Салт жоралғы, әдет-ғұрыпты - «Бақсы ойыны», «Айқосақ» (бақсы билері),
«Жезтырнақ» (жалмауыздың биі), «Буын би», «Жар-жар», «Қоштасу» (қалыңдықтың
қҧрбыларымен қоштасуы), «Айда, былпым» (бойжеткен биі), «Келіншек» (бойжеткеннің
бозбаламен биі), «Шалқыма» « биік ӛкшемен билеу).
Жауынгерлік-аңшылық - «Сайыс» (жекпе-жек), «Ақат» (ежелгі ерлер ырғағының мәтіні
бойынша би), «Қылышпен би», «Мерген» (садақпен би), «Қоян-бҥркіт», «Қҧсбегі - дауылпаз» (
қҧс аулау және дауылпазбен билеу).
Тұрмыстық - еліктеушілік - «Ӛрмек би» (тоқымашылар биі), Ортеке (секіргіш-таутеке
биі) , «Қаражорға», «Тепең кӛк» (жҥйріктің шабысы).
Топтық кӛпшілік – «Алқа-қотан» (бҥйір мен бҥйір), «Алтынай», «Кербез-би» «Ырғақты»,
«Қаз-қатар», «Балбырауын», «Кӛкпар», «Қосалқа», «Шашу» және т.б.
Қазақ билерінің барынша сипатты ерекшелігі олардың домбыра, қобыз және даңғыра
әуенімен орындалуы болып табылады. Дәстҥрлілік орындау жылдамдығында, буындар
қозғалысында, қимылдар шалттығында байқалады. Ерлер биінде тҧлғаның жинақылығы, ал
әйелдер биінде белдің икемділігі мен қолдың қимылы міндетті. Кез-келген жігіт ат ҥстіндегі
кәсіби ойынды жеңіл орындай алмайды. Осындай шеберлік тек дарынды бишіге ғана тән. Қазақ
халық билері ҥшін алтыбақан теуіп, жалын айналасында тҥнгі топ болып ән салу дәстҥрлі.
Қазақ музыкалық фольклорының арсеналында халық биінің дәстҥрлі билер ырғағы -
«кҥйлер биі» терминологиясы бар.
Ӛткен уақытта халық би ӛнерін кӛптеген суырып салма ақындар мен әншілер меңгерген.
Олардың қатарында – «ағаш-аяқ» атанған танымал әнші Берікбол Кӛпенов, Шашубай
Қошқарбаев, Жҥнісбек Жолдинов, Қарсақ Қопабаев және тағы басқалар бар. Суырып салма
ақындар-әншілер барлық мерекелерде, жәрмеңкелерде, сахналық кӛріністі билерде, бишілердің
икемділігі мен кҥшін кӛрсететін би-ойындарда, пантомимо мен әзілдер қойылымында қҧрметке
ие болған.
Ӛзбекәлі Жәнібеков халық ақыны, павлодарлық Жҥнісбек Жолдинов туралы айтқанда,
оның қозғалыстары мен қимылдарына бас иген. Ж.Жолдинов ӛзінің биінде бҥркіттің шарықтап
ҧшуын, аңға тҥсуін, оның қырағы да қаһарлы кӛзқарасын, темірдей тырнақтарын, қанатының
қағысын, басының маңғаз кейпін керметтей суреттей білген. Ол сонымен қатар, «Айқосақ»,
«Жезтырнақ», Қылышпен би», «Бала бҥркіт», «Қаза-қалмақ биі», «Қҧсбегі», «Алқа қотан» және
т.б. ӛте шеберлікпен орындаған.
Қазақ халық билерінің дәстҥрлілігін сипаттай отырып, қазақтардың этникалық
мәдениетінің және ӛнерінің білгірі Ӛ.Жәнібеков ӛз естеліктерінде ӛзге мҧсылман халықтарына
қарағанда қазақ билерінің айырмашылығын, яғни бозбала мен бойжеткеннің қосарлана билеуін
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
295
ерекше атап кӛрсетті. Мысалы. «Келіншек», «Қоян-бҥркіт» және т.б., алайда сол заманда
далада би мектептері болмағаны бәрімізге аян. Жазба кӛздері куәландырғандай, кейбір
рулардың, тайпалардың сарай сайқымазақтары мен кҥлдіргілері сынды ӛздерінің биші-
шеберлері (қулар) мен ӛзбек «масқарапаздары» сияқты ӛнерлі жігіттері болған.
Шымкент қаласында ӛткен пікірсайыс кешінде Мҧхтар Әуезовтың аузынан есіткен
халық биі «Ортекені» орындаушылардың, яғни апанға тҥскен тағы таутекені бейнелейтін
ортекеші-бишілердің ӛнері туралы әңгімесі барыншы қызықты. Бҧл бидің мазмҧндық сызығы
біздің заманымызға дейін жеткен бірқатар жартастағы суреттерде, аңыздарда кездеседі.
Осылайша, фольклорды, замандастарымыздың естеліктерін, материалдық мәдениет
ескерткіштерін, жазба деректерін, қазақ тілінің лексиконын оқығанымызда, халық билері:
шамандық, ойын сайыс билері және т.б ерте заманнан бҥгінгі кҥндерімізге дейінгі қазақ
қоғамының даму ҥрдісінде бірге ӛріліп, оның рухани мәдениетін байытты және дәстҥрлерді
сақтай отырып, заманауи би мәдениетін дамытты.
Би қазақ халқы ӛнерінің ажырамас бӛлігі болып табылады. Кӛркем еңбек әрекетін
бейнелейді. Халық биі ӛз дамуының ҧзақ жолында осы халыққа ғана тән, ерекше ҥйлесімділік
тілімен берілетін қоғамдық ӛмірге ҥзбей ілесе жҥрді, осы ӛмірді бейнеледі. Қоғамдық формация
ӛз дамуының әрбір жаңа кезеңінде «жаңа дҥниетаным қалыптарын, қоршаған орта шындығына
жаңаша қатынас тудыра отырып, осы формация тҥріне тән оның ерекше, ӛзгеше кӛркем
жаңаруларын тудырады» десе де, ҧлттық ҥйлесімділік ӛзінің ерекше сипатын, ҧлттық
ӛзгешеліктерін сақтап қалды. Қазақ биі дамуының негізгі бағыттарын айқындауда бақсылық
ҥлкен мағынаға ие болды. Қазақтардың діни дәстҥрлерінде шаманизм ҥлкен орын алды.
Бақсылардың зікірі туралы естеліктерден олардың міндетті тҥрде ӛзгеше билермен, айғаймен
және ӛзіндік музыканың сҥймелдеулерімен қоса жҥретіндігі туралы мәліметтер келтіріледі.
Мифтік аңыз жетегіндегі бақсы биі былықтарды жойып, ӛмір ҥйлесімділігін қалпына келтіру
мақсатын кӛздейді. Сонымен бірге ол бақсының сиқырлық рәсімдерінің қҧрамдас бӛлігі болып
табылады. Соған сәйкес оның белгілі бір мақсаты шешімі бар, белгілі бір әрекетке
бағындырылады. Бҧл әрекеттер ру ӛміріндегі және жекелей әр адам ӛміріндегі әр тҥрлі
оқиғаларға қатысты болды. Бақсылардың зікірі адамға нақты кӛмек қажет болған жағдайларда
жҥзеге асты. Қазақ халқының би мәдениеті, оның лексикасы тек қана халық әуендері, ырғақ
арқылы қалыптасқан жоқ, ауыз әдебиеті арқылы, қолданбалы ӛнері, тілі, салт-дәстҥрі арқылы
қалыптасты. Халық мәдениеті тарихи-әлеуметтік жағдайларға байланысты қалыптасып,
дамыды.
Халықтың рухани ӛмірінде бақсының рӛлі зор болды. Ӛнердің әр тҥрін қамтитын бақсы
ойынының барлық тәсілдері ҧлттық психология мен мәдениеттің сипаттарын бейнеледі. Ол
қоғамдағы барлық процестерге әсер етті. Бақсы барлық қоғамдық қағидалардың ӛлшемі,
қоғамның барлық мҥшелерінің еліктейтін тҧлғасы болды. Осылайша ол қазақтардың барлық
мінез-қҧлық және ойлау жҥйесіне әсер етіп отырады. Оның тағы бір тҧрақты қызметі - ӛнердің
кӛптеген тҥрлерінің дамуына әсер етті.
Бақсы ӛнердің барлық тҥрлерін тамаша меңгерген. Бақсы ӛнерінің неғҧрлым маңызды
кӛркем жетістіктерінің бірі – бақсы фольклоры болып табылады. Халықтың рухани ӛмірінің
бейнесі ретінде қызмет ететін фольклор халық мәдениетінде маңызды орын алады. Ол халықты
басқарудың идеологиялық ҥлгісі халық, қоғам тҧтастығын сақтаудың кепілі болды. Ӛзінің
мағынасы бойынша, фольклор халықтың пәлсапасы, тарихы, әлеуметтік ғылымдары да болды.
Біз халықтың ҧжымдық шығармашылығы ретінде қабылдап ҥйренген фольклор біршама
дәрежеде бақсылардың шығармашылық әрекеттерінің қорытындысы деп есептейді ғалымдар.
Қалай болғанда да, бай, әдемі бақсылық фольклор жалпы фольклор мен халықтың рухани
қҧндылығының бір бӛлігі болып табылады.
Зерттеуші хореограф О.В. Всеволодская-Голушкевич: «...қазақтың ежелгі би тҥрінің бірі
бақсылықпен байланысты болды», деп кӛрсеткен [3; 78]. Расында да, ХІХ-ХХ ғасырларда
қазақтың бақсылық ӛнері салттық культке айналып, бҧрынғы қалпын жоғалтып, анық
мҧсылмандық сипат алды. Бақсының музыкалық аспаптары, ырғақ, би қимылдары
импровизациялық негізде болды. Кӛпшілік шаттық билері бақсылықтан ертерек болғандығы
белгілі және ежелгі дәстҥрді сақтаушы ретінде бізге жеткен бақсы ойынына негіз бола алған.
Биологиялық-эмоциялық процестің ӛзіндік шегі ырғақ және әр тҥрлі ырғақтық формаларға
негіз болды, сонымен қатар ҧрпақтан-ҧрпаққа жалғаса отырып жиналған пластикалық ырғақты
би суреттемелері болған.
|