр.
ي
й дыбысының ж дыбысына айналуы
Қазақ тілінде й əрпінен басталатын сөздер
кездеспейтіндіктен, араб тіліндегі ي й дыбысы
ж дыбысына айналады. Мысалы: ﻢﻴﺘﻳ йатим –
жетім. Жетім бала кекшіл [4; 131].
ف
ф дыбысының п дыбысына айналуы
Қатаң ызың ف ф дыбысы қазақ тіліне орыс
тілінен енген. Ал араб тілінен енген сөздердің
құрамындағы ف ф дыбысы көбінесе қазақ
тіліндегі п дыбысымен алмасады. Мысалы: ﺮﻓﺎآ
кафир – кəпір, فﻮﺧ хауф –қауіп, ﺮﻓﺎﺴﻣ мусафир
– мүсəпір, فﺮﺣ харф - əріп, ﺺﻔﻗ қафас – қапас,
ءﺎﻔﺷ шифа – шипа, ﺲﻔﻧ нафс – нəпсі, ةﺪﺋﺎﻓ фа’ида
– пайда, ﺮﻔﺳ сафар – сапар, فﺮﻃ тараф –
тарап, قﺮﻓ фарқ - парық, ﺮﻴﻘﻓ фақир – пақыр,
فكر фикр – пікір, ﻞﻌﻓ фи’л – пиғыл, فﺮﺻ сарф
– сарып, ﺔﻔﺻ сифат – сыйпат. Кəпір елге кез
болдық жұлынсақ та болмас-ты [4; 252].
Қасеннің өлгенін Бердібектен қауіп көріп, елде
сөз өсек шықты [3; 466]. Біздерді мүсəпір деп
көзге ілмессің [5; 394]. Жақыппектің бір
баласын Қытай темір қапастың ішіне салып
қойды дейді [5; 367]. Сəуегөйдің əмірінше отыра
қалып дұға қылып қолын жайып, тілек тілесті,
Мейіздің дертіне шипа бер деп [4; 330]. Бір
сапар ат арытпас, жаман жолдас жарытпас [5;
232]. Қан алушы пікір етті, енді бұл ниша-
тырменен қан алсам, патша шексіз һəлəк болар
[2; 54].
Сонымен қатар, ف ф дыбысының б дыбы-
сына айналу құбылысы да кездеседі.Мысалы:
اﺮﻘﻓ фоқара – бұқара т.б. Шах орыс əскері
бұқараларына қарап, көп қуанып, алла разы
болсын депті [5; 143].
د
дəл дыбысының т дыбысына айналуы
Қазақ тілінде сөздер д дыбысына аяқтал-
майтындықтан, د дəл ұяң шұғыл дауыссыз
дыбысы сөз аяғында т дыбысына айналады.
Мысалы, ﺪﺠﺴﻣ масджид - мешіт, دﻮﺼﻘﻣ мақсуд
– мақсұт, داﺮﻣ мурад – мұрат. Осы құран бұрын
Самарқанда Қожа Ахрар мешітінде сақтаулы
екен [2; 218]. Ведомосқа сөз жазбақтан мақсұт
хабар [2; 195]. Мұратқа асықпаған жеткен екен
[3; 258].
ض
дад дыбысының з дыбысына айналуы
Эмфатикалық ض дад дыбысы қазақ тілінде
жоқ болғандықтан, з дыбысына алмасады.
Мысалы, ﻞﺿﺎﻓ фадил – фазыл, ﻰﺿر ради –
разы. Сенің əрбір фазыл мінездеріңді [4; 430].
Хан мұндай ақ көңіліне қарап, құдайдың бақ
беруіне таң қалып, жасырмай айтқанына разы
болып, өзіне уəзір қылып көп мал беріп, барша
мұрадына жеткізеді [2; 614].
خ
(ха) дыбысының қ дыбысына айналуы
Араб тіліндегі қатаң фрикативті خ (ха)
дыбысы қазақ тілінде көп кездеспейтіндіктен, қ
дыбысымен ауысады. Мысалдар келтірсек:
صﻼﺧا ’ихлас – ықылас, قﻮﻠﺨﻣ махлуқ – мақұ-
лық, اختيار и’хтийар – ықтияр, ءﺎﻄﺧ хата’ –
қате, ةﺮﻴﺧا ’ахират – ақырет.
Құрамындағы خ (ха) дыбысы сақталып
айтылатын сөздерге тоқталсақ, хабар, халық
деген кірме сөздерді мысалға келтіруге болады.
һəмза дыбысының өзгерістерге ұшырауы
Араб тіліндегі һəмза дыбысы көмеймен
айтылатын дербес фонема болып есептеледі.
Қазақ тілінде оның эквиваленті жоқ бол-
ғандықтан, құрамында һəмза дыбысы бар кірме
сөздердегі бұл дыбыс өздігінен түсіп қалады,
оның орнына бірге айтылатын дауысты
дыбыстар қолданылды. Мысалы, ﺣأ
ﻖﻤ ахмақун-
ақымақ, ﻞﻣأ амалун- амал , سﺎﻤﻟأ алмасун –
алмас т.б. Ақымақ достан ақылды қасың жақсы
[2; 420]. Қанша амал ойласа да ешбір ойының
қисыны келмеді [3; 34]. Махрамда болған соғыс
үшін император патша хазіреті генерал-
губернаторға алмас орнатқан қылыш берілген
екен [5; 283].
Ал кейбір сөздерде сөз басындағы а дыбысы
ə дыбысымен ауысады. Мысалы, ﺮﻣأ амрун –
əмір, بدا ۥадаб – əдеп сөздеріндегі қысқа а
дауысты дыбысымен айтылатын хамза дыбысы
қазақ тіліне ауысқан кезде ə дыбысына
айналады. Мысалы: Патша болған соң менің
қылған əмірім осы [4; 175]. Əрқашан иманды
құл əдепті [3; 382].
Бұдан шығатын қорытынды, араб тілінен
енген кірме сөздердің көпшілігі қазақ тілінің
үндестік заңына бағынатынын байқауға болады.
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
32
Сонымен қатар, бұл заңға бағынбайтын сөздерді
де кездестіреміз. Мысалы: əлмисақ-əлімсақ,
ахирет-ақырет, ғаділ, ғаріқ,
Сол кездегі қоғамның айнасы болып
табылған, халықтың жан-жақты өмірінен хабар
беріп тұрған газет материалдарына қарап, ол
дəуірдегі өз тіліміздің хал-жағдайын білуге
болады. Бірқатар кірме сөздердің құрамындағы
қазақ тіліне жат кейбір араб дыбыстары
тіліміздің ала-құлалығының көбеюіне күшті
əсерін тигізген. Алайда уақыт өте келе осы
дыбыстардың көбі тіліміздің фонетикалық заң-
дылықтарына сəйкес өзінің алғашқы бейнесін
өзгертіп айтылатын болған.
_________________
1. Аханов Х. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы: Мектеп.
– 1978. – 492 б.
2. «Дала уəлаятының газеті». – Алматы: Ғылым.
– 1989. – 655 б.
3. «Дала уəлаятының газеті». – Алматы: Ғылым.
– 1990. – 575 б.
4. «Дала уəлаятының газеті». – Алматы: Ғылым.
– 575 б.
5. «Түркістан уалаятының газеті». – Алматы: Ғылым.
– 2003. – 598 б.
* * *
В статье рассматриваются некоторые особенности
фонетических изменений арабских заимствований по
материалам газет «Дала уалаятының газеті» и «Түркістан
уалаятының газеті».
* * *
This article considers some features of phonetic
changes of Arabian borrowed words under newspapers
Dala ualayatynyn gazeti and Turkistan ualayatynyn
gazeti.
Ко Кенг Ми
Ж. АЙМАУЫТОВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ АЗАТТЫҚ ИДЕЯ КӨРІНІСІ
Өзін əдебиетте шағын əңгіме жанрындағы
шеберлігімен таныта білген Ж.Аймауытовтың
«Елес», «Жол үстінде», «Əнші», «Жапырақтар»,
«Қара бақсы» т.б. əңгімелерінен кейінгі күрделі
шығармалары «Қартқожа», «Ақ білек», «Күні-
кейдің жазығы» романдары. Егер аңдап қарар
болсақ, олардың қай-қайсында да азаттық
идеяның көрінісін тану қиын емес. Олардағы
оқиға өрбуінің тынысы адам еркіндігінің
болмысы мен тығыз байланысты болып келеді.
Енді оларды жеке–жеке алып қарастырып
көрелік.
Жазушы «Қартқожа» романында ХІХ ға-
сырдың соңында дүние келіп, ХХ қара ғасыр
басында еңбекке араласып, кеңестік дəуірдің
алғашқы кезеңіндегі жаңа құрылысқа белсене
атсалысқан қарапайым адамның бейнесін
сомдайды. Мұндағы мақсат — қоғамдағы
өзгерістерді қатардағы адамның көзқарасы,
қабылдауы арқылы көрсету. Сол арқылы оның
еркін қоғам құруға деген ұмтылысының сырын
ашу. Əдебиетші ғалым Д. Ысқақұлы бұл роман
туралы: «Шығарманың
көркемдік-идеялық
қыртыстары қалың» [1, 129 б.], – десе, соның бір
астары азаттық идеясын көтеруде жатыр
«Қартқожа» — реалистік шығарма. Оқи-
ғаның дамуы өмір шындығынан бастау алып
жатады. Бір кезде молда алдында отырған
бұйығы қара бала өсе келе, сол кездегі Қазақ
қоғамында болған тарихи оқиғаларға араласып,
ерекше көзге түспесе де, көрген-білгенінен
өзінше ой түйеді. Бұл оның азамат ретінде
қалыптасуына əсер етеді. Бала күндегі жетімдік,
мəнсіз молда оқуы, 1916 жылғы көтеріліске
қатысу, солдатқа алыну, жаңа оқудың есігін
ашып ұстаз болу — міне, Қартқожа өткен өмір
жолы осы. Оның əрбір кезеңінде ешбір
ерекшелігімен көзге түспейтін кейіпкерін автор
бір ғана жылт еткен іс-əрекет, мінез-құлық
құбылысы арқылы даралап отырады. Сол
арқылы оның өзіне ғана тəн болмысы танылып-
ақ қалады. Мəселен, молда алдынан сабақ алып
жүрген көп балалар арасында Қартқожа еш
ерекшеленбейді, қайта солардың көбінен төмен
сияқты, бірақ оны сүйкімді ететін — момын
баланың оқуға деген құштарлығы. Оқуға деген
қүштарлық еркіндікке деген ұмтылысқа жол
ашады.
1916 жылғы, солдатқа алынуы, ондағы əскер
өмірі балаң бозбаланы шынықтыра түседі. Ол
енді ақ-қараны айырар дəрежеге жетеді. Елге
келіп, сол баяғы күй тағы алдынан шыққанда,
əділетсіздікке қарсы күресуге əрекет жасайды.
Біз бұдан əділдік жолындағы күреске дайын
азаматты көреміз. Оқу оқып, білім алған
Қартқожа күрес жолына шығады, əлді мен
Вестник КазНУ. Серия филологическая, №1(131). 2011
33
əлсіздің, бай мен кедей күресінің тұсында екінші
жақтың жақтасына айналады. Оның өмірден
түйген, таныған шындығы осы. Бір кездегі
момын Қартқожаны таптық күреске араластыр-
ған өмір тəжірибесі. Автордың өз кейіпкерін
осынау жолға ұзақ дайындықпен əкелу нанымды
да дəлелді шыққан.
Қартқожаның оқуға деген құштарлығын
арттыруда, азамат болып қалыптасуында оқыған
жас Жүністің елеулі орны бар. Солдатта жүріп
дос болған Андрейдің де оның саяси көз-
қарасының қалыптасуындағы еңбегі аз емес.
Жалпы, Жүсіпбек Аймауытовтың «Қарт-
қожа» романы — революция тұсындағы Қазақ
қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір
жолы арқылы жан-жақты бейнелеген үлкен
шығарма.
Жүсіпбек Аймауытовтың прозадағы үлкен
табысы — «Ақбілек» романы. Автор Қазақ
қызының тағдыры арқылы дəуірдің озбырлық
бейнесін ашады. Оны сол тағдыр қасіретінен
құтқарған, азаттыққа қолын жеткізген жаңа өмір
салты екендігі романда айрықша сипатталған.
Қазақ ұлтының тəрбиелік, салт-дəстүрлік ұғым-
танымы тұрғысынан алғанда, романның бас
кейіпкері Ақбілек тап болған жайт адам төзгісіз
қасірет. Ақтардың қолына түсіп, орыс əскер-
лерінің қорлығына ұшырап, ауылына оралу —
күнəсіз да пəк қыз үшін өте ауыр масқара іс.
Міне, осы сəттегі Ақбілектің іштен тынуын,
өзімен-өзі арпалысын, шешімге келуін автор
психологиялық талдау арқылды ашады.
Ақбілек – негізінен өз азаттығы жолындағы
күрескер бейне. Бұған жазушы өз кейіпкері –
осынау қарапайым қазақ қызының бойына өзіне
ғана бірнеше қасиеттерді тоғыстыру арқылы қол
жеткізеді. Ақбілектің ерекше қасиеті —
сезімталдығы. Оны көп қиындықтан құтқарған
да осы сезімталдық. Ол ең алдымен, Қарамұрт
офицермен қарым-қатынасы кезінде анық
сезіледі. Екіншіден, Ақбілек батыл да шешімшіл
қыз. Оны атып кетуге бекінген Қарамұрттың
оғынан құтқарған да осы батылдық. Қабағы қату
орыс офицері қыз жанарынан осыны ұқты, ұқты
да өлімге қимады, ата алмады. Ақбілектің бұл
қасиетін жазушы оның қараңғы түндегі қамаған
қасқырмен
арпалысынан
да
аңғартады.
Кейіпкердің қорқынышын ақылға жеңдірген де
осы батылдық болатын.
Ақбілек тағдырының тауқыметі мұнымен
бітпейді. Оны алда ауыр қорлық күтіп тұр еді.
Əкесі Мамырбайдың қатал мінезі, өгей шеше
Өріктің өсек-аяңы, айттырған жігіті Бекбо-
латтың суынуы — Ақбілек үшін өмір сыны
болады. Осынау қорлық пен мазаққа Ақбілекті
шыдатқан қандай күш?! Ол — Ақбілек
бойындағы үшінші қасиет — төзімділік. Жаны
нəзік қыз болғанымен, Ақбілек керемет қайсар.
Ал жоғарыда аталған қасиеттердің бəрі де
азаттық аңсаған ару үшін аса қажет-ақ. Осы
қасиеттер арқылы Ақбілек — өз тағдыры үшін
күресе
алатын
күрескер
қыз
деңгейіне
көтеріледі. Ол батыл шешім жасайды. Қалаға
оқуға аттанады.
Арада бес жыл өткеннен кейінгі Ақбілек
мүлде бөлек жан! Енді білімді адамды көреміз.
Ол жанын түсінетін Балташты кездестіреді. Ұлы
Ескендірмен табысады. Бұл — өз тағдыры үшін
күрестің жемісі.
Романда кейде шығарма соңына дейін бірге
жүретін, кейде белгілі бір сюжетке ғана қаты-
сатын Қарамұрт, Бекболат, Мамырбай, Өрік,
Ақбала, Балташ, Мұқаш тəрізді кейіпкерлер
бар. Бұлардың əрқайсысына тəн айнытпай
ажыратылатын кескіні, сөз саптасы, қимыл-
қозғалысы, өзіне ғана тəн мінез-құлқы бар. Бұл
кейіпкерлер туралы аймауытовтанушы ғалым Р.
Тұрысбек: «Романда жекеленген бейнелердің
монологтары, өмірдегі мұраты мен міндеттері
айқын бейленген» [2, 61 б.], — деген түйін
жасайды.
«Ақбілек» романы — Қазақ халқының ұлы
өзгерістер тұсындағы қасірет — тауқыметін,
жаңа өмірге бет бұрысын қарапайым Қазақ
қызының тағдыры арқылы кең көлемде
көрсеткен туынды. Бұл шығарма туралы
академик С. Қирабаев мынадай тұжырым жаса-
ғанды: «Қазақ романының алғашқы үлгілерінің
бірі бола тұрса да, Жүсіпбектің бұл жанрдағы
ізденісінде «Ақбілек» көрнекті орын алады.
...ол бұл шығармасында адам характерін
тереңірек ашуға, кейіпкердің психологиялық
жайларын толықтыруға көбірек көңіл бөлді.
Жазушы суреткерлігі де артып, оның автор-
лық позициясы айқындала түсті. Сондықтан
«Ақбілек» қазақ романының туу тарихында да,
жазушы шығармашылығында да алғашқы кесек
үлгі болып саналады» [3, 376 б.].
Ж.Аймауытовтың көркем прозадағы соңғы
көлемді əрі табысты туындысыныңі бірі —
«Күнекейдің жазығы» повесі. Бүл революциядан
бұрынғы Қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігін
көркем суреттеген, этнографиялық реңкі бар
шығарма. Повестің тақырыбы — ХХ ғасырдың
алғашқы ширегінде жазылған шығармалардың
көбіне ортақ əйел теңсіздігі.
Повестің басты кейіпкері Күнікей —
еркіндік қасиетін ерте сезінген қыз. Ол —
кедейдің қызы болса да, бойындағы барын
ардақтай білген, адуынды шешіннің тəрбиесі
ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы, №1(131). 2011
34
негізінде еркін өскен мінезді қыз. Шешесі
Шекер мінезіндегі өжеттік бұған да сіңгендей.
Анасының аялауынан өзіне ерекше нəр алатын
Күнікей, ерте бастан ақыл тоқтатып, əрі құдай
берген көркі, əрі алымды ақыл-парасатының
арқасында өзін ешкімнен төмен санамай өседі.
Бай қызы, құрбысы Шəмшінің ұзату тойындағы
өзін-өзі ұстауы осының куəсі.
Осылай
өскен,
осылай
тəрбиеленген
Күнікейдің өзіне тең жар іздеуі жасырын болса
да, жүрек түкпірінде пісіп-жетілгені анық.
Ақыры ол жүрек аңсауын табады. Ол — сегіз
қырлы, бір сырлы жігіттің сұлтаны Байман.
Етікші Тұяққа телінген тағдырына қарсы
шыққан Күнікей сүйгені Байманмен бас қо-
сады.
Күнекейдің өз сүйгеніне қосылу жолы оңай
емес. Оған дейін қаншама зорлықты көреді.
Жеңіл жүріске салмақ болған жеңге мазағы,
зорлықшыл Қасым əрекеті, шешесінің етікті
болуы, сол үшін Тұяққа қоспақ болуы, міне,
осының бəрі — Күнекей тағдырына кесе-
көлденең тұрған қиындықтар. Бірақ Күнікей
соның бəрін өз қайсарлығы мен өжеттілігі,
табиғатындағы еркіндікке деген құштарлығы
арқасында жеңіп шығады. Осы жаңдайлардан
іштей ширығу нəтижесінде барып Күнікей
характері қалыптасады.
Күнікейдің айттырған күйеуі жаман Тұяққа
жар болар түні өз адалдығын сақтап, Байманға
келуі, онымен тағдыр қосуы қыз табиғатындағы
күрескерліктің белгісі.
Бірақ осы күрестің нəтижесі қандай?..
Жеңісі бар ма?.. Міне, оқырманды ойлан-
дыратын мəселе осы. Сөзі мен ісі бір адалдығы
мен азаматтығы астасқандай Байманның соңына
дейін солай болмауының себебі не?..
Повесть басында қараңғы үйде зарланып
жататын Күнікейді бұл күйге ұшыратқан қандай
құдірет? Тағдырын қолына ұстатқан адал жар
қайда?... Автор өмір түйткілін осы тұстан
іздейді. Жастық алауы мəңгілік емес, өмір өткелі
сан тарау. Оның бəрінен оп-оңай өтіп кету —
əйел баласы үшін өте қиын. Алдамшы өмірдің
ащы дəмін татқан əйел тағдыры аса аянышты.
Теңіне қосылғанды да талқыға салар тағдырдың
тартуы аз емес...
Повестегі өзге кейіпкерлер, негізінен Күні-
кейге қатысты көрініп отырады. Мұндағы
өзгелерден оқшау бір кейіпкер — Байман.
Байман образы Күнікеймен өрістес дамиды.
Алғашқы танысудан бастап, барлық оқиға
ортақтаса өтеді. Байман — Күнікейге сай
тұлға.
Жүсіпбектің «Күнікейдің жазығы» повесі —
Қазақ тұрмысынан алынып, ұлттық болмыстың
бар қасиетін аша отырып, уақыт шындығын
танытқан шығарма. Басты тұлға өз бақыты үшін
күресе білген азаттыққа жаны құштар қазақ
қызы.
Жүсіпбек Аймауытов — дарынды суреткер
ретінде Қазақ əдебиетінде көп жаңалық əкелген
жазушы. Ол Қазақ прозасының биік көркемдік
деңгейде дамуына өлшеусіз үлес қосты. Оны
жанрлық тұрғыдан байытты. «Қартқожа» талап
деңгейінен шыққан алғашқы роман болса,
«Ақбілек» кең масштабтағы реалистік романның
көшбасы.
Жүсіпбек өз шығармаларында заманының
көкейкесті мəселелерін көтеріп, дəуір шын-
дығын көркем бейнеледі. Оның шығармалары —
Қазақ əдебиеті қорына қосылған мəңгілік
мұралар.
Жүсіпбек Аймауытов шығармалары көр-
кемдік жетістіктерімен ерекшеленіп отырады.
Оның көркем шығармалары Қазақ əдебиетінің
табысы.
Достарыңызбен бөлісу: |