Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
297
сіңіп кететін, жеке толғақты мәселелердің бәрін ӛз бойына жинақтады. Осы
функциясымен
музыка қазақ қоғамының рухани дамуының ӛзегі болды. Бҧндай арасалмақта, әрине, би тек
ерекше, қуанышты оқиғалармен байланысты жағдайларда ғана кӛрініс тапты» [5,18].
Кӛп адам қатысатын би актілерінде де оны аздаған адамдар ғана тамашалай алатын, ал
музыка мен сӛз кӛпшіліктен қолдау тауып, бҥкіл далаға тарап жататын. «Қазақстанның әр тҥрлі
аймақтарында қоғамдық жәрмеңкелер, ал кейін театрлық кӛріністер қойылатын орындар
ҧйымдастырылғанда, би ӛнерінің кӛпшілікке танылу беталысы қоғам ӛмірінің басқа сапалық
деңгейге ауысуымен шҧғыл ӛзгере бастады. Ӛздерінің би шеберлігін қалың жҧрт алдында
кӛрсету әр тҥрлі шеберлердің би ҥйлесімділігінің дамуымен ӛзара баюына әсерін тигізді.
Сонымен қатар, Қазақстанның әр аймағынан келген орындаушылардың би шеберліктері, кейде
бір-бірінің шығармашылықтарымен таныс болмаса да, бірдей бейнелілікпен сарынға
бағындырылатын. Бҧл жерде халық би ӛнерінде ӛзіндік із қалдырған қазақтардың ақындық-
музыкалық ӛнерін атап айту керек» [6,18]. «Қоштасу», «Жар-жар» т.б тҧрмыс-салттық
билермен қатар
қазақ қыздарының ибалылығын, сҧлулығын, бейнелейтін «Шолпы» биі.
Білектей арқасында ӛрген бҧрым,
Шолпысы сылдыр қағып, жҥрсе ақырын.
Кәмшат бӛрік,
ақ тамақ,
қара қасты,
Сҧлу қыздың кӛріп пе ең мҧндай тҥрін?-
деп ҧлы ақын Абай жырларына арқау болса, би ӛнерінде де З.Райбаевтың
шығармашылығымен қазақ қыздарының ҥлкен бір тәрбие мектебі бҧрым мен шолпы әсем
қимылдармен «Шолпы» биінде де суреттеледі. Әр нәрсеге мән бере қараған ойлы халқымыз
сҧлудың кӛркі шаш, шаштың кӛркі шаштеңге деп есептеген. Ҧлт мәдениетінде әр бойжеткенді
шашы мен бойына қарап бағалаған. Ҧзындығы тілерсек соғатын, алтын, кҥміс, шолпы тағылған
сҧлу бҧрым бойжеткен кӛркін одан әрі арттыра тҥседі. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар
шығарып, сҧлу қыз, кермаралдай керілген кербез келіншектердің әсем жҥрісіне ҥн қосып, ару
сыны мен сымбатын одан әрі ажарлай тҥседі. Мҧндай сҧлуды қазақтар: «Сыңғырлай кҥлкісіне
шылдырлаған шолпысы ҥн қосады» - деп ардақтаған.
«Би шығармашылығындағы ҧлттық ойындар тақырыбы бҧл билердің қай ҧлттікі
екендігіне айғақ болады. Ойын тақырыптары зерттеліп отырған ҧлыстың еңбек және рухани
әрекеттері мен тҧрмысының кӛп жақтарын қамтиды. Бҧған оның кӛпшілігінің кӛшпенді ортада
пайда болып, «ӛзінің тақырыбымен, ҧсақ-тҥйегімен, ӛткізілу уақыты және орнымен, ӛзінің
барлық қҧрылымымен кӛшпелі малшылардың дҥниетаным ерекшелігін және материалдық
мәдениетін бейнелеуі әсер етті» [7; 25]. Уақыттың, қоғам ӛмірінің ӛзгеруімен тікелей
байланысты ойынның тҥрі мен мазмҧны да ӛзгерді. Ойын-сауықтар кӛркем-эстетикалық
қызметімен бірге мынадай міндетті және қоғамдық қызметтерді қоса атқарды: тәрбиелік,
әскери –спорттық, рәсімдік, қарым-қатынастық және т.б. Әсіресе, ойындар бірнеше жақын
ауылдардың тҧрғындары жиналатын мерекелер кезінде жиі ӛткізіледі. Әртҥрлі ру ӛкілдері
арасында ең жақсы әнге, кҥйге, ең кҥшті палуанға, жігітке, ең ҥздік бишіге сайыстар ӛткізілді.
Кӛңіл кӛтеру биін орындаушылар тікелей би ҥстінде кез келген сюжетке, кез кеген әуенге
лайықты қолма-қол ойлап шығарып отырды. Қолма-қол шығарылатын билердің сюжеттері
әртҥрлі болды. Қоршаған орта мен тҧрмыстағы әр тҥрлі жағдайларды бақылау оларға тақырып
тауып беріп отырды. Тҧрмыстық сюжетке қҧрылған билер кӛбінесе комедиялық сипатқа ие
болды: пантомималық билерде ашқарақтар, жалқаулар мен ӛзге адам бойындағы – жағымсыз
қылықтар кҥлкіге айналдырылды. «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақсҥйек», т.б. ойындары қыздар
мен бозбалалардың ӛзара таныстығына, бір-бірін тҥсінуі мен достықтарына әсер етті. Ӛзінің
ҧлттық ерекшелігін сақтай отырып, тарих ҥшін ӛте қысқа мерзімде қазақ би ӛнері оның
жанрының алуан тҥрлілігіне, кәсіби би тілінің қалыптасуына, бидің композициялық шешіміне
әсер еткен, әлемдік хореография жетістіктерін ӛз бойына сіңіре алды.
Достарыңызбен бөлісу: