Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
37
Халықтың әлеуметтік дамуының индикаторларына сондай-ақ, ғылым мен білімнің дамуы,
мәдениет пен спорт, халыққа әлеуметтік қолдау кӛрсету кӛрсеткіштері жатады. Қала аумағының
ҧлғаюы және халық санының табиғи ӛсімі мен кӛші-қон есебінен артуы мектепке дейінгі білім
беруге сҧраныстың айтарлықтай артуына алып келді. Алматы қаласының статистикалық
мәліметтеріне сәйкес 2017-2018 оқу жылының басында қалада 250 кҥндізгі жалпы білім беретін
мектеп жҧмыс жасаған, мҧнда 243452 бала білім алады. Мектеп оқушыларының саны 2015
жылмен салыстырғанда 29,2 мың адамға артқан. Ӛткен оқу жылымен салыстырғанда
оқушылардың саны 12,6 мың адамға ӛскен. Нәтижесінде Наурызбай, Алатау, Медеу және Әуезов
аудандарындағы жалпы білім беретін ҧйымдарда орындардың жетіспеушілігі, мектептерде бала
санының артық болуы байқалды. Қалада 83 колледж бар, мҧнда 68 900 адам білім алады, жеке
меншік мекемелер жалпы санының шамамен 73%-н қҧрайды. 2016 жылы техникалық және
кәсіптік білім берудің (14-24 жас) жасындағы жастар - 22,2% қҧраған. Колледждердің саны ең
кӛп Алмалы, Әуезов, Бостандық аудандарында тіркелсе, ең азы Алатау, Тҥрксіб, Жетісу
аудандарында.Алматы қаласында жоғары оқу орындарының саны 40. Олардың басым бӛлігі
Алмалы, Бостандық, Медеу аудандарындаорналасқан. Оқу орындарына қабылданған студенттер
саны 2016-2017 оқу жылында 38568 адам, ал оқу бітіргендер саны 32197 адамды қҧрады (Сурет
3)[6]. Аталған аудандар ғылыми-техникалық жәнеинтеллектуалдық орта, қызмет кӛрсету
тҧрғысынан басқа аудандармен салыстырғанда тартымды екендігін дәлелдейді.
52000
50000
48000
46000
44000
42000
40000
38000
36000
34000
32000
30000
2012/2013 2013/2014 2014/2015 2015/2016 2016/2017
қабылданғандар оқу бітіргендер
Сурет 3 – Жоғары оқу орындарына қабылданған студенттер және бітіргендері, адам
(Дереккӛзі:
www.stat.gov.kz/almaty
)
Қалада жалпы жҧмыссыз халықтың саны 2014 жылы 44,7 мың адам болса, 2017 жылы 49,6
мың адамға ӛскен. ҚР Ҧлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің 2016 жылғы
мәліметіне сәйкес Алматы қаласындағы жалпы жастардың саны 448,8 мыңға жетті, жҧмыссыз
жастардың саны 18,5 мың адам. 2018 жылғы ІIІ тоқсанда жҧмыссыздар саны 49,4 мың адамды
қҧрап отыр. Жҧмыссыздық деңгейі жҧмыс кҥші санына 5,2% қҧрады. Жҧмыспен қамту
органдарында есепте тҧрған жҧмыссыздар саны 2018 жылғы қазанның соңына 9757 адам немесе
жҧмыс кҥшіне 1,0%.
Жастар арасындағы жҧмыссыздықтың ӛсуіне, басқа ӛңірлерден жыл сайын кӛшіп
келетіндердің жоғарғы кӛрсеткіші себеп болды. Сонымен қатар, ЖОО-ның жыл сайын шамамен,
60-65% резидент емес тҥлектері Алматы қаласында қалуды кӛздейді. 2016 жылғы тҥлектер саны
– 28192, солардың тек 19712-сі ғана жҧмысқа орналасқан. Жҧмыспен қамту саласында
қиындықтар пайда болуы, тҥлектердің кӛпшілігі экономикалық, қаржылық және қҧқықтық
кәсіби мамандықтарға тапсыру фактісі ықпал етеді, ал еңбек нарығында техникалық мамандығы
бойынша жҧмысшыларға сҧраныс жоғары болып қалуда.
Алматы қаласында NEET (NEET – ағыл. Not in Education, Employment or Training)
кӛрсеткіші бойынша 15-28 жас аралығындағы жҧмыс істемейтін, оқымайтын және біліктілігін
кӛтермейтін жастардың жалпы саны 2014 жылы 5,5%, 2017 жылы 5,3% қҧрады, аудандар
бойынша жалпы деңгейі бірдей.
Постиндустриялық қоғамда ғылымға негізделген және алдыңғы қатарлы технологияларды
дамыту, қолайлы экономикалық орта мен инвестициялық климатты қалыптастыруда
инновациялық идеялар қажет. Бҧнда know-how-дың болуы оны жҥзеге асыратын қаржыны оңай
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
38
тартуға мҥмкіндік береді. Алматыда кӛптеген ғылыми мекемелер, жобалау институттары және
жоғары оқу орындары орналасқан. Негізгі міндет ғылыми зерттеулер нәтижелерін ӛндіріске
енгізу ҥшін ғылым, білім және ӛндірісті ықпалдастыруды қамтамасыз ету болып табылады.
Ғылыми орталықтарда ғылыми-зерттеу жҧмыстарымен айналысатын қызметкерлер санының
тӛмендеуі байқалады, 2014 жылы 11094,0 адам болса, 2017 жылы 8821 адам, яғни 2273 адамға
тӛмендеген. Ғылым докторлар саны 2014 жылы 1027 адамға жетсе, 2017 жылы 891 яғни 136
адамға кеміген. Ғылыми-зерттеу жҧмыстарымен айналысуға тежеуші негізгі факторлар: ЖОО-
ның ғылыми зерттеу жҧмыстарымен айналысуы мен ғылымның дамуына әлсіз тартылуы,
экономикалық ӛсімнің бәсеңдеуі және инвестициялық белсенділіктің тӛмендеуі,ғылыми
зерттеулер нәтижелерінің нарықтағы сҧранысының тӛмендігі әсер етуде.
Достарыңызбен бөлісу: