Кіріспе Бҥгінгі кҥні дәрілік ӛсімдіктерді зерттеумен алуан тҥрлі мамандық иелері ботаниктер,
химиктер, фармакологтар мен әртҥрлі мамандықтағы дәрігерлер шҧғылдануда. Осындай
ӛсімдіктің бірі – Helianthus Tuberosus гҥлі. Helianthus Tuberosus гҥлінің тҥрлері кӛп, бірақ аз
зерттелген [1].
Helianthus tuberosus (топинамбур) – астралылар тҧқымдасына жататын тамыр жемісті кӛп
жылдық ӛсімдік. Отаны — Солтҥстік Америка. Helianthus tuberosus ӛсімдігінің сабағы, жапырағы
кҥнбағысқа ҧқсайды, бірақ жапырағының кӛлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі
1-5 м. Тамыр сабақтарынан кӛптеген (5-6, кейде 30-40) ақ, сары, кҥлгін, қызыл тҥйнектер
дамиды. Олардың пішіні ҧзынша, сопақша, домалақ болады [2].
Helianthus tuberosus ӛсімдігі тағам ретінде ғана емес дәрі-дәрмек ретінде де қолданыста.
Helianthus tuberosus ӛсімдігі ағзадағы холестерол деңгейін тӛмендетіп, қан қысымын әрі ас
қорыту жҥйесін реттеп, иммунитетті кҥшейтіп, кҥш-қуат береді. Қҧрамына Helianthus tuberosus
ӛсімдігі кіретін диеталардың несеп айдағыш қасиеті бар болғандықтан ол бҥйрек ауруына қарсы
және ағзадан уыттар мен ауыр металдарды шығаратын қасиеттерімен танымал [3].
Helianthus Tuberosus ӛсімдігі биологиялық белсенді заттарға ӛте бай. Ӛсімдіктің
қҧрамындағы белсенді заттар ағзаны токсин, холестерин және ауыр металдардан тазартады. Ал
гҥлінің қайнатпасы метаболикалық процестерді және асқазан безінің функциясын қалыпқа
келтіреді және жҥрек-тамыр жҥйесі ҥшін де ӛте пайдалы. Helianthus Tuberosus ӛсімдігі
дәрумендерге бай [4].
Дәрумендер – адам мен жануарлардың тіршілігіне, олардың организміндегі зат алмасудың
бірқалыпты болуы ҥшін аз мӛлшерде ӛте қажетті биологиялық белсенді органикалық қоспалар.
Дәрумендердің ӛcіп келе жаткан бала ағзасына тигізетін әcepi ӛте зор, ӛйткені олар заттардың
алмасуын, иммунитеттің дҧрыс калыптасуын, жҥйке жҥйесінің кызметін реттейді. Ӛсімдіктің
тамыры мен жапырағы полисахаридтер, амин қышқылдары, микро және макроэлементтерге,
жемісі инулинге бай. Ӛсімдіктің тҧнбасы диабетке қарсы жақсы профилактика болып табылады.
Сонымен қатар, гҥлі мен жемісі шаш, дене кҥтімі ҥшін де қолданылады [5,6].
Зерттеу нысанасы ретінде Алматы облысы, Тҥркісіб ауданынан кҥздік Helianthus
Tuberosus ӛсімдігінің жемісі, сабағы, жапырағы, гҥлі жиналып алынды. Кҥздік шикізаттар 2018
жылдың қазан – қараша айларында жиналған.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019