Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет374/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін сӛздер: салт-дәстүр, әдет-ғұрып, қазақ би ӛнері, хореография, фольклор, рухани мәдениет 
 
Қазақ  халық  биінің  теориялық  пайымының  мәселесі,  оның  халық  салт-дәстҥрлерімен 
органикалық ҥндесуі тарапынан қаралады.  
Зерттеушілер  халық  билері  деп  нақты  бір  ҧлттың  биін  атайды.  Аталған  феноменнің 
интерпретациясы  «ҧлт»  және  «халық»  тҥсініктерінің  мазмҧнынын  арасында  тепе-теңдік 
белгісін қойылмайды немесе соңғысы әртҥрлі тарихи кезеңдерде ӛзгеріп отырады деп санайды. 
Автордың  пікірі  бойынша  этностың  ертедегі  ӛркендеу  кезеңдерінде  қалыптасқан  және  сол 
халықтың  биі  дәстҥрінде  тҥрлі  нҧсқалық  негіздерді  қҧрайтын  халық  биі  этнопластикалық 
қалыптарда  негізделген.  Би  мәдени  кӛрініс  ретінде  ӛзіндік  мәтінге  ие.  Ол  ӛзінің  ерекше 
ырғақты тілінің кӛмегімен сол этностың нақты бір мәдени-тарихи кезеңінің ерекшеліктері мен 
тҥрлері ретінде кӛрініс береді. 
Қазақ халқының би ӛнері салт-дәстҥрлермен, музыкалық фольклормен, ӛткізілген ойын-
сайыстармен,  отау  қҧру  әдет-ғҧрыптарымен  және  т.б.  тікелей  байланысты.  А.К.  Кулбекова: 
«Ертедегі  билердің  кӛптеген  канондық  тҥрлері  бізге  жетпегенімен,  халықтың  есінде  олардың 
мазмҧндық  тақырыбы,  кӛптеген  ҧрпақтардың  дәстҥрлік  қызығушылығы,  би  ырғағының 
майталмандары  қалып  қойды,  немесе  ӛнердің  осы  тҥрі  қазақтарда  қозғалыстар  мен 
қимылдардың  нақты  бір  жҥйесімен  шектелмеген.  Фольклорды,  материалдық  мәдениеттің 
ескерткіштерін, жазба қҧндылықтарымызды, қазақ тілінің лексиконын оқу мынадай негіздеуге 
алып  келеді  -  шамандық,  ойын-сайыстық  билер  қазақ  қоғамының  рухани  мәдениетін  байыта 
отырып, ежелгі уақыттан қазіргі кҥндерге дейінгі даму ҥрдісін береді» - деп жазды [1; 45]. 
Халық  дәстҥрлері  туралы  айтар  болсақ:  кҥрделі,  заңды  әлеуметтік  кӛрініс  болып 
табылатын  дәстҥрлердің  ӛміршеңдік  мәселесін  анықтау  және  олардың  қоғам  ӛмірінің  барлық 
жағына  әсері  отандық  және  шетелдік  танымал  ғалымдардың  зерттеулерінде  кӛрініс  тапқан. 
Олардың  әрқайсысы  халық  шығармашылығындағы  дәстҥрлердің  пайдаланылу  мәселесінің 
теориясы мен практикасына ӛздерінің ҥлесін қосты. 
М.С. Магауов жҥргізген зерттеулердің талдауы кӛрсетіп отырғанындай, «дәстҥр» тҥсінігі 
кӛпқырлы. Зерттеушілер философиялық әдебиеттегі дәстҥрлердің болуын анықтау мәселесінің 
ҥш негізгі жолын анықтады. Бірінші жолдың ӛкілдері (Э.А. Баллер, Э.С. Маркарян, В.Д. Плахов 
және  т.б.)  дәстҥрді  әлеуметтік  заңдармен,  топтық  стереотиптермен,  әлеуметтік-мәдени 
сабақтастықпен  байланыстырады.  Екінші  жолдың  ӛкілдері  (С.А.  Арутюнов,  Ю.Б.  Бромплей, 
И.В.  Суханов  және  т.б.)  «дәстҥр»  тҥсінігінің  кӛлемін  қоғамдық  санамен  шектейді.  Ҥшінші 
жолдың  ӛкілдерінің  (Л.П.  Буева,  В.Б.  Власова,  В.А.  Кочетов  және  т.б.)  ойы  бойынша  дәстҥр 
әлеуметтенудің  және  кҥнделікті  ӛмірдің  тәжірибесінің  шығармашылық  факторының  қҧралы, 
заттық әлемнің адами қатынастарының және іс-әрекетінің кӛрінісі болып табылады.  
Н.С.  Сарсенбаевтың,  В.Б.  Власованың,  Ж.К.  Хайрушинаның  жҧмыстары  халық  салт-
дәстҥрлерін  зерттеу  мәселесіне,  олардың  заманауи  мәдениеттегі  орыны  мен  рӛліне,  мҧралық 
қҧндылықтардың 
ӛзара 
әрекеті 
мен 
рухани 
инновацияларға, 
дәстҥрлер 
мен 
жаңашылдықтардың, шығармашылықтың байланысына арналған. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
294 
 
Н.С.  Сарсенбаев  «дәстҥр»  мен  «әдет-ғҧрып»  тҥсінігіне  салыстыру  жасайды.  Ғалымның 
анықтауы бойынша әдет-ғҧрыптар – «...қоғамдық пікір кҥшімен қорғалып, ҧрпақтан ҧрпаққа 
берілетін  адамдардың қоғамдық  мінез-қҧлқының, ӛмірі  мен  тҧрмысының  тарихи  қалыптасқан 
аз  немесе  кӛп  тҧрақты  нормалары.  Салт-дәстҥрлер  -  бҧл  тарихи  тҧрақты  қалыптасқан  және 
қоғамдық  пікір  кҥшімен  қорғалып,  ҧрпақтан  ҧрпаққа  берілетін  адамдардың  қоғамдық  қарым-
қатынасының барынша қамтылған нормалары мен ҧстанымдары» [2; 15].  
Халықтық  әдет-ғҧрыптар  мен  салт-дәстҥрлер  адамдардың  ӛндірістік  әрекеті  ҥрдісіндегі 
тҧтынушылығынан  туындайды.  Адамдардың  қоғамдық  мінез-қҧлқындағы  тҧрақты  нормалар 
мен  ҧстанымдарды  бекіте  отырып,  олар  ҥлкен  танымдық  маңызға  ие.  Дәстҥрлер  мен  әдет-
ғҧрыптарда  сол  халықтың  ҧлттық  бейнесі:  тҧрмысы,  халықтың  мәдениеті,  балаларды  және 
жастарды  тәрбиелеудегі  жалпы  танылған  қабылдауы,  қҧралы  мен  әдісі  кӛрініс  табады  (Н.С. 
Сарсенбаев, С.А.Ҥзақбаева, К.Ж. Қожахметова). 
Осылайша,  талдаулар  «дәстҥр»  тҥсінігі,  «әдет-ғҧрып»  тҥсінігне  қарағанда  барынша 
ауқымды  екенін  кӛрсетеді.  Ғалымдар  «дәстҥр»  тҥсінігін  тҥрлі  мағынада  қарастырады:  1) 
тҧлғаның  әлеуметтену  қҧралы;  2)  әлеуметтік-педагогикалық  ортаның  бӛлімі;  4)  тҧлғаның 
қалыптасу факторы; 4) қалыптасқан ӛзара қарым-қатынастарды жҥзеге асыру тәсілдерін жаңа 
ҧрпаққа беру формалары. 
Біздің зерттеуіміздің бағытын соңғы анықтау нақтылай тҥседі. Осы туралы бізге ғасырлар 
қойнауынан  жеткен  дәстҥрлі  қазақ  халық  билері  растайды.  Олардың  мазмҧнында  дала 
халқының ӛмір сҥру нақышы кӛрініс тапқан. 
Қазақтардың  дәстҥрлі  халық  билері  мазмҧндық  бағыты,  сипаты  және  орындалу  мәнері 
бойынша мынадай топтарға бӛлінеді: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   370   371   372   373   374   375   376   377   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет