Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
54
Мамандыққа бағыттау функциясын «Химия ауылшаруашылығында», «Химия ӛндірісте»,
«Химия ӛмірімізде», «Химиялық анализ негіздері» атты факультативтер және сыныптан тыс
жҥргізілетін жҧмыс тҥрлері атқарады.
Кеңінен химия мамандықтары жайлы дәрістер, мамандармен кездесулер, кештер,
диспуттар, конференциялар және сайыстар қолданылады.
Мамандыққа бағыттау әдістері де алуан тҥрлі. Маңызды рӛлді химиялық эксперимент
алады, оның ішінде, әсіресе, зертханалық тәжірибелер және сарамандық сабақтар,
эксперименталды есептерді шешу оқушыларға оқу материалына шығармашылық кӛзқарас
қалыптастырады [4 - 6].
Педагогикалық экспериментке Қарағанды облысының Осакаровка ауданының №9 мектеп-
гимназиясының 8- сыныбының 18 оқушысы қатысты. Эксперименттің бастапқы кезеңінде
оқушылардың басым кӛпшілігінде мотивацияның тӛмен деңгейі (44,4%), мотивацияның орташа
деңгейін – 33,3% оқушылар кӛрсетті, ал жоғары деңгейді – 22,2% кӛрсетті.
Оқушыларда мотивацияны қалыптастыруға педагогикалық факторлардың әсер етуін
қарастырсақ, химияны оқуға жоғары деңгейдегі (I топ) мотивация кӛрсеткішінің қалыптасуына
кему ретімен келесі педагогикалық факторлар әсер етті: мҧғалімнің тҧлғалық және кәсіби
қасиеттері, ата-аналар, оқу қҧралдары, әлеуметтік факторлар (сурет 1).
Сурет 1. Бейіналды сыныптарда оқушылардың химияны оқуға жоғары деңгейдегі
мотивацияны қалыптастыруға педагогикалық жағдайлардың әсері
Химияны оқуға орташа деңгейдегі (IІ топ) мотивация кӛрсеткішінің қалыптасуына кему
ретімен келесі педагогикалық факторлар әсер етті: мҧғалімнің тҧлғалық және кәсіби қасиеттері,
оқу қҧралдары, ата-аналар, әлеуметтік факторлар.
Ал, химияны оқуға тӛмен деңгейдегі (IІІ топ) мотивация кӛрсеткішінің қалыптасуына кему
ретімен келесі педагогикалық факторлар әсер етті: мҧғалімнің тҧлғалық және кәсіби қасиеттері,
оқу қҧралдары,
әлеуметтік факторлар, ата-аналар.
Сараптама нәтижелері бойынша Ҥш топқа химия пәнін бейінді оқуға таңдауына «кәсіби
мҧғалім» себепші болғаны анық.
Химиядан элективті курстың мақсаты мен міндеттері қандай болса да, ол міндетті тҥрде
жалпы педагогикалық талаптарға сай болуы тиіс [7, 8]. Ең маңызды талаптар: қысқа мерзімді,
оқытудың белсенді формалары, оң нәтижеге жетуге жағдай жасау.
Элективті курсты оқу барысында оқушылардың табыстары келесі критерийлер бойынша
анықталады:
- ағымдық бақылау – оқушының топтағы жҧмысы, теориялық материалды ӛзіндік оқу,
сарамандық жҧмыстарды бағалау;
- оқушы жҧмысының сапасын рефераттар мен презентациялар тҥрінде бақылау.
Зерттеу барысында «Химия ӛмірімізде» атты элективті курс ҧсынылды. Аталған курс 8-
сынып оқушыларына арналған, кӛлемі 20 сағат. Курс химияны оқуға мотивацияны дамытуға,
оқушылардың білімдерін тереңдетуге, білімпаздықты дамытуға бағытталған. Ал оқушылар
ӛздігінен табиғаттың қҧпияларын ашып және пәнге қызығушылықтарын арттырады. Химиялық
эксперимент зат және химиялық реакциялар жӛнінде білім кӛзі болса, білім мен біліктерді бекіту
0
10
20
30
40
50
60
70
80
72
45
17
23
мҧғалімнің рӛлі
ата-аналар рӛлі
әлеуметтік фактор
оқу қҧралдары
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
55
қҧралы және материалды меңгеру деңгейін тексеру әдісі болып келеді. Әр дәрістен кейін
оқушылар ӛздігінен тәжірибелерді орындайтын сарамандық жҧмыс ӛткізіледі.
Курс мақсаты:
Оқушылардың
химияға қызығушылығын арттыру;
Оқушыларда негізгі теориялық тҥсініктерді қалыптастыру;
Химиялық қҧбылыстарды нақты кӛрнекілікпен кӛрсету;
Оқушылардың зияткерлік дамуына, олардың сын тҧрғысынан ойлауын дамытуға ықпал
ету.
Курс міндеттері:
Оқушыларды экспериментті жоспарлаға ҥйрету;
Индукциялық
және
дедукциялық
қорытындыларды
тҧжырымдау
біліктерін
қалыптастыру, эксперимент тапсырмаларының мазмҧнын және алынған нәтижелерді талқылау;
Ӛзіндік бақылау және ӛзара бақылауды ҥйрету;
Оқушының шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту;
Оқушыны жоғары сыныпта ӛздігінен мамандық таңдауға дайындау.
«Химия ӛмірімізде» атты элективті курс тҧлғалық-бағытталған оқыту, мәселелік оқыту,
топтық оқыту, ойындық және компьютерлік оқыту сияқты заманауи педагогикалық
технологиялардың қолданылуымен іске асырылды:
Бағдарламада демонстрациялық тәжірибелер, сарамандық және зертханалық жҧмыстар
бар.
«Азық-тҥліктерде дәрумендерді анықтау» сарамандық жҧмыстың қысқаша жоспары
Мақсаты: тағамдарда А, С,
D дәрумендердің бар екенін практика жүзінде дәлелдеу
Реактивтер мен құрал-жабдық: сҧйық кҥнбағыс майы, FeClз
ерітіндісі, йод,
жҧмыртқаның сарысы, бром ерітіндісі, балық майы, алма шырыны,
пипеткалар, сынауықтар.
Жұмыс барысы:
1 тапсырма. Сұйық күнбағыс майда А дәруменін анықтау.
Қҧрғақ сынауыққа 1 мл май қҧямыз, оған FeClз ерітіндісінің 2-3 тамшысын тамызамыз. А
дәрумені бар болса, жасыл тҥс пайда болады.
2 тапсырма. Алма шырынында
С дәруменін анықтау.
Сынауыққа 2мл шырын қҧямыз, оған 10 мл су қосамыз. Ақырындап крахмал клейстерін
қосамыз (1 г крахмалдың бір стақан қайнаған судағы ерітіндісі). Сосын тамшылатып 5 %-дық
йод ерітіндісін кӛк тҥс тҧрақталғанша қосамыз. Анықтау техникасы аскорбин қышқылының
йодпен жеңіл тотығатынына негізделген. Йод тҥгел аскорбин қышқылын тотықтырғаннан кейін
қалғаны крахмалмен әрекеттесіп ерітіндіні кӛк тҥске бояйды.
3 тапсырма. Балық майы мен жұмыртқаның сарысында D дәруменін анықтау.
Сынауыққа 1 мл балық майына 1 мл бром ерітіндісін қосамыз. D дәрумені болған жағдайда
жасыл-кӛгілдір тҥске боялады.
Аталған бағдарлама оқушыларда химия пәніне қызығушылықты дамытуға бағытталған. Ал
химияға бейімділігі байқалмайтын оқушылар ҥшін осындай сабақтар арқылы пәнді меңгеруге
ынталандырады.
«Химия ӛмірімізде» элективті курсының тақырыптық жоспары тӛмендегі кестеде
келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: