Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет344/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
271 
 
стилі,  кәсіпқойлықтың  ӛзіндік  тҧжырымдамасын  қалыптастыруға  кӛмектеседі.  Әлеуметтік 
педагогтың  кәсібилігі  белгілі  бір  әлеуметтік  институттар  мен  әлеуметтік  мекемелердің  қызметі 
арқылы жҥзеге асырылады, ал оның әлеуметтік агенттері отбасы, жалпы білім беру мекемелері, 
кәсіптік  білім  беру  мекемелері,  қоғамдық  ҧйымдар  және  еңбек  ҧжымдары,  тҧтастай  мемлекет 
болады. 
Болашақ  әлеуметтік  педагогтарды  кәсіби  дайындаудағы  жоғарғы  оқу  орнының  мақсатты 
іс-әрекеттерімен байланысты кәсіби сәйкестендіру аспектісі кәсіби тәрбие деп аталады. Болашақ 
әлеуметтік  педагогтарды  кәсіби  сәйкестендіру  ҥдерісінде  тәрбие  беру  мен  ӛзі-ӛзі  тәрбиелеу 
арақатынасы  тең  бола  алмайды.  Кәсiби  сәйкестендiрудiң  негiзi,  оның  орталық  компоненттерi 
кәсiптiк білім және кәсіби тәрбие беру және олар кәсiптiк бiлiм беру процесiнiң қҧрамдас бӛлігі 
болып  табылады.  Әлеуметтік-педагогикалық,  әлеуметтік-психологиялық,  әлеуметтік-қҧқықтық 
және  әлеуметтік-экономикалық  кӛмектің  табысты  іске  асырылуы  ҥшін  қажетті  кәсіби  білімді, 
дағдыларды  және  қабілеттерді  алу  болашақ  әлеуметтік  педагогтардың  кәсіптік  даярлауының 
басты  мақсаты  болып  табылады.  Алайда  бҧл  жеткіліксіз,  кәсібилікті  дамыту  ҥшін  әлеуметтік-
кәсіптік қасиеттерінің жҥйелеуін, терең сенімі мен дҥниетанымын, ҧстанымдарын қалыптастыру 
қажет. Сонымен қатар, кәсіби қызығушылық жалпыға бірдей моральдық қҧндылықтар негізінде 
қҧрылмаса,  онда  ол  кәсіби  аясын  тарылтуы  мҥмкін,  сондықтан  кәсіптік  сәйкестендірудің 
маңызды компоненті кәсіби тәрбие болуы шарт. 
Болашақ әлеуметтік педагогтарға арналған кәсіби тәрбиенің мазмҧны мамандықты игеруге 
жеткіліксіз.  Белгілі  бір  кәсіби  білім  алған  маман  тек  қана  дағдылар  мен  біліктілігін  ҧштаумен 
ғана  емес,  сондай-ақ  белсенді,  тәуелсіз,  шығармашыл,  ӛзекті  мәселелерді  шешуге  мҥмкіндік 
беретін  рухани  қасиеттер  мен  кӛзқарастарды  қалыптастырған  адам  ғана  ӛз  ісінің  кәсіби  шебер 
маманына  айналады.  Кәсіби  қызметін  табысты  жҥзеге  асыру  ҥшін  болашақ  әлеуметтік  педагог 
тек  кәсіптік  білім  берудегі  дағды  мен  қабілеттерді  меңгеріп  қана  қоймай,  сонымен  қатар 
мамандықтың  мәдени  мҧрасын  игеріп,  оны  ішкі  әлемнің  қҧндылықтарына  айналдыруы  керек. 
Жоғары  мектеп  педагогикасының  философиясы  әрбір  студентке  арнайы  кәсіби  дағдыларды 
ҥйрету  қҧндылықтарды  сіңіру  және  олармен  бірге  әлеуметтік  ӛзін-ӛзі  реттеу  ережелерімен 
таныстыру.  Қоғам  студенттердің  кәсіби  сәйкестендіру  формасын  анықтайды.  Жоғары  оқу 
орнында  білім  алып  жатқан  кез-келген  болашақ  әлеуметтік  педагог,  саналы  тҥрде  қоғамда 
игерген  кәсіби-әлеуметтік  және  рухани  қҧндылықтарды  пайдалануы  қажет.  Жоғары  оқу 
орнының  міндеті  -  қоғамның  тарихи  эволюциясы  барысында  дамып  келе  жатқан  адамгершілік 
қҧндылықтарды ҥйрету арқылы болашақ әлеуметтік педагогты дайындау [17]. Кәсіби тәрбиенің 
мақсаты - тҧлғаның жеке дамуы, кәсіптік кӛз-қарастары, мотивтері, қарым-қатынасы, қҧндылық 
бағдарларының  қалыптасуы,  ҥздіксіз  дамуды  қамтамасыз  ету,  ӛзін-ӛзі  тану  және  кәсіби  ӛмірге 
толыққанды қатысу. 
Шетелдің  ғалымдар  кәсіби  сәйкестендіруге  екі  тҥрлі  тҧғырды  ҧсынады,  атап  айтқанда, 
«Алғашқы  кӛзқарас  сәйкестендіруді  адамның  ӛз  мамандығына  қалай  қарайтынын  тҥсіндіреді. 
Кәсіби  сәйкестендірумен  айналысатын  ғалымдар  мамандығын  ӛздігінен  анықтап,  ӛзін  сол 
мамандықта  қалай  кӛретінін  болжай  алатын  дәрежеге  жеткен.  Екінші  тәсіл  кәсіби  сәйкестік 
мазмҧнын  немесе  мағынасын  тҥсінуге  және  осы  мәннің  жасалуы  процесіне  бағытталған»  [18]. 
Демек, біріншісі – адамның ӛз мамандығына қалай қарайтыны, ал екіншісі – кәсіби сәйкестіктің 
ішкі мәнін тҥсінуге ҧмтылуы. Кәсіби сәйкестілік болашақ әлеуметтік педагогтың мотивтері мен 
қабілеттерінің олардың таңдап алған кәсіптік іс-әрекетінің мазмҧны мен ерекшеліктеріне сәйкес 
болуын қамтамасыз етеді.  
Қорыта  айтқанда,  жоғары  оқу  орнындағы  кәсіптік  білім  беру  мақсаттарына  сай  келесі 
міндеттерді шешуге басымдық берілуі керек: 
- бірінші курс студенттерін кәсіптік оқу орнына бейімдеу
-  болашақ  әлеуметтік  педагогтарды  сәйкестендіру  ҥшін  жағдай  жасау;  рухани  және 
қҧндылықтарды қалыптастыруды қамтамасыз ету
- әлеуметтік және кәсіби ӛзін-ӛзі тануға жәрдемдесу
-  болашақ  әлеуметтік  педагогтың  әлеуметтік  маңызды  қасиеттерін  және  кәсіби  маңызды 
қабілеттерін дамыту; 
- жоғарғы оқу  орнын аяқтағаннан кейін тҥлектердің бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру 
және кәсіби әлемде ӛз орнын табуға кӛмектесу; 
- этикалық нормаларын қалыптастыру
- болашақ әлеуметтік педагогтың кәсіби мәдениетін қалыптастыру. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
272 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   340   341   342   343   344   345   346   347   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет