Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет376/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
296 
 
Би  халықтың  рухани  мәдениетінмен  бірге  дамыды.  Адамзат  ертеден  ӛз  ойын,  сезімін, 
кӛңіл  кҥйін,  тілегін  ым,  қимыл  арқылы  білдірген.  Этностың  дәстҥрлі  ӛнері  оның  тарихынсыз 
қабылданбайтыны  белгілі.  Қазақ  би  синкреттік  ӛнер  тҥрі  ретінде  ӛзінің  дамуында  кҥрделі  де 
ҧзақ  жолдан  ӛтті.  Таста  қашалған  қарапайым  қимылдан  бастап,  кҥрделі  билерге  дейінгі 
кезеңінде  әр  тҥрлі  пікірлер  туғызды.  Оған  себеп  болған  бірден-бір  жағдай  осы  би  ӛнерінің 
уақытылы зерттелмей қалуы.  
Қазақ  халқының  би  ӛнері  ерте  заманда  болғаны  жӛнінде  кӛптеген  тарихшылар, 
этнографтар,  авторлар  жазып  қалдырған.  Бҧл  мәселеге  ХІХ  ғасырдағы  орыс  жиһангерлері, 
Қазақстан  зерттеушілері  Л.П.  Сарынова,  Д.Т.  Әбіров,  Ӛ.Ж.  Жәнібеков,  О.В.  Всеволодская-
Голушкевич,  А.А.  Жолтаева,  Т.О.  Ізім,  А.К.  Кульбекова,  А.Б.  Шанкибаева  т.б.  еңбектерін 
арнады.  
Әр тҥрлі тарихи кезеңдерді басынан ӛткерген қазақ халқының мәдени қалыптасуында би 
ӛнері олардың ӛмір сҥрген ортасына, тҧрмысына (мал бағу, жер ӛңдеу, аңшылық) байланысты 
дамыды. Кӛшпенділер кҥнге, жерге, отқа, суға табынып, барлығының иесі «Тәңірі» деп білді. 
Міне осыған орай ежелгі билердің қимыл әрекеті кҥнді дәріптеді. Бҥгінгі кҥні Шолақтауының 
маңынан,  Тамғалы  және  Саймалы-Тас  шатқалдарында  табылған  тасқа  қашалған  суреттер 
осының дәлелі.  
Қазақ биінің ырғақтық негізін еңбек қҧрады. Биде эмоциялық жағдайдан басқа ырғақ пен 
қимыл арқылы орбаз жасауда кӛркемдік негіз бар. Қазақ биінде эмоциялық жағдайы адамның 
психологиялық кӛңіл кҥйін кҥшейтіп, кӛркем образдар жасауға мҥмкіндік туғызды.  
Белгілі ғалым Л.С. Выготский: «Ӛнер тек қана сезім бар жерде ғана тумайды, сезімді беру 
ҥшін шығармашылық ой қажет, оны іске асыру қажет сонда ғана ӛнер туындайды» - деп жазды 
[1; 13]. 
Ж.Ж.Новерр:  «Адамның  қиялы  шығарманы  қалыптастырғанда  ӛзінің  ӛмір  салтымен, 
бҥгінгі  кҥн  шындығымен  байланыстыра  отырып,  «әсемдік»  заңдылығына  сҥйенері  белгілі. 
Дегенмен,  кҥрделі  шығармашылық  (психофизикалық  процесте)  арқылы  би  образын  жасауда 
қиял негізгі кҥш болып қалды» - деп тҧжырымдайды [4; 31].  
Би  ӛнерін  ӛміріне  серік  еткен  жандардың  ойынша,  би  адамның  поэтикалық  тҥр  алған 
эмоциялық жағдайын кӛрсетуі. Міне, осы жағдай ежелгі заманнан бастау ала отырып, дәстҥрлі 
және кәсіби би ӛнерін, поэзияны, аспаптық музыканы туғызды.  
Бейнелеу  ӛнері  адамның  қоғамдағы  қарым-қатынасын  білдіретін  формалардың  бірі 
болды.  Адам  ӛз  шығармашылығы  арқылы  тек  ӛзін  ғана  кӛрсетіп  қойған  жоқ,  ӛзінің 
эмоционалды-пластикалық  мҥмкіншілігі  арқылы  ӛзін  қоршаған  ортада  болып  жатқан 
дҥниелерді поэтикалық образдар арқылы кӛрсете алды.  
Синкреттік  әсерлі-драмалық  би  сӛзбен  қарым-қатынас  жасау  формасының  бірі  ретінде 
дәлірек айтсақ ( тек қана ырғақпен ғана емес ӛлеңнің сӛзімен де ҥйлесімділікте болады) ӛмір 
суреттерін  кӛрсетуде  ым,  әсерлі  бейнелеу  қозғалыстарының  да  қарым-қатынас  жасауда 
ақпараттық негіз бар.  
О.В. Всеволодская-Голушкевич қазақ биінің қалыптасып, даму процесін ғылыми тҧрғыда 
қарастырды.  Ол  «Би  ӛнері  арқылы  адам  баласының  ӛміріндегі  барлық  әсемдікті,  асқақтықты, 
трагедиялық кӛңіл кҥйін, кҥлкілі жағдайын кӛрсете алады. Бҧл жағдайлар қазақ биінің тарихи 
қалыптасып даму  кезеңдерінің кӛпқырлылығын  тҥсінуде  айырықша  маңызды. Тарихи  мәдени 
қҧндылықтарды  игеру  ҥшін  біздің  замандастарымыздың  рухани  қажеттілігін  оятуда  және 
кәсіби борышын орындауда» - деген болатын [3; 78]. 
Би  шығармашылығының  қалыптасу  феномены  тарихи  кезеңнің  адам  баласының  ойы 
арқылы  образға  айналуы  болды.  Адамның  ішкі  дҥние  танымы  ӛзінің  ӛмір  сҥріп  жатқан 
қоршаған  ортасын  образды  тҥрде  қабылдады.  Бҧл  қоғамның  ерте  кезеңде  қалыптасуында  би 
шығармашылығына ҥлкен эмоциялық кҥш берді.  
 Кӛптеген  қағида  тҥріндегі  ежелгі  билер  кӛп  тарихи  себептердің  әсерінен  қазіргі  кҥнге 
жетпеген.  
 Бірақ  ертедегі  билердің  сюжеттік  тақырыптары  мен  мазмҧндары  сақталып,  ҧрпақтан 
ҧрпаққа  беріліп  отырған  дәстҥрлі  қимылдары  халық  жадында  қалып  қойған.  Қазақ  халқы  би 
ҥйлесімділігінің  идеалары  мен  дәстҥрлерін  ӛз  рухани  қҧндылықтарының  қатарына  қосып, 
ғасырлар бойымен алып ӛтті.  
 «Қазақ  халқының  би  ӛнері  кӛп  ғасыр  бойы  «екінші  кезекте»  дамыды.  Бҧл  кӛшпенді 
тҧрмысқа  байланысты  болды,  онда  қоғам  ӛмірінде  толық  әрі  сан  салалы  дамуға  халық  ауыз 
әдебиеті де ие болды. Ән мен сӛз кӛшпенділердің бҥкіл ӛмірін қамтиды, кейін қоғам санасына 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
297 
 
сіңіп  кететін,  жеке  толғақты  мәселелердің  бәрін  ӛз  бойына  жинақтады.  Осы  функциясымен 
музыка  қазақ  қоғамының  рухани  дамуының  ӛзегі  болды.  Бҧндай  арасалмақта,  әрине,  би  тек 
ерекше, қуанышты оқиғалармен байланысты жағдайларда ғана кӛрініс тапты» [5,18]. 
Кӛп  адам қатысатын би актілерінде де  оны  аздаған  адамдар ғана  тамашалай  алатын,  ал 
музыка мен сӛз кӛпшіліктен қолдау тауып, бҥкіл далаға тарап жататын. «Қазақстанның әр тҥрлі 
аймақтарында  қоғамдық  жәрмеңкелер,  ал  кейін  театрлық  кӛріністер  қойылатын  орындар 
ҧйымдастырылғанда,  би  ӛнерінің  кӛпшілікке  танылу  беталысы  қоғам  ӛмірінің  басқа  сапалық 
деңгейге  ауысуымен  шҧғыл  ӛзгере  бастады.  Ӛздерінің  би  шеберлігін  қалың  жҧрт  алдында 
кӛрсету  әр  тҥрлі  шеберлердің  би  ҥйлесімділігінің  дамуымен  ӛзара  баюына  әсерін  тигізді. 
Сонымен қатар, Қазақстанның әр аймағынан келген орындаушылардың би шеберліктері, кейде 
бір-бірінің  шығармашылықтарымен  таныс  болмаса  да,  бірдей  бейнелілікпен  сарынға 
бағындырылатын.  Бҧл  жерде  халық  би  ӛнерінде  ӛзіндік  із  қалдырған  қазақтардың  ақындық-
музыкалық  ӛнерін  атап  айту  керек»  [6,18].  «Қоштасу»,  «Жар-жар»  т.б  тҧрмыс-салттық 
билермен қатар қазақ қыздарының ибалылығын, сҧлулығын, бейнелейтін «Шолпы» биі.    
Білектей арқасында ӛрген бҧрым, 
Шолпысы сылдыр қағып, жҥрсе ақырын. 
Кәмшат бӛрік, ақ тамақ, қара қасты
Сҧлу қыздың кӛріп пе ең мҧндай тҥрін?-  
деп  ҧлы  ақын  Абай  жырларына  арқау  болса,  би  ӛнерінде  де  З.Райбаевтың 
шығармашылығымен  қазақ  қыздарының  ҥлкен  бір  тәрбие  мектебі  бҧрым  мен  шолпы  әсем 
қимылдармен  «Шолпы»  биінде  де  суреттеледі.  Әр  нәрсеге  мән  бере  қараған  ойлы  халқымыз 
сҧлудың кӛркі шаш, шаштың кӛркі шаштеңге деп есептеген. Ҧлт мәдениетінде әр бойжеткенді 
шашы мен бойына қарап бағалаған. Ҧзындығы тілерсек соғатын, алтын, кҥміс, шолпы тағылған 
сҧлу бҧрым бойжеткен кӛркін одан әрі арттыра тҥседі. Иесі қозғалғанда, олар әсем дыбыстар 
шығарып, сҧлу қыз, кермаралдай керілген кербез келіншектердің әсем жҥрісіне ҥн қосып, ару 
сыны мен сымбатын одан әрі ажарлай тҥседі. Мҧндай сҧлуды қазақтар: «Сыңғырлай кҥлкісіне 
шылдырлаған шолпысы ҥн қосады» - деп ардақтаған.  
«Би  шығармашылығындағы  ҧлттық  ойындар  тақырыбы  бҧл  билердің  қай  ҧлттікі 
екендігіне  айғақ  болады.  Ойын  тақырыптары  зерттеліп  отырған  ҧлыстың  еңбек  және  рухани 
әрекеттері мен тҧрмысының кӛп жақтарын қамтиды. Бҧған оның кӛпшілігінің кӛшпенді ортада 
пайда  болып,  «ӛзінің  тақырыбымен,  ҧсақ-тҥйегімен,  ӛткізілу  уақыты  және  орнымен,  ӛзінің 
барлық  қҧрылымымен  кӛшпелі  малшылардың  дҥниетаным  ерекшелігін  және  материалдық 
мәдениетін  бейнелеуі  әсер  етті»  [7;  25].  Уақыттың,  қоғам  ӛмірінің  ӛзгеруімен  тікелей 
байланысты  ойынның  тҥрі  мен  мазмҧны  да  ӛзгерді.  Ойын-сауықтар  кӛркем-эстетикалық 
қызметімен  бірге  мынадай  міндетті  және  қоғамдық  қызметтерді  қоса  атқарды:  тәрбиелік, 
әскери  –спорттық,  рәсімдік,  қарым-қатынастық  және  т.б.  Әсіресе,  ойындар  бірнеше  жақын 
ауылдардың  тҧрғындары  жиналатын  мерекелер  кезінде  жиі  ӛткізіледі.  Әртҥрлі  ру  ӛкілдері 
арасында ең жақсы әнге, кҥйге, ең кҥшті палуанға, жігітке, ең ҥздік бишіге сайыстар ӛткізілді. 
Кӛңіл  кӛтеру  биін  орындаушылар  тікелей  би  ҥстінде  кез  келген  сюжетке,  кез  кеген  әуенге 
лайықты  қолма-қол  ойлап  шығарып  отырды.  Қолма-қол  шығарылатын  билердің  сюжеттері 
әртҥрлі болды. Қоршаған орта мен тҧрмыстағы әр тҥрлі жағдайларды бақылау оларға тақырып 
тауып  беріп  отырды.  Тҧрмыстық  сюжетке  қҧрылған  билер  кӛбінесе  комедиялық  сипатқа  ие 
болды:  пантомималық билерде  ашқарақтар,  жалқаулар  мен  ӛзге  адам  бойындағы  – жағымсыз 
қылықтар кҥлкіге айналдырылды. «Қыз қуу», «Алтыбақан», «Ақсҥйек», т.б. ойындары қыздар 
мен  бозбалалардың  ӛзара  таныстығына,  бір-бірін  тҥсінуі  мен  достықтарына  әсер  етті.  Ӛзінің 
ҧлттық  ерекшелігін  сақтай  отырып,  тарих  ҥшін  ӛте  қысқа  мерзімде  қазақ  би  ӛнері  оның 
жанрының алуан тҥрлілігіне, кәсіби би тілінің қалыптасуына, бидің композициялық шешіміне 
әсер еткен, әлемдік хореография жетістіктерін ӛз бойына сіңіре алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   372   373   374   375   376   377   378   379   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет